1822 ЖЫЛҒЫ ОРТА ЖҮЗДЕГІ РЕФОРМАНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

Бексеитова А. Т., Даирова М.К.
Кҿкшетау қ., Ш. Уҽлиханов атындағы Кҿкшетау мемлекеттік университеті
manshuk_010@mail.ru

ХІХ ғасырдың бірінші ширегінің аяғында Орта жүзде де, Кіші жүзде де хан билігін жою үшін қолайлы жағдайлар жасалды.

Негізінен Найман ірі ру бірлестігінің иеліктеріне ҿзінің билігін таратқан Бҿкей хан 1817 жылы қайтыс болды, ал Орта жүздің екінші ханы Уҽли екі жылдан кейін қайтты. Осы уақытқа дейін дала билігі мен хандарды бекіту құқығын ҿз қолдарына алған патша үкіметі ертеден кҿздеген мақсаттарын жүзеге асыруға бел буды. Олар жергілікті ақсүйектердің қайтыс болған хандардың орнына жаңа хандарды сайлау туралы бірқатар ұсыныстарын кері қайтарды. Абылай хан ұрпақтары арасында олардың ұсынытарына қарсылық танытпаған Қытай мемлекетіне қарай бетбұрыс жасала бастады.
Хан билігін жою туралы мҽселе қатаң түрде шешілген сияқты. Бірақ, шекаралық органдарда, Сібір генерал-губернаторлығында, Жеке сібір корпусы қолбасшысының кеңсесінде болашақ жүйеге жҽне Орта жүзде жергілікті билікті ұйымдастыру формаларына қатысты бірыңғай пікір қалыптасқан жоқ. Сібір ведомствосы осы мҽселені ойластырып, шешкенше, ақсүйектердің бастамасы бойынша қайтыс болған хандардың орнына жаңа басшылар тағайындалды, ал олардың біреуі хан атағын алып жҽне Қытай үкіметі тарапынан мойындалған болатын. Бірақ, бұл ерте қалыптасқан жағдайды ҿзгерткен жоқ. Ресейден саяси тҽуелділік сақталды.

Осылайша, Қазақстанды отаршылдық бағындыру жоспарлары іске асатын басқару реформасы туралы, нақты формалары туралы мҽселелержоғары билік басындағылар үшін маңызды мҽселелердің бірі болды. Бұл жұмыс 1822 жылы ірі орыс заңгері жҽне мемлекеттік қайраткері М.М. Сперанскийге жүктелді.

Аз зерттелген аудандарды неғұрлым толық зерттеу жҽне жинақтап кҿрсету үшін М.М.Сперанский «Сібір жерлерін мҽлім етуді» ұсынды [1:12].Бұл жазбаны жасауға болашақ декабрист Г.С.Батеньков белсене қатысты. Сонымен бірге ол Сібірді басқару туралы заң жобаларына бірқатар қосымша, түсіндірмелік бҿлімдер: құрғақтағы жол қатынастары, этаптар құру, жер аударылған «бұратаналар», «Орта Орда даласына» орыс билігін тарату бҿлімдерін ҽзірледі.Бұл жаңалықтар сақталып қалған жергілікті басқару жүйесін жоққа шығарып, шексіз-шетсіз дала құрылысын ресейлік губерниялық басқаруға біршама жақындатуға тиіс болды.

1822 жылғы 22 маусымда патша «Сібір губернияларына арналған мекемелер», «Бұратаналарды» басқару туралы жарғы», «Қырғыз-қайсақтарды» басқару туралы жарғы, этаптар туралы жарғы, Жер міндеткерлігі туралы ережелер, астық қорлары, шаруалар мен «бұратаналар арасындағы борышкерлік міндеттемелер туралы ереежелер үшін негіз болған 10 заңды бекітті [2:299].

«Сібір қырғыздары туралы Жарғы» кіріспеден, он тараудан жҽне 319 баптан тұрды. Құжаттын мақсат-мұраты кіріспесінде-ақ айқындала бастады. Онда «Сібір қазақтары кҿшпенді бұратаналар тобына жатады, жҽне олармен тең құқылы» — делінген. Ҽрі қарай, «Сібір бұратаналары туралы Жарғының мына баптарына ортақ деп жазылды:

1) Кҿшпенді бұратаналардың құқығы туралы (І бҿлім, 5 тарау) (Мұндағы қырдағы басқарудың міндеті мен мазмұны шығарылып тасталды);

2) Қадірменді бұратаналар туралы (І бҿлім, 7 тарау);

3) Заңдар мен ҽдет-ғұрыптары туралы (І бҿлім, 7 тарау);

4) Бұратаналарды басқару туралы міндеттің жалпы негіздері (ІІІ бҿлім,
І тарау) [3].

1822 жылғы кейбір ҿзгерістері бар «Жарғы» 60-шы жылдардың ортасына дейін ҽрекет етті. Оның маңызы отаршылдық саясатты жүргізуде жҽне қазақ қоғамына ҽсер етуінде орасан зор болды.1822 жылғы «Жарғының» мазмұнын, ол қабылданған тарихи жағдайлардың сипаттамаларынсыз жҽне оны құрастырған кезде автордың саяси кҿзқарасынсыз ашу мүмкін емес.

ХІХ ғасырдың басы Ресей үшін патша тҽртібіне қатысты демократиялық қарсы ҽрекеттің ҽрі қарай ҿсуімен есте қалды. Жыл сайын феодалдық-басыбайлы қысымға қарсы шыққан шаруалардың белсенділігі артып отырып, наразылық толқыны ҿнеркҽсіптік кҽсіпорындарды қамтыды.

Батыс елдерінде бұрыннан жойылған, бірақ Ресейде ҽлі де сақталған крепостнойлық құқық ішкі саясаттың ҿзекті мҽселесі болды. Француз ағартушыларының жҽне Ұлы француз буржуазиялық революцияның идеялары ҿз жауаптарын тауып, Ресейде таралды. Жаңа дворяндық пен буржуазияның арасында революциялық кҿтеріліске дайын радикал топтар қалыптасты.

І Александр ҽсіресе еңбекшілер бұқарасы ішінде ҿсіп келе жатқан қарсыластарды бағыттан адастыру үшін бірқатар либералды ҽрекеттер жасауға мҽжбүр болды, осылайша самодержавиелік құрылысты нығайтуды кҿздеді.

Осындай саяси кеңістікте Сібір генерал-губернаторы, «Сібір қырғыздары туралы Жарғының» авторы жҽне Ресей империясы заңдарының ірі кодификаторы М.М. Сперанскийдің идеялары мен кҿзқарастары қалыптасты

[4:159].

М.М. Сперанский алдымен патшаға жақын жүрген адамдардың жҽне ірі мемлекеттік шенеуніктердің бірі болды. Замандастар мен зерттеушілердің пікірлері бойынша, ол шенеуніктердің арасында мемлекеттік қайраткер ретіндегі дарынымен, зор еңбекке қабілеттілігімен ғана емес, терең білімімен де кҿзге түсті.

Ол 1812 жылы патшаға автордың үдемелі буржуазиялық кҿзқарастарын кҿрсететін мемлекеттік түбегейлі ҿзгерістің жобасын ұсынды. Ол билік жүйесі мен басқару жҽне уақыт талабы арасындағы зор алшақтыққа меңзеді. «Патшалықтың ҿз ұлылық жҽне ҽлсіреу дҽуірі бар. Ҽр дҽуірде басқару бейнесі мемлекет тұрған азаматтық құрылым деңгейіне сҽйкес келуі тиіс. Ҽр кезде, басқару бейнесі сол дҽрежеден қалып немесе артық кетсе, ол зор немесе аз күйзеліске ұшырайды… Уақыт рухына сҽйкес келмейтін ешқандай үкімет оның зор ҽсеріне қарсы тұра алмайды»[5:15-16].

М. Сперанскийдің дүниеге кҿзқарасы XVIII ғ. ағартушылық философия мен табиғи құқық мектебі идеяларының ҽсерін кҿрсетті[6:9]. Ол заңдар сҽйкес келетін қоғамдық рух туралы, осы сҽйкестіктен шығатын міндеттер алдындағы «державалық билік» міндеттері туралы айтты. М. Сперанский бойынша ойластырылған жҽне жақсы заңдар, қоғамда тҽртіп пен ҽділдік орнатуға кҿмектесті. «Егер держава басқарушылары қоғамдық рухтың қозғалысын нақтырақ байқағанда, қаншама апаттардың алдын алып, қаншама қан тҿгілмес еді», — деп мемлекеттік ҿзгеріс жоспарында жазды[7:10].

М. Сперанскийдің жоспары патша мен оның саясатына ҽсер ететін кертартпа топтың зҽресін ұшырды. Ол Нижний Новгородқа жер аударылды. М. Сперанскийдің кейінгі қызметі оның Ресейдің мемлекеттік құрылымның маңызды реформаларына ұмтылуы жеңіліс тапқанын кҿрсетеді. Ол шешуші ҽрекеттерден бас тартса да, мемлекеттің саяси құрылымына серпіліс, ілгерілету кҿзқарасын сақтаған қайраткер болып қалды.

1816 жылы Сперанскийдің қуғындалуы аяқталып, алғашында ол Пенза губернаторы болып, ал 1819 ж. басында – Сібірдің генерал-губернаторы болып тағайындалды. Сол кезде Сібір үш губерниядан тұрды: Тобыл, Томск жҽне

Иркутск. Барлығы бір генерал-губернатордың билігінде болды. Замандастардың пікірлері бойынша, ХІХ ғ. басында сол ретке келтірілмеген кең ҿлке маңызды ҿзгерістерді талап етті. Шет аймақ жағдайларын қозғаған барлық авторлар, сол жерлердегі бұзақылықтар туралы жазды. Революцияға дейінгі авторлардың бірі Сібірде «халық ҽділсіздік пен алым-салықтан еңіренді», — деп жазды[8:170]. Енді біреуі «ҽкімшілік зорлықшыларға толы бақытсыздыққа ұшыраған ҿлке», — деп жазды. Азаптайтын парақорлық туралы келесі фактілер айтылады. Бір губерниядағы бастықтың ҽйелі, Трескина, буряттарға бір тонды қайта-қайта 10000 руб.ассигнациямен сатқан, яғни оны сатқан жҽне пара ретінде оны қайтарып алған. Исправник Лоскутов «аяз күндері жалаңаш адамдарға су құйып, олардан мүсін жасаған»[9:58]. Сібір тұрғындары ғана емес, орыс шаруалары да қатты қысым кҿрген. Соңғылары шенеуніктердің бұзақылықтарына ҿздерінің арыздарымен жоғары үкімет топтары мен патшаның назарын аударды.

Сібірдегі бассыздыққа 1805 жылы генерал-губернатор лауазымына тағайындалған П.Б. Пестель ҿзінің «сібірлік кеңсесімен» Петербургта болып, сол жақтан ҿлкені басқаруды «жүзеге асырғаны» себеп болды. Сібір генерал-губернаторының ордасынан сол кездегі байланыс пен хабарлама құралдары кезінде 10 мың шақырым алшақ болғанын ескерсек, бұл басшылықтың сипаты түсінікті болады. Генерал-губернатор Сібірде дұрыс болмағандықтан, ҽскери жҽне азаматтық шенеуніктерге кҿрсетілген бассыздықтың күшеюіне себеп болды.

Осы жағдайда М. Сперанскийдің тағайындалды. Ол Сібірге қарапайым губернатор ретінде емес, тҽртіп орнату үшін зор ҿкілеттігі бар ревизор ретінде барды. Патшаның ҿзі М. Сперанскийге жаңа лауазымды тағайындау туралы жазған хатында: «Кейбір уақыттан бері маған Сібір ҿлкесін басқаруға қатысты жағымсыз хабар жетуде, сондықтан сізді генерал-губернатор ретінде тағайындап, Сібір губернияларын қарап шығуды тапсырамын», — деп жазды. Кейін: «Сол жерде алшақ ҿлкені басқаруды ойластырып, қағазға жазып, тапсырма аяқталғаннан кейін, ҿзіңізден ҿлкенің маңызды жағдайын есту үшін жҽне келешекке оның ауқаттылығын орнату үшін нҽтижесін маған Петербургқа алып келіңіз» [10:175-176].

М. Сперанский Сібірде болған аз уақыт аралығында (шамамен екі жыл) ҿлкенің жағдайын жақсарту бойынша үлкен жұмыс атқарды. Ол орасан еңбекке қабілеттілік кҿрсетті, жергілікті жағдайлармен танысу үшін жүріп-тұрды. М. Сперанскийді тағайындаумен Сібірдің жаңа тарихы ашылды жҽне Сібірді басқару «оның ҿміріндегі жаңа бір бетті құрастырады» деп санайтын буржуазиялық тарихшылардың сипаттамаларында ақиқат бар, ҿйткені ҽкімшілік қиянат етушілік ҽдеттегі іс болғанда, ол осы жамандықты белсенді түрде азайтуды қолына алды. Ҽрине, ертеден келе жатқан құрылыммен пайда болған зарарды құрта алмады, бірақ соның ең қауіпті нҽтижелеріне шектеу қоюды ҿзінің міндеті деп санады.

М. Сперанскийдің үкімет қолдайтын қызметі үшін, Сібірде екі бағытты ҽрекет ету маңызды болды: 1) бұл ҿлкеде кеңінен таралған жҽне мемлекет мүддесі үшін қауіпті болған ҽкімшілік бұзақылықтарды жою; 2) осы ҿлкеде тұратын халықтарды империя саясатына белсенді түрде қатыстыру мақсатында басқарманы қайта құру. М. Сперанский екі бағытта да зор табыстарға жетті. Ҿзі жҽне оның ұсынысы бойынша бұрыңғы шенеуніктердің кҿбін сотқа беріп, қызметтерінен босатты. Ол 3000 баптан тұратын, он ауқымды заң ережелерін құрды. Осы заңдардың ішінде «Сібір қырғыздар туралы Жарғы» да болды.

«Жарғыны» құрастырғанда М. Сперанский жҽне оның тобы үшін кҿшпелі буряттардың дҽстүрлері мен тұрмыстарын зерттеу маңызды болды. Ол қоныстарды ҿзі аралап жҽне олар туралы егжей-тегжейлі жазба жүргізген. М. Сперанский бірнеше рет Омбы жҽне Семей қалаларының маңындағы қазақ халқы қоныстанған аудандарды да аралаған. 1819 жылдың ортасында Омбы бекінісін аралап жүргенде, қазақ ауылдары оның құрметіне жасаған тойларға қатысқан. 1820 жылдың аяғында ол Семейде болды, Далалық аудандарды аралап жүргенде, жол бойы генерал-губернатор қазақ ақсүйектерімен кездеспеуі мүмкін емес еді. Орта жүздің қазақ халқына жақын тұрған Омбы облысының ҽскери басшылары мен шенеуніктері қазақтар туралы мҽліметтерді жеткізуде маңызды рҿл атқарды.

Еуропа тҽртібіне үйренген генерал-губернатор қазақтармен бірінші рет кездесуі ауыр ҽсер қалдырды. Ҿзінің күнделігінде жҽне қызына жазған хаттарында қазақтарды «жабайы» деп атады. Ол кейін қазақ қоғамының саяси жҽне экономикалық құрылуында белсене қатысады. М. Сперанскийдің Сібірдің мемлекеттік істеріндегі ерекше ынтасы, оған жүктелген міндеттермен ғана түсіндірілмейді. Ол үкімет пен императордың сенімін ие болып, патша қуғынынан толықтай босағысы келді.

Ҽлбетте, 1822 ж. «Жарғы» үкімет тарапынан қазақтарға «адамгершілік қамқорлық» ретінде сыйланған жоқ. Патша шенеуніктері кҿрсеткісі келгендей, ол Орта жүздің құрылымын қамқорлыққа алу үлгісі де болған жоқ. 1822 ж. Омбы облыстық басшысы «Жарғы» туралы бір қазақ сұлтанына былай деп жазды: «Даладағы жаңа құрылым тҽртібі біздің Ұлы Патшамыздың «адамгершілік қамқорлықтың дҽл ҿзі, ҿзара ұрыстар мен барымтадан жағдайлары нашарлаған қырғыз халқын тыныштандыру, жарастыру тілегі» [11:7-8].

«Жарғы» ҿзінің мақсаты мен мазмұны бойынша Қазақстанның Ресейге қосылуына жҽне оны отарға айналдыруға бағытталған саясатымен байланысты. Бірақ осы мақсаттарды жүзеге асыруға таңдалған ҽдістер мен тҽсілдер тұрғылықты аудандарды отарлаудың ескі дҽстүрлі ҽдістерінен ерекшеленеді.

«Жарғыда» бірінші кезекте Орта жүздің барлық аумағында шекаралық басқарма органдарымен тығыз байланысқан жҽне бағынған кҿшпелі қазақ халқының арасында жергілікті билікті кҿрсететін округтарды ұйымдастыру туралы мҽселе туындады. Айта кететіні, ҽр аймақтық приказдарға ҽскери күштер мен шенеуніктер берілген. Бұл маңызды іс-шараларды жүзеге асыру: а) далаға шептерді тереңдетіп кіргізу; б) ауылдардың бір бҿліктерін Қытай үкіметінің ҽсерінен тартып алу; в) кҿшпелі ұжымдарды нақты бір ҽкімшілік аудан шегінде ұстап қалу; г) билік ҽсерін барлық қазақ руларына тарату; д) Қазақстанның Ресейге қосылуы үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік беретін тұрақты басқару ұйымдастыруға ҽкелді.

Осы ауқымды жҽне күрделі жоспар, бұрын қалыптасқан ескі басқару тҽртіптерді ҿзгерпей-ақ, біртіндеп, дұрыс жҽне зор табыспен жүзеге асырылды. болатын. Оның маңызы М. Сперанскийдің ҿзінің іс басары Капцевичке жазған хатында сипатталған.

Орынборлық губернатор басқаша ҽрекет еткенін атап ҿткен жҿн. Ол Кіші жүзде ескі ішкі тҽртіптерді ҿзгертуді қолдаған. Тҽжірибе кҿрсеткендей, М. Сперанский ұсынған тҽсіл ҽрекетті жҽне ыңғайлы болды. Округтар мен болыстарды ұйымдастыру қазақ қоғамының ҽрі қарай дамуына оң ҽсерін тигізді. Ол ҽкімшілік нақтылықты енгізді, рулық жҽне феодалдық ҿзара тартыстарды жоюға себеп болды, біртіндеп рулық институттардың қалдықтарын ҿзгертті.

Ҽкімшілік сатының жоғары буындарында билік сұлтандардың айрықша құқығы ретінде жарияланды. Округ бұйрықтарында аға сұлтандар, болыстардағы билеушілер тек сұлтандар болуы мүмкін еді. «Жарғыда» осы ережеден ерекшеленетін ешқандай ескертпелер жоқ. Осыған байланысты, «Жарғыны» құрастырушы қазақ қоғамында сұлтандық топтың рҿлін, оны монополиялық билік ететін сословие ретінде тым ҽсіреледі.

«Жарғыда» саясатта біртіндеушілік жҽне сақтық принциптері қатаң ұстанған. Бұл шарт қаржылық мҽселеде де сақталған. Ҽр округ бес жыл ішінде міндетті алым-салықтан – жасақтан босатылған. Онда «жасақты қабылдай отырып, артық сұрыптау жасамай, тек қана ірі қара мал сау болып, ал жылқыларды тұтынуға жарамды болуы тиіс» деп кҿрсетілген. Бұл шаралар халықты реформадан шошытып алмау үшін қажет болған [12:285].

Ҿзінің мазмұны мен мҽселелердің ҽзірленгендігі жағынан, «Сібір қырғыздар туралы Жарғы», «Орынбор қазақтарын басқару туралы Ережеден» ҽлдеқайда кеңірек жҽне толық болды . Ол басқару мен экономикалық саясаттың негізгі мҽселелерін егжей-тегжейлі қарастыруымен ерекшеленді.

Әдебиеттер:

1. Фатеев А. Сперанский – генерал-губернатор Сибири // Записки русского научно-исследотвательского объединения в Праге, Прага.1924, т.12,18-б.

2. Қазақстан тарихы (кҿне заманнан бүгінге дейін).Бес томдық.3-том. – Алматы: «Атамұра»,2002. – 299 б.

3. Учреждение для управления Сибирских губерний Санкт-Петербург, в Сенатской типографии.1822 г.(титул востановлен по Смирдину).

4. Салык Зиманов. Политический строй Казахстана первой половины ХІХ века и Букеевское ханство. – Алматы: Изд-во «Арыс»,2009. – 159 стр.
5. Сперанский М.М. План государственного преобразования.М.,1905,

стр.15,16.

6. Покровский В.С. История русской политической мысли, вып.ІІІ. М., 1952, стр.9.

7. Сперанский М.М. План государственного преобразования.М.,1905,
стр.10.
8. Корф М.А. Жизнь графа Сперанского,т.ІІ. Спб.,1861, стр.170.

9. Фатеев А. М.Сперанский.Биографический очерк.Харьков,1910, стр.58.
10. Приводится по работе: Корф М.А. Жизнь графа Сперанского, т.ІІ.
Спб., 1861, стр.175-176.
11. ЦГИА КазССР, ф.388,т.1,д.402,л.7-8.

12. Вагин В. Исторические сведения о деятельности графа М.М.Сперанского в Сибири,т.І, Спб., 1872, стр. 285.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *