Елеу Р.A, Жаркынбеков Т.Н
Кҿкшетау қ., Ш. Уҽлиханов атындағы Кҿкшетау мемлекеттік университеті
e.rus.a@mail.ru
Геоэкологиялық мҽселелер кешенді сипатта жүреді, сондықтан геология мен географияның, геофизика мен геохимияның ықпалдастығын талап етеді, сҿйтіп геоэкология жан-жақты кешенді ғылым болып табылады. Геоэкологияда функционалды бірлік ретінде ҿсімдік жамылғысы, тірі ағзалар жҽне геологиялқ орта кіретін жүйені қарастырады. Геоэкологияның негізгі міндеті шаруашылық ҽрекеттері ҽсерінен геологиялық орта ҿзгерістерін, ластануларын зерттеу жҽне бағалау болып табылады.
Щучье – Бурабай курортты аймағының жалпы ауданы 83,4 мың гектар жерді алып жатыр. Бұл аумаққа демалу мекемелері, жалпы кешенді маңыздағы қызмет кҿрсету нысандары, елді-мекендер, ормандар, су қоймалары жатады. Щучье-Бурабай курорттық зонасының санитарлық-гигиеналық жағдайы қазіргі таңда ҿте күрделі жҽне ауа, су жҽне топырақ ластану мҽселелерінің жуық арада шұғыл шешуді талап етеді. Дегенмен, ең маңызды мҽлесе жыл сайын демалушы халық санының ҿсуіне байланысты, ҽсіресе жаз мезгілінде, суды пайдалану жҽне ағын сулардың мҿлшерінің кҿбеюі болып тұр.
Ҿкінішке орай, курорттық зона аймағында жыл сайын ашық су қоймаларының жағдайы нашарлауда. Бұл курорттық зонаның геоэкологиялық мҽселелерінің ең маңыздысы болып табылады. Курорттық зонаның территориясы, қоршаған ауданымен салыстырғанда бірнеше ондаған ҽлсіз тұзданған сулы кҿлдер алып жатыр солардың ішінде ірілері: Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Бурабай, Шортанды, Қотыркҿл, Жайнақ кҿлдері. Қазақстан
Республикасының биотехнологиялық мониторингтер ұлттық орталығындағы соңғы рет лабораториялық зерттеулер 2003 жылы ҿтті, осы зерттеудің ақпаратына сүйенсек, курорттық белдемінің кҿлдерінің индексі қатты ластанған жҽне қоқыстанған болып келеді. Бурабай кҿлінде темір мен фтор, Щучье кҿлінде темір мен мұнай ҿнімдерінің мҿлшері жоғары, соған қарамастен бұл кҿлдерде шомылу тиым салынбаған. Жалпы қоқыс мҿлшері кҿлдерде орташа 1,5 метр.
Щучье-Бурабай курорттық зона аумағындағы су нысандарының су сапасы келесі түрде бағаланады: «ластанудың орташа деңгейіндегі» су – Бурабай, Сұлукҿл, Қатаркҿл, Текекҿл кҿлдері; «ластанудың жоғары деңгейіндегі» су – Үлкен Шабақты, Щучье, Кіші Шабақты, Карасье, Лебяжье кҿлдері; «ластанудың ҿте жоғары деңгейі» — Майбалық кҿлі. 2016 жылғы 1 жарты жылдықпен салыстырғанда су сапасы Текекҿл, Сұлукҿл кҿлдерінде – жақсарған; Карасье, Майбалық, Лебяжье кҿлдерінде – нашарлаған; Бурабай, Үлкен Шабақты, Щучье, Кіші Шабақты, Қатаркҿл кҿлдерінде – айтарлықтай ҿзгерген жоқ.
Су қоймаларындағы судың ластануының негізгі себептері мынадай:
— ҿнеркҽсіп жҽне шаруашылық қалдықтардың су арқылы су қоймаларына ағуы;
— жыртылған жерлерден ағуы, ластаушы заттарды септиктерден, жағалау мен жаға маңы жерлерді тұрмыстық қалдықтармен ластануы;
— елді-мекендерде жауын суын жинайтын канализациялардың болмауы, соның салдарынан еріген қар жҽне жауын сулары ластанған ағын суларға , ҿндірістің қалдық суларына қосылады;
— кҿлік ағынының ҿсуіне байланысты топырақтың, атмосфералық ауа мен судың ластануы;
— кҿл жағалауындағы аймақтың жҽне ормандардың санитарлық жағдайының лас болуы жҽне тазаланбауы;
— басқа да антропогендік факторлар.
Соңғы оңжылдық қарастырылған мҽліметтеріне сүйенсек, кҿлдердің су деңгейінің тҿменденудің тұрақты тенденциясы (0,48-0,62 м) байқалады. Кҿлдің суы ластанғаннан су қойма ағысының қысқаруына ҽкелді, кҿлдердін су деңгейінің тҿмендеуі биоқұрылымдарға, биомассаға, фитопланктондар мен зоопланктондар күрт азаюына ҽкелді. Осының нҽтижесінде балықтың қорегі азая бастады, бағалы ҿсімдіктер жҽне балықтар азайып бағасы тҿмен балықтарға ауыса бастады. Қазіргі Бурабай кҿлдерінің топтарының экологиялық жағдайы ҿте нашарлады, ҿйткені 90-шы жылдары бұрында ҽрдайым болатын гидрологиялық жҽне метерологиялық бақылаулар күрт қысқарды, ғылыми зерттеулер толығымен тоқтатылды деуге болады. Тек соңғы жылдары аталған жағдай жақсарды деп атап кҿрсетуге болады. Табиғи нысандарды сақтап қалу жҽне сауықтыру туралы проблемалар жалпы мемлекеттік негізде ҿсуде. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қатысуымен Щучье-Бурабай курорттық белдемінің канализациялық құрылысқа қаржы бҿлінді. Республикалық бюджеттен № 57 бағдарлама бойынша 612
миллион теңге бҿлініп қолданды. Ҽр тҽулікте қалдықтар кҿлемі 7000 м3 дейін жетеді жҽне олар тазартылмайды, осының нҽтижесінен тазарту мекемелерін немесе қалдықтарды қайта ҿндеу мекемелерін ойластыру керек. Щучье қаласында, Бурабай жҽне Қотыркҿл елді-мекендерінде тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондар жҽне оны утилизациялауға жалпы жұмысқа 4.8 млн теңге жұмсалды. «Оқжетпес» жҽне «Бурабай» санаторияларында қалдықтарды шығаруға ҿзінің арнайы транспорты бар, ал қалған сауықтыру мекемелері ГКП «Табиғат» кҿмегі арқылы жұмыс істейді. Арнайы келісімшарт арқылы сұйық жҽне қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруы туралы 33 келісімшарт Бурабай ауылының шаруашылық нысандарымен тіркелді.
«Бурабай» мемлекеттік табиғи паркінің проблемаларының бірі жергілікті халықты сумен қамтамасыз ету. Щучье қаласының шаруашылығына жҽне ішуге арналған су Щучье кҿлінен алынады, жылына орташа 1 млн 300 мың м3. Осының нҽтижесінен жыл сайын кҿлдің су деңгейі түсіп жатыр.
Атмосфералық ауаның ластануын тҿмендетуге бағытталған іс-шаралар елді-мекендердері автотранспорттық құралдарды азайту, айналма жолдар салу арқылы жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар курорттық зона аймағына кіретін автокҿліктердің санын шектеу қажет, ал демалушыларды жеткізуге арнайы кҿлік құралдарын пайдаланған жҿн, шығатын улы заттардың мҿлшері жоғары автокҿліктерді курорттық зона аймағына кіргізбеу үшін бақылау пункттерін ұйымдастыру қажет.
Щучье-Бурабай курорттық аймағында аумағында атмосфералық ауаның жай-күйіне бақылау 4 стационарлық бекетте жүргізіледі: Бурабай елді-мекені аумағындағы мектеп, «Щучинск» санаторийі, Щучинск қаласындағы №1 мектеп аймағы, Шоссейная кҿшесіндегі №171 үй аумағында орналасқан автоматты түрде жұмыс жасайтын станциялар. Аталған станциялардағы жинақталған мҽлеметтер бойынша аймақтың ауаның ластану деңгейі тҿмен деп бағаланады.
Шучье-Бурабай курорттық аймағы аумағының жауын-шашын құрамында барлық анықталатын заттардың шоғырлары шекті жол берілген шоғырлардан аспады.
Қалыпты жағдайда топырақта жүретін барлық үрдістер тепе-теңдікте болады, бірақ кейде адамзат ҽрекетінен бұл тепе-теңдік бұзылып жатады. Шаруашылық ҽрекеттер салдарынан топырақтың ластануы, құрамының ҿзгеруі немесе тіптен жойылуы болып жатады.
Алдағы жылдары жерасты кҿздерінен жҽне ҿзендерден су қорын жинау мақсатында шипажай аймағындағы елді мекендерде сумен жабдықтау жүйесін, магистральді жҽне пҽтер ішіндегі су құбырлары құрылысын жүргізу, сондай-ақ қайта қалпына келтіру жұмыстары жоспарлануда. Сонымен қатар, 5,8 млрд. теңгеге сауықтыру орындарын құру кҿзделуде.
Әдебиеттер:
1. Бекетаев И., Экологические проблемы Щучинско-Боровской курортной зоны, 2008.
2. Кукшкин М., Озера Бурабая: вчера и сегодня, borovoe.kz/, 2008
3. kazhydromet.kz