ГИДРОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕР

 

Бекимова А.Б., Курманбаева А.С.
Ш.Уҽлиханов атындағы Кҿкшетау мемлекеттік университеті, Кҿкшетау

baisina@inbox.ru, aygul6868@mail.ru

Метод дәрігердің рецепті де емес,Үкіметтің қаулысы да емес,педагогикалық ақыл-кеңес.(С.Жиенбаев)

Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі, оқытушыдан жаңашылдықты талап етеді. Ҽр оқытушы сабақтарында жаңа технологияның ҽдіс-тҽсілдерін тиімді қолдана білсе, сонда ғана студенттердің сабақ үрдісі кезінде ҿздігінен жұмыс істеуіне, ізденуіне , тақырыпты ҿзі оқып танып білуіне жол ашады.

Қазіргі уақытта педагогика ғылымындағы негізгі мҽселе– студенттердің пҽнге деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Елімізде білім беру саласында қазір демократияландыру іске асырылуда. Заманауи ҽдістерді қолдану сабақтың мазмұнын нақты ашуға септігін тигізеді. Жаңа технологияның ҽдіс-тҽсілдері студенттердің білімін толықтыруға кҿмектеседі. Осыған орай озық тҽжірибе, жаңа технологияның тиімді ҽдістерін таңдап алып,

оларды үйлесімді, тиімді жҽне шығармашылықпен пайдалану – ұстаз

шеберлігінің белгісі. Бұл жҿнінде ҽдіскер-ғалымАхмет Байтұрсынұлының«Жақсы дерлік де, жаман дерлік те бір ҽдіс жоқ Олақтықтың белгісі – бір ғана ҽдісті болу, шеберліктің болуы – түрлі ҽдісті болу; керек орнында жоқ ҽдісті таба білу», — деп түйіндеген ойынан алар тағылым үлгі мол [1:58].

Атап айтсақ, соңғы кездері жоғары мектепте «гидрология» пҽнін оқытуда жаңа технологияларды қолдану ҿте жоғары қарқынға ие болып отыр. Оқытудың дҽстүрлі үрдісіне инновациялық технологияны ендіру, оқытушылар мен студенттерге дҽстүрлі формаларды жҽне ҽдістерді жетілдіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар жаңаларды да, атап айтқанда: тренингтер, дҿңгелек үстелдер, пресс-конференциялар жҽне тағы басқалары.

Гидрология пҽнін оқытуда «Оқытудың интерактивті әдісі» шешуші орын алады. Егерде сабақ үстінде студенттер мен оқытушылардың арасында тығыз қарым – қатынас орнатылса жҽне ұтымды нҽтижеге жетсе,бұндай оқытуды интерактивті деп атаймыз. Мұндай қарым – қатынас арқылы студенттер ҿз ойларын талқылап, шешімін табады[2:115].

Интерактивті оқытудың басты мақсаты –студенттерді ҿз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету. Интерактивті ҽдісті пайдаланудың тиімділігі аса жоғары. Студент дайын білімді кҿшіріп алмай, ҿз бетімен ізденуге мүмкіндік алады. Ҽсіресе табиғатынан тұйық, ҿз ойын жеткізе алмайтын, ҿздеріне сенімсіздеу студенттерге пайдасы зор. Ал оқытушының міндеті – студенттің неғұрлым белсенділік танытуына жағдай жасау, қажет кезде жол кҿрсету болып табылады.

«Интерактивті оқыту» бұл ағылшынның «interact», ―Inter‖ — ҿзара, «асt» — ҽрекет ету деген сҿздерінен шыққан. Яғни, интерактивті оқыту ең бірінші диалогтық оқыту барысындағы студент пен оқытушы арасындағы ҿзара қарым-қатынас. Бұл ҽдісте сабақ кезінде студенттердің ҿзара жҽне оқытушымен

қарым-қатынасы мейлінше жоғары деңгейде болады. Оқу процесінің барысында студент мынадай қарым-қатынасқа түседі:

1. Оқытушымен (сұрақ-жауап ҽдісі);
2. Ҿз жұбымен (жұптық жұмыс немесе диалогтық оқыту);
3. Шағын топтармен (топтық жұмыс);

4. Үлкен топтармен (кҿбіне пікірталас, топпен бір проблеманы талқылау(дискуссия));

5. Кейбір техника түрлерімен (мысалға , компьютермен,интерактивті
тақтамен т.б)[3:11].

Педагогикалық еңбектерге талдау жүргізгенімізде, «адам ҿзі істеген нҽрсе немесе заттың 80 пайызын, оқығанының 20 пайызын, ал естігенінің 10 пайызын есте жақсы сақтайды екен».

Бүгінгі таңда оқытушы топтық оқытудың жұмыстарының кҿптеген түрлерін іске қосты. Кҿпке белгілі – «Үлкен дҿңгелек», «Зырылдауық», «Аквариум», «Миға шабуыл», «Дебат» жҽне т.б [4:20-21].

Бұлардың маңыздылығы: сабақ барысында бір проблема толығымен алынса, осы проблема туралы студенттердің алғашқы түсініктері болса (сабақта айтылған немесе ҿмірден алынған) сонымен қатар талқыға салынған тақырып жабық жҽне бір бағытта болуы тиіс.

Оқытушы студенттің нені білетінін жҽне нені жасай алатынын, оның қызығушылықтарын, ҽр студенттің не істегісі келетінін түсінуге тырысуы керек. Интерактивті ҽдіске құрылған сабақ оқытушыдан студент бойында келесі қабілеттерді дамытуға күш салуды қажет етеді:

1. ережелерді, фактілердіескесақтау;
2. материалдытүсіну, ұғыну;

3. білімінпрактикада қолданабілу;
4. ақпараттысараптайбілу;
5. ақпаратқа, жағдаятқа бағаберебілу[5:13-14].

«Миға шабуыл» әдісі – берілген сұраққа кез келген студент жауап алатын ҽдіс. Маңыздысы айтылған кҿзқарасқа бірден баға қоймау керек, барлығын қабылдау қажет жҽне ҽрқайсысының пікірін тақтаға немесе парақ қағазға жазған дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе сұраққа түсініктеме талап етілетін түсінулері керек.

«Миға шабуыл» белгілі бір сұраққа студенттердің ақпараттылығын немесе қарым-қатынасын анықтау қажет болған жағдайда қолданылады. Мысалы, «Кҿлдер» тақырыбын алып қарастырсақ,тақырыптын атауын анықтау мақсатында«миға шабуыл» стратегиясын алдын ала қолданған жҿн. Мҽселен,мына сұрақтарға жауап алынса:
1.Кҿл дегеніміз не?

2.Қазақстанның ең ірі кҿлдерің білесіңбе ?

Сонымен интерактивті оқыту ҽдістерін атап ҿтейік. Интерактивті оқыту ҽдістері:

1. Дискуссия

2. Жоба
3. Рҿлдік ойындар
4. Аквариум
5. Шығармашылық тапсырма
6. Insert

Осы аталған интерактивті оқыту ҽдістерінің ішінде «гидрология» пҽнінде қолдануға болатын түрлеріне тоқталып ҿтейік. Ҽр оқытушы ҿз бетінше топпен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Мысалы: дискуссия ҽдісі арқылы сабақ ұйымдастырылса,студенттер бір-біріне сұрақ қойып дискусс жүргізеді.Келесідей сұрақтар ұсынылса:
1.Каспий теңізінің экологиялық проблемасын қалай шешуге болады?
2.Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемалар?

Жоба әдісі-студенттердің білімділік ситуацияға түсіп, ҿз проблемаларын іздеп, тауып, шешуі, ҿзіндік жұмыстарын, іс-ҽрекетін ұйымдастыруы. Жобалап оқыту технологиясы ҿткен ғасырдың басында АҚШ-та дүниеге келген. Оны проблемалар ҽдісі деп те атаған,Америка философы ҽрі педагогы Дж.Дьюи, жҽне оқушысы У.Х. Килпатри ойлап тапты. Мҽселен:

Су мҽселесі бойынша тақырып таңдаудың ҿзектілігі қарастырылады, кейін қойылған мақсат пен міндеттерді студенттер топпен бірігіп шешімін табады.Жоба екі бҿлімнен тұрады: теориялық жҽне тҽжірибелік.Мысалы су мҽселесі бойынша Кҿкшетау қаласының «Қопа» кҿлін зерттеу ҿте ҿзекті,себебі халықтың игілігіне тұтыну үшін қажет мҽселелердің бірі болып табылады.

Бұл cабақта қолданылған ҽдістерден шығатын қорытынды: интерактивті оқыту ҽдісінің біз үшіін маңызы ҿте зор. Бұл ҽдістің тиімді жақтары:
1. Студенттердің барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;

2. Студенттерді ҿз бетінше жҽне топпен жұмыс істеуге үйретіп, ізденістерін арттырады;

3. Сабақтың мҽнін нақты ашуға септігін тигізеді;
4. Бір мезетте бірнеше сұрақтарды шешуге жол береді;
5. Студенттердің барлығын бағалауға мүмкіндік аламыз.

Дҽстүрлі оқыту жүйесінде студент обьект ретінде қалып қояды, студенттің ҿз мүмкіндіктерін іске асыруға, ҿзін-ҿзі дамытуға, ҿздігінен ізденуге мүмкіншілігі болмай қалады, ал жаңа технологияларды оқыту үрдісінде тиімді пайдаланып, заман ағымына қарай күнделікті сабақта бейне, аудио, компьютерді қосып, кез-келген сабақта электронды оқулықты, интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін тиімді пайдаланатын болсақ, студенттердің белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты ҿзі іздеп табуы, еркіндігі, шығармашылығы, кҿңіл күйдің кҿтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі. Сҿз соңында, ертедегі ойшылдар «шҽкірт — нығарлай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды қажет ететін шырақ» деген екен, сол шырақты тұтандыратын ұстаздар жҽне оның жарық болуы да бізге байланысты екенін ҽр уақытта есте сақтайық.

Әдебиеттер:

1. БайтұрсынұлыА. Тіл құрал. Орынбор, 1915. 380б.

2. Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения. М.: Высшая школа. 1995. 336б.

3. Жартынова Ж. А. «Интерактивті оқыту ҽдісін қолданып сабақты жоспарлау жҽне басқару». Алматы, 2014.11б.

4. Двуличанская Н.Н. «Интерактивные методы обучения как средство формирования ключевых компетенций».//Электронное научно-техническое издание «Наука и образование». 2011. ББ.20-21.

5. Абтикалыков Н.Б. «Педагогикалық пҽндерді оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану». Қызылорда, 2012. ББ. 13-14.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *