Ерік –адамның өз мінез — құлқын игере алу қабілеті. Мысалы: еркі күшті адамдар болады. Олар барлық қиыншылықтарды жене біледі.
Адамның еркі сыртқы және ішкі кедергілерге байланысты туады. Ішкі кедергілер мысалы: өз еркін шере алу қабілеті болады.
Сыртқы кедергі-қоршаған ортадағы табылатын құбылыстар жатады (қар, жаңбыр).
Ерік сапалық көріністері:
- ұстамдылық дегеніміз-адамның оқыс қимыл қозғалысын, орынсыз сөйлеуден басқа күйіп-пісуден бойын тежіп алу қабілеті мысалы:ұстамдылық адамға кейде күрделі жағдайларда, денсаулығы мен өміріне зиян келтіретін және қоғамның абырой қорғауға тура келетін жағдайда кездеседі.(ұстамдылық дегеніміз-адамның ерік-жігеррін билей білу қасиеті).
- табандылық— адамның мінез-құлқын белгілі бір мақсатқа бағытталып, бақылап отыру қабілетінен көрінетін қасиет, табандылыққа адам алған бетінен қайтпайды. Қайтсе де көздеген мақсатта жетуді көздейді. Ол қиыедықтан тайсалмайды тап болатын күдікке, басқалардың қарсылығына мойын ұсынбайды.
- дербестік— алдына мақсат қоя отырып, оған жету жолдарын таба білетін және қаб/ған шешімдерді практикалық орындай алатын қасиет. Дербес адам басқадан көмек күтпейді, өз түсінігіне сенімді оның дұрыстығын дәлелдей алады.
- батылдық-көп идеяларына шексіз сенген, сол жолда ақтық демі қалғанша күресуге бел байлаған морал-рухы, жоғары адамдардың ғана қолынан келетін қасиет.
Еріксіз ерік— жөтелу, түшкіру
Ерікті ерік адамның мақсат қойып қажет етуі. Мысалы: затты бір орыннан екінші орынға қою.