Сезім деп— қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарға өзінің танып білген, істеген іс-әрекетінен адам қатынасының әсерлерін айтады. Сезім деп-әсер етуші сигналдардың адамға ұнауы не ұнамауы. Сезім барлық, психикалық процестермен байланысты. Мысалы: түйсік арқылы зат мен құбылыстардың сапаларын қасиеттерін танып білеміз. Ал сезім болса ішкі көңіл күйі, сол заттарда өзінің қатынасын білдіреді.
Сезім мен эмоцияның бір-бірінен өзіндік айырмашылығы бар.
Сезім мысалы: барынша, Отанды сүю-патриот сезім. Бұлар біршама күрделі, адам көзқарасының тұрақтылығы жеке бастың сапасы. Ал эмоция біршама жеңіл түрде болатын, дер кезінде көріністін толқулар, толғаныстар. Сезім, эмоциялар адамның сырт пішінінен жақсы көрінеді. Сезімнің сырттай көрінуіне байланысты екінші басқа біреуге тез көшеді.
Жануарларда эмоция бар: бірақ қарапайым түрде. Олардың эмоциясы дыбыс, қимыл-қозғалыс арқылы беріледі.
Ұзаққа созылмайтын немесе қысқа әсерлерді психикалық немесе эмоциялық жағдайлар деп атайды.
Эмоциялық жағдайлар: көңіл-күй, аффект, стресс, құмарлық.
- көңіл-күй деп— біршама бәсең бірақ ұзаққа созылатын және көтеріңкі не басыңқы эмоциялық жағдайлар сейт. Мысалы: ҰОС кезіндегі совет халқының кқңіл-күйі. Көңіл-күйлер өзі кейде бір септаға, бір күнге айға, тіпті кейде адамның бүкіл өмір бойына созылады.
- аффект— өте тез қуатты әрі қарқынды өтеді. Мысалы: аффекті ашу-ыза салдарынан өзінің әрекетін білмей алмай қалу жағдайлары кездеседі.Мысалы: Ұлы суретші Депиннің, Иван Грозный және оның ұлы Иван деген суретінде аффектігін жағдайды анық көруге болады. Бұл мидың күшті қозуына байланысты. Соның нәтижесінде тежелу процесі бәсеңдеп, ми қыртысының және төменгі бөлігінің аралық қажетті іс-әрекет тепе-теңдігі бұзылады. Аффект деген сөздің мазмұны жан толғанысын қазу деген мағынаны білдіреді. Кей жағдайларда қатты қуанудың нәтижесінде өмірде, ғылым саласында көптеген жаңалықтардың ашылуына өзіндік ықпалы болады. Мысалы: тимирязев фотосинтез құбылыстарын ойлап тапқанда өзінің лабораториясында приборлар мен препараттардың арасында қуаныштан билеп кеткен.
- стресс (ағылшын сөзі)— адамның нервсіне қатты (салмақ түсу) эмоционалды стресті өте қиын жағдайда және ішкі терең толғаныстан туындайды. Яғни бір нәрсеге алаңдап қорқыныш кезінде және өте ауыр дене, ақыл-ой үстінде немесе тез әрі жауапты келісімге келу кезінде байқалады. Мұндай жағдайлар адамның әр түрлі іс-әрекетінде кездеседі. Стрестік жағдай мысалы: егер оқушы сабаққа дайынсыз келген кезінде мұғалімнің бақылауды орындау барысында байқалады. Кейде стрестік жағдай оқушылардың өзінде де байқалады. Стресс физиологиялық өзгерістермен мінез-құлықтың өзгеруіне себепші болады. өте күшті стресс жоғарыда адамның мінез-құлқы өзгереді дедік. Адамның өзінің қимыл әрекетін игере алмады, сөзінің байланысыз шығуы, өз-өзінен абыржуы, қабынуы зейіннің бір обьектіден, 2-ші обьектіге тез ауыстыра алмауынан көрінеді. Стресс жағдайында адамның қабылдауында, ес, ойлау процесінде қателіктер орын алады.
- құмарлық — бұл ұзақ тұрақты әрі терең сезім. Көп жағдайда бұл жеке басьың ретінде көрініс табады. Құмарлық адамның қызығушылығынан бір іс-әрекетіне ерекше талпынысынан дамиды. Құмарлықтың жағымды, әрі жағымсыз түрі бар. әр адамда кездеседі.
- жоғары сезім түрлері:
Моралдық сезімдер— жеке адамның өзінің мінез-құлқына деген сүйіспеншілік қасиетті сезім, достық сезім-асқақ моральды деп аталады. Моральдық сезімдер адамгершілік ережелеріне бағынады. Моралды сезімге ұнату мен ұнатпау, құрметтеу мен жек көру, сыйлау мен рахымсыздық, сүйіспеншілік пен өшпенділік жатады.
Интелектуалды сезімдер — ақыл-ой әрекеті процесінде пайда болатын тебіреністерді айтады. Бұған әуестену, білім құмарлық, таңырқау, күдіктену жатады.
Эстетикалық сезімдер адамның әсемдікті қабылдау және қолдан жасаңқы барысында туады. Яғни адам сұлулықты қабылдай, тамашалай отырып эстетикалық әсемдік сезіммен бастап кешіреді.