Қабілет

 

 

Қабілет дегеніміз— әр адамның белгілі бір іс-әрекетің түріне немесе бірнеше іс-әрекет түріне жалпы іскерлігін айтамыз. Яғни оқу нәтиже ісінің ерекшеліктеріне қарай адамның бір нәрсені үйренуі соны нәтижелі атқарып кетуін айтамыз. Адамның қабілеттілігі белгілі бір, іс-әрекетті орындау нәтижесінде жақсы байқалады. Материалдарды берік есінде сақтап ой қортындыларын шығарып, орамды жаңғыртып, қайталанып айтып беру әркімнің ойлауының ерекшелігіне байланысты. Белгілі материалды қабылдау, қиын есептерді шығару адамның ой тереңдігіне, қабілеттілігіне байланысты.

Қабілеттің 2 түрі бар. 1. жалпы, 2. арнаулы.

Жалпы қабілет— адам іс -әрекетінің әр түрін ешқандай қиындықсыз ойдағыдай орындайды. Жалпы қабілетті оқушыға барлық пәнді орындау жеңілдікке түседі. Ойдың аралыққылығымен сыншылдығымен  материалды есінде жақсы сақтап, байқағыштығымен зейінділігімен, зеректілігімен, тапқырлығымен тағы басқа ақыл-ой әрекетінің ерекшеліктерімен жалпы қабілет болып табылады.

Арнаулы қабілет— іс-әрекеттің жеке бір сапасында ғана көрінетін оның нәтижелі орындалуына мүмкін беретін қабілеттің түрін айтамыз. Бұған суретшінің, математиктің, музыканттың қабілеттері жатады. Соңғы кезде қабілеттің 3-ші бір түрі практикалық іс әрекетке қабілетін анықталып жүр. Қабілеттің бір түріне ұйымдастырушылық педагогикалық техникалық іс-әрекетке қабілеттілік жатады. Қабілеттің түрлері іс-әрекеттің басты сапасына байланысты анықталады. Адамның қабылдау дамуы, қоғамның дамуына оның әлеуметтік сапасына байланысты дамып отырады. Мысалы: капитализм дамып келе жатқан кезде ғылымның сан алуан салаларының дамуына бұрын өз кең өріс беріп дамытты. Себебі капитализм дамып келе жатқан капиталистік өндірісті жан-жақты элементті мен білімді қабілетті адамды талап ете бастады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *