Қиял

 

Қиял деп— әр адамның өмір тәжірбиесіне, білім көлеміне байланысты кейбір жаңа бейнелерді, ғылыми-жаңалықтарды ашу жолын айтады. Қиял деп— өмірдің қай саласында болатын ашу.

Қиял түрлері:

  1. ерікті қиял
  2. еріксіз қиял

  Еріксіз қиял деп — көбіне ісі өз бетімен істелінетін, автоматты түрде өтетін  көріністерді айтады. Қиялдың бұл түрі тікелей қиялдың мазмұны болып келмейді. Еріксіз қиялдың мазмұны түс көру, адамның қалғу кезіндегі көріністер, кейде ояу кезіндегі адам алдына еш мақсат қоймаса да, оның көз алдына елестер тізбектеліп өтіп жатады немесе адам бір нәрсеге ойға қатты беріліп кеткен кезіндегі елес беріп жатады.

            Түс көрумен бірге темпатиялық, шпноздық, лунатикалық көріністер жатады. Түс көру  кезінде адам жоспарламаған, алдына мақсат қоятын көріністер көріне бастайды. Түс көру ылғи да ұйықтау кезеңінде болады. Ұйықтау физиологиялық жағынан алғанда ол мидың жұмысының энергиясын қайта қалпына келтіру болып саналады.

Ерікті қиял 3-ке бөлінеді.

  1. қайта жасау қиялы
  2. творчествалық қиял
  3. арман

 Қиялдың  ерікті түрі адамның творчествалық әрекеті мен байланысқан жоғары сатыда дамыған түрі.

            Қайта жасау қиялы — суреттеп жазғанға, сызғанға, схемаға қарап адамның жаңа бір нәрсені көз алдына елестете алуын айтады. Қиялдың бұл түрі- барлық іс-әрекет қызмет түрінде қолданылады. Оқу процесінде маңызы өте зор. әрине бұл үшін адамда жеткілікті білім қоры қажет. Сол сияқты көркем әдептік шығармашылығын оқыған кезде де  ерекше маңызды.

            Творчествалық қиял — адамның өзіндік жаңа образдар жасау  жолын айтады, яғни творчествалық іс-әрекет нәтижесінде жаңа бейнелер  жасау. Мысалы: ғылымда жаңа заңдылықтар ашу, жаңа припарат, приборлар , жаңа сортын табу, өнер әдебиет саласында жаңа образда жасау. Қайта жасау қиялына қарағанда творчествалық іс-әрекет. Мысалы: көркем шығармада жаңа образды жасау оларды сипаттап жазған шығарманы оқып, елестетуден әлдеқайда ауыр.

            Арман — адамның өз қалауынша жаңа образдар жасауы. Кімде болмасын болашағын алдын-ала болжамдап қиялдайды, болашақты елестету адамдарды белсенді әрекерке өзінің қажетін орындау жолындағы күреске жетелейді, яғни мақтаншақ тудырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *