Зейін

 

Зейін дегеніміз — адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылыс.

            Ырықсыз зейін — обьектілерге көңіл аударғанда, ерік күшін қажет етпейді, айырмашылығы қоршаған дуниедегі заттар кейде сәл нәрседен біздің зейінімізді тез аудара алады, яғни ол нәрсе түсі, жекелеген қасиеттері, сымбаттылығы, жарқын күші, қонақ бояулы заттар, күшті ісі, қатты дыбыс т.б. Осы сияқты, адамның зейінін ырықсыз туатын сырттан әсер ететін тітіркендіргіштер.    

            Ырықты зейінді адам алдына мақсат қояды. Көздеген мақсатын алдын ала біліп өзінің зейінің соған аудару. Бұл ерік-жігерді талап етеді. Адамның еркімен істеледі. Адам өзінің зейінін ырықты зейінмен шұғылданғанда қиыншылықты ығыстырып жеңеді, ырықсыз кедергі болса да болмаса да пайда болады. Ырықты зейіннің ырықсыз зейіннен айырмашылығы ырықсыз зейін мен істелген іс жеңіл жүзеге асады, ал ырықты зейінмен адам ойланады, қайрат күш жұмсайды.

            Үйреншікті зейін ырықты зейіннен кейін пайда болады. Зейінді шоғырландыру үшін көп жұмыс жұмсалады. Бұл әрбір адамға табиғи сіңісіп кеткен дағдыға айланып қайрат күш жұмсамай-ақ орындалады.

            Әрбір адамда әртүрлі бейненін зейіннің мынандай түрлері болады.

  1. көлемі
  2. күші
  3. тұрақталығы
  4. бөлінуі
  5. ауысуы
  6. шоғырлануы

    Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса оны зейіннің тұрақтылығы дейді. Зейіннің осы қасиеті оқу процесінде маңызы зор.сабақ үстінде баланың назарын көп нәрсеге аудармай, басты бір нәрсеге не белгілі бір әрекетке ғана аударып оған тұрақтатып әдеттендіру керек. Сонда ғана бала есейген кезде зейінін тиісті объектіге жинақтай алады.
Зейіннің аударылуы деп бір объектіден екінші обектіге назарымыз көшуін айтады.Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе нерв процестерінің өзгермелігіне байланысты.Кейбір адамдар бір жұмыс түрініен екінші жұмысқа оңай көшеді, зейін қойып жаңа жұмысты тез менгеріп кетеді.
Адам санасының бір мезгілде бірнеше әрекетті атқара білу мүмкіншілігін зейіннің бөлінушілігі дейді. Адам зейінін 2-3 нәрсеге бөле алады. Мысалы оқушылар есеп шығарады, оқушы тақтаға жазған есебін жазады оны тыңдайды.
Зейіннің көлемі деп бір уақыттың ішінде оның қамтитын объектілірінің санын айтады. Зейін көлемін анықтауға байланысты жасалған тәжірибелер адам бір мезгілде орта есеппен әр түлі 3-5 әріпті қамти алады.Зейіннің көлемін өлшейтін құрал тахистоскоп деп аталады.

Алаң болушылық деп белгілі бір объектіге саналы түрде зейінді ұйымдастыра алмаушылықты айтады.әр нәрсеге ауып кете беретін жаңғалақ адамдардың зейіні көбінесе осындай болады. Алаң болушылық сондай –ақ адам қатты шаршап болдырған кезде де кездеседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *