Психология бойынша оқыту курсын құрастыру технологиясы

 

1.Оқулықтарды, оқу құралдарын және т.б. материалды іріктеу.

2.Курстың мазмұнын таңдау. Мақсат қою. Курстың жұмыс бағдарламасын құрастыру.

3.Студенттердің өзіндік жұмыстарын, оқу жүктемесін және сабақтардың  тақырыптық жоспарларын дайындау.

4.Пән бойынша бағалау критерилерін құрастыру.

5.Жеке оқу сабақтарын жоспарлау және конспект құрастыру.

 

Білім беру жүйесінде жаңа – ақпараттық  технология дегеніміз – оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі  есептеуші техниканың техникалық құралдары, оқытушылар мен оқушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады. Яғни ақпараттық технология – білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және балаларға білім беруші құрал.

Ақпараттық технология қызметінің құралы ретінде жаңа ақпараттық технологияның компьютерлік құралдары қолданылып жүр. Заман талабына сай барлық мектептер компьютермен жабдықталып, ол оқушының іс-әрекетінің интеллектуалды құрылысымен сәйкес келеді.

Компьютермен жұмыс істеу оқушының шығармашылық қабілетін дамытып, жалпы мәдениетінің деңгейі мен ықыласын көтереді.

Компьютерді психология сабағында қолданудың артықшылығы:

  • мектеп психологияның бірнеше тақырыптарының қамтылуы;
  • оқу материалының жеткізілу көрнектілігі, түсі, дауысы, қозғалысы;
  • оқушылар өмірі үшін қауіпті деп есептелелін мектеп практикасында демонстрацияланбайтын тәжірибелерді көруге болады;
  • оқушылардың пәнге қызығушылығы артады;

Қоғам инновацияның арқасында білім беруде қандай жетістіктерге жететінін және оны студенттерді оқытуда шұғыл қолдануға мүмкіндік болаты жайлы  айтпай кетуге болмайды.

Жақында ғана пайда болып білім беруге белсенді, демек оқыту процесіне енгізіліп отырған, бүгінде қазіргі кездегі телекоммуникацияның мүмкіндіктеріндегі жетістіктер жүйесінде онсыз  уақытқа сай аяқ басу мүмкін емес жаңа ақпараттық технологиялар. Олардың ішінде, қашықтықтан оқыту (ҚО) — Интернет жүйесі арқылыы  білім негіздеріне ұлттық халықаралық білім беру мекемелерінң мәліметтер негіздеріне қол жеткізу.

Қашықтықтан оқыту формасын тәжірибеге ендірудің бірнеше артықшылықтары бар, себебі қашықтықтан оқытудың негізгі сипаты мыналар болып табылады:

1.Икемділік. Оқушылар дәріс және семинар сабақтарына жүйелі қатыспайды, олар өздеріне ыңғайлы уақытта, орында және қарқында жұмыс істейді; Қашықтықтан оқыту қандайда бір себептермен дәстүрлі білім алу мүмкіндігінен айырылған адамдарға білім алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар даралап оқыту мүмкіндігін күшейтеді.

  1. Модульдылық. Әрбір жеке курс белгілі бір сала жөнінде тұтас түсініктің қалыптастырады, ол бір біріне тәуелді емес курстар жинағынан – модулдерден-жеке және топтық қажеттілікке жауап беретін оқу бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді.
  2. Экономикалық тиімділік. Әлемдік білім беру жүйесінің орташа бағасы қашықтықтан оқытудың дәстүрлі білім беру жүйесінен екі есе не одан да арзанға түсетінін көрсетіп отыр.

4.Оқытушының жаңа рөлі. Оған  таныымдық процестерді бағыттау, оқытылатын курсты түзету, кеңес беру, оқу бағдарламасын басшылыққа алу және т.б сол сияқты жаңа қызметтер жүктеледі.

  1. Білім берудің арнайы бақылауы – қашықтықтан ұйымдастырылған емтихандар, әңгімелесу, практикалық, курстық және дипломдық жұмыстар, және т.б.

Едәуір көп тараған электрондық басылымдардың бірі электрондық оқулық (ЭО) болып табылады, оған мәтіндерден басқа студенттерге оқу материалын қабылдаудың әр түрлі формаларымен меңгеруге мүмкіндік беретін құрылымдық-логикалық сызбалар және көрнекі материалдар кіреді. Оларға сонымен қатар негізгі құқықтық құжаттар, мтерминдердің сөздігі, ақпаратты іздеу модульдері, тест кіруі мүмкін.

 Электронды оқулықтың артықшылығына мыналарды жатқызуға болады: тәжірибені шұғыл кері байланыспен қамтамассыз ету; ақпарат іздеуге көмек, гипермәтіндік түсіндірулерге бірнеше қайтара жүгінуде уақытты едәуір үнемдеу. Студенттің дара ерекшеліктерінің қарқынына орай белгілі бір тарау бойынша білімді тексеруге мүмкіндік береді.

 

Негізгі ұғымдар: Оқулықтар, оқу құралдары, курстың мазмұнын таңдау, мақсат қою, курстың жұмыс бағдарламасын құрастыру, студенттердің өзіндік жұмыстары,оқу жүктемесі, сабақтардың  тақырыптық жоспарлары, пән бойынша бағалау критерилері, жеке оқу сабақтарын жоспарлау, конспект құрастыру.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Оқулықтарды, оқу құралдарын және т.б. материалды ірікткеу.

2.Курстың мазмұнын таңдау. Мақсат қою. Курстың жұмыс бағдарламасын құрастыру.

3.Студенттердің өзіндік жұмыстарын, оқу жүктемесін және сабақтардың  тақырыптық жоспарларын дайындау.

4.Пән бойынша бағалау критерилерін құрастыру.

5.Жеке оқу сабақтарын жоспарлау және конспект құрастыру.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *