Бөлу заңы – варианталар мәні мен оларға сәйкес ықтималдықтар арасында байланыс орнататын математикалық ара қатынас.
Биномалды бөлу – берілген жағдайдың математикалық моделі.
Бірсәттілік сенімділік / сенімділік – келіспеушілік / — орнықтылыққа қарамастан ерекше операциялы табиғаты бір сенімділіктің бір түрі.
Базисті процесс – эксперимент нәтижелерін интерпретациялайтын теориялық моделге кіретін комплексті тәуелсіз өзгергіштікті көрсетудің құрамдас бөлігі.
Болжау сызығы – корреляциялы зерттеуде алынған екі өзгергіштіктің мәліметтерінің диаграммада шашырау сызығы.
Валидтылық – методикалардың дәлділігі.Валидтылық критериі — өлшенетін психикалық қасиет жайлы информациялар көзі.
Вилконсонның жұпты критериі / Т – критериясы / — жұпты кездесетін жиынтықтардың шамаларын салыстыруда қолданылады.
Графикалық шкалалау – сыналушы өзінің ой – пікірін графикалық шкалада белгілейтін субъективті бағалау / шкалалау / процедурасы.
Графтар теориясы – математика облысы, пәні – белгілі бір нүктелерді біріктіретін геометриялық схемалар. /графтар/
Деңгей – сандық типтегі тәуелсіз өзгергіштіктің әрекетін беру тәсілі.
Дисперсиялы анализ – сызықты комбинациялар түрінде берілген факторлар мен бір уақытты әрекет ететін факторлардан тәуелді бақылауды өңдеудің статистикалық әдістер жүйесі.
Жүйелі араласу – ішкі валидтылықтың бұзылу кездері.
Индивидуалды айырмашылық – топтық эксперименттегі сенімсіздіктің негізгі кездері. /сол арқылы ішкі валидтылық бұзылады/
Индикатор – объект жайлы информация таситын сигнал белгілер.
Инверсия сан критериі / Вилконсон – Манн – Уитни критерияі / — бұл да сериялы критериі сияқты екі таңдаудың мүшелерінің шамаларының айырмашылығын бағалауға арналған.
Қатынас–тәуелді және тәуелсіз өзгергіштіктердің арасындағы қатынас– эксперименталды гипотезаның құрамдас бөлігі.
Квартил – сыналушылардың 25 % таңдау стандартизациясын бөлетін, өлшенетін қасиеттің шкаладағы шекарасы.
Кластерлы анализ – эксперименталды мәліметтерді кластарға топтастыру әдісі.
Корреляция – реалды бақыланған мәлімет, мысалы тәуелсіз өзгергіштіктің бөлігі бір мәнімен өзара байланысы жатады.
Корреляциялық зерттеу – адамдардың индивидуалды айырмашылықтары мен олардың мінез – құлқын сипаттайтын екі өзгергіштіктің ара – қатынасын зерттеу.
Корреляциялық коэффицент – екі кездейсоқ шамалардың арасындағы бағыттылық пен дәреженің статистикалық көрсеткішінің өзара байланысы.
Корреляциялық анализ – кездейсоқ өзгергіштіктердің байланысын орнататын және оның тығыздығын бағалайтын статистикалық әдістердің жиынтығы.
Критериялы көрсеткіш – тестегі іс — әрекеттің сандық көрсеткіші.
Мән – тәуелді өзгергіштікті өлшеу бірлігі, алынған мәліметтерді өндеудің соңғы нәтижелері.
Мәліметтер – хаттамада тіркелген алғашқы әрі өнделмеген эксперимент нәтижелері.
Нәтижелердің мәнділігі – эксперименттік гипотезаға жауап беретін тәуелді өзгергіштіктің орташа мәндерінің арасынан алынған айырмашылықтардың статистикалық дұрыстығы.
Негізгі әрекет нәтижесі — тәуелсіз өзгергіштіктің тәуелді өзгергіштікке әсерін, күшін сандық көрсету.
Нормалды бөлу — үзіліссіз кездейсоқ шамаларды бөлу.
Нуль – гипотеза — тәуелсіз өзгергіштіктің шарттарының арасындағы айырмашылықтың болмауы жайлы гипотеза.
Орташа мән – бөлу орталығының деңгейі мен жағдайын жалпылайтын көрсеткіш.
Өзара әрекет — факторлары экспериментте бөлініп алынған екі немесе бірнеше тәуелсіз өзгергіштіктің арасындағы арақатынаспен шарттанған сандық нәтиже.
Өлшеу көрсеткіштері — сыналушының іс — әрекетінің сандық сипаттамасы, тәуелді өзгергіштіктің мәнін анықтайды.
Өзгергіштік — өзгеретін кез келген болмыс, экспериментте көрінеді және тіркеледі.
Өлшеудің сенімділігі — қайталауда өлшеу нәтижелерінің көшірілуі.
Өлшеудің статистикалық қатесі — өлшенетін көрсеткіштіктердің кездейсоқ өзгерісінің үлесінің / дисперсия / осы көрсеткішті өзгеру жиынтығына қатынасы бойынша /жалпы дисперсия / салыстырмалы үлесі.
Популяция – экспериметтік зерттеуде жас, кәсіби және басқада белгілерді біріктіретін сыналушылардың потенциалды контингенті.
Полигон жиілігі /немесе көпбұрыш / — ордината осі бойынша салынған жиіліктің нормаларына сәйкес нүктелерді қосатын сынған сызық.
Пуоссондық бөлу – биномалды бөлудің жағдайы, дискретті кездейсоқ шамаларды бөлу.
Рангілеу – методикалық тәсіл, сыналушы берілген критерийдің өсу ретімен барлық объектілерді қатарларға қолданады.
Рангілеу коэффиценті /Спирменнің коэффиценті / — корреляция коэффицентінің қарапайым формасы.
Репрезентативтілік – реалды эксперементтің мінсіз эксперемент түрлерінің біріне жақындау дәрежесі.
Салыстыру негізі – эксперементалды схемалардың классификациясын анықтайтын бірінші параметр.
Сәйкестік – эксперементте жүргізілген болмыс немесе теориялық түсінікті бейнелеу адекваттылығының дәрежесі.
Себепті анализ – корреляциялық анализдеудің арнайы әдістері, жеке корреляциялық коэффиценттерді “жалған” корреляцияларды жоюда қолданады.
Сенімсіздік – ішкі валидтылықтың бұзылуы.
Сериялы критерий – мәні жағынан екі орташа мәнді салыстыру сияқты екі таңдаудың орталық тенденцияларының арасындағы айырмашылықты бағалауға арналған.
Статистикалық қорытынды – тәуелді өзгергіштік мәндерінің арасындағы айырмашылықтың шамасын табу.
Таңдау – экспериментке қатысатын сыналушы.
Тәртіптеу – талдауға ыңғайлы болу үшін таңдау варианталарын орналасуын өңдеудің бастапқы сатысы.
Тестің валидтылығы – тестің адекваттылығы мен өтімділігі, зерттейтін қасиетті өлшеу дәлдігі.
Тестің сенімділігі – тестің көмегімен алынған нәтижелердің тұрақтылығы.
Топтық кесте / немесе корреляциялық тор / — корреляцияға зерттелінетін өзгерген екі қатардың біріккен топтасуларының нәтижелері.
Х² — критериясы /хи – квадрат/ — екі бөлудің жиіліктерін салыстыруда қолданылады.
Фактор – экспериментке сыналушының мінсіз мінез – құлқына әсер ететін кез келген болмыс.
Фишердің дәл әдісі – екі сапалы градацияның бөлу шамаларын салыстыруға арналған.
Шарт – тәуелсіз өзгергіштіктің ілескен шатасуын тексеру тәсілі.
Эксперимент – жалпылауға болатын нәтижелерді алу мақсатымен болмысты өзгертуді алдын ала жоспарлау шартында өткізілген зерттеу, эксперименталды гипотезаны тексеру құралы.
Эксперименталды схема – эксперименталды гипотезаны адекватты тексеру үшін сыналушыларға тәуелсіз өзгергіштіктің әртүрлі шарттарын беру жоспары.
Эксперименталды гипотеза – экспериментке тексерілетін кейбір болжамдарды нақтыландыру.