1.Психология оқытушысының кәсіби даярлығы.
2.Психология оқытушысының кәсіби іс-әрекетінің түрлері: оқытушы, ғылыми әдістемелік, зерттеушілік.
3.Психология оқытушысының білім, білік, қабілет және тұлғалық сапалары.
Білім беруді гуманизациялау мұғалімде адамның бірегейлігіне бағдар беруге негізделген; оқушылардың реалды қажеттіліктеріне бағдарлану, ғылым, мәдениет, қоғам және адам арасындағы терең байланыстарды бейнелеу, тәрбие және білім беру міндеттерін интеграциялау.
Білім беру гуманизациялау шеңберінде оқу процесін түсінуде келесі гуманистік педагогика идеяларына қосылатынымызды айта кетейік.
Білім беру мақсаты – әркімге тәуелсіз зерттеуші болуға, өмір бойы оқуға қабілетті болуға көмектесу.
Мұғалім функциясы – ашылу және таңдау процестеріне ықпал ету.
Өмірдің әртүрлі салаларында индивидуалды креативтіліктің дамуы құнды болып табылады.
Оқыту қарым-қатынас жасай алу іскерлігіне сөйлеу және тыңдай алу, шығармашылық ойлау, топпен жұмыс істей алу іскерліктерінің дамуына назар аударуы тиіс.
Оқытуды гуманизациялау нақты психология сабағында психологиялық міндетті шешу жолын іздеуден көрінеді. Ол талқылау процесі, мұнда әрбір пікір қабылданады.
Дұрыс жауап эмоционалды мадақтау мен ашық демеуден көрінуі тиіс. Мүғалімнің қолдауы мен сәтті оқудан алған қанағаттану оқушы үшін дұрыс жылжуға бағдар болып табылады. Оқыту психологияда көп мадақталған оқушылар еш мадақталмаған оқушыларға қарағанда үлкен табыстарға жетеді. Және керісінше, оқуда сәтсіздікке ұшыраған оқушыларда оқу мотивациясы төмендейді. Тіпті сәтсіздік туралы хабардың өзі оқушының оқу сәттілігіне әсер етеді. Сәтсіздік немесе тапсырманы орындай алмағандығына сену оқушылардың өзі туралы ойына әсер етіп, кейіннен ол сәттілік немесе сәтсіздік фактісіне ғана әсер етіп қоймай, оқушының оқу нәтижелерін қабылдауына да елеулі әсер етеді.
Сондықтан психология мұғалімі білімді оқудағы жағымды эмоциялардың маңыздылығын естен шығармауы керек. Сонымен бірге оқушының дұрыс жасап жатқаны туралы ақпарат беретін кері байланыста өте маңызды. Кері байланыс оқушыға өзінің әрекеттерінің нәтижесін білуге өзі мәселесін түсіну және оны келесі жолы жақсырақ етіп шешуге мүмкіндік береді.
Осыған сәйкес мұғалімнің келесі функцияларын көрсетуді жөн көрдік.
- Мұғалім әңгімелесуші ретінде (эмоционалды демеу функциясы). Мұғалімнің аталған функцияны жүзеге асыруы өзге адамдардың өміріне ортақтаса алудан көрінеді. Мұнда мұғалім белгілі бір деңгейде психотерапиялық функция атқарады. Басқаша айтқанда мұғалім оқушыға, ол үшін маңызды заттарға назарын аударады. Мұнда мұғалімнің оқушыға назарын аудару дегеніміз жасөспірім қызығушылығына алаңдауды білдіреді.
Мұғалім эмоционалды көріністермен жұмыс істеу үшін келесі іскерліктерге ие болуы керек: эмпатия, сыйлау, шынайылық (мұғалім өз сезімдерін ашық көрсету), коммуникация нақтылығы.
Эмпатиялық түсінудің психологиялық деңгейінің ішінде мұғалім-психолог бойында соңғысы болуы тиіс.
- Мұғалім оқушының эмоционалды көріністерін ескермесе, онда реніш, тіпті өшпенділік сезімін тудырады.
- Мұғалім оқушының эмоционалды көріністеріне реакция көрсетеді, бірақ бұл реакциялар оқушының шынайы сезімдері емес, мұғалімнің оқушыға «жабыстырған» сезімдері болып табылады.
- Мұғалім оқушының беткі сезімдеріне нақты түсіністікпен қарайды, бірақ оқушының одан да тереңде жатқан сезімдерін қате интерпретациялайды.
- Мұғалім оқушының беткі сезімдеріне емес, тереңде, жасырын жатқан сезімдеріне реакция көрсетіп, оқушыға ол да соны сезінетіндігін көрсетеді.
Оқушыны сыйлаудың көрінуі оны бірегей және құнды екендігін мойындау болып табылады. Мұғалім оқушыларға қатысты қамқорлық көрсетсе, балалар да өзін еркін сезінеді. Психология мұғалімі баланы сыйламауы мүмкін емес жайт. Шынайы болу қабілеті мұғалімнің вербалды және вербалды емес деңгейде шынайы реакция көрсете алуынан көрінеді.
Қарым-қатынастағы нақтылыққа өзараәрекеттестік жақынырақ, қарым-қатынас тілінің нақтылануы арқылы қол жеткізеді.
- Мұғалімнің зерттеуші ретінде (зерттеушілік функциясы).
Психология мұғалімінің зерттеушілік функциясы 3 аспект арқылы жүзеге асырылады.
Бірінші аспект бұл мұғалімнің педагогикалық шындық шеңберінде өз бетінше психологиялық мәселелерді анықтап және оларды шешумен байланысты. Өзарақатынас динамикасының талдауын жасай алу іскерлігі зерттеушілік функциясының негізі болып табылады.
Сонымен қатар аудиторияның мотивациялық дайындығы принципі жағдайды бірден зерттеу керектігін білдіреді.
Екінші аспект психологияны оқытуда қолданылатын психодиагностикалық әдістер мен шараларды пайдаланумен анықталады. Осыларды қолдана отырып, психолог-мұғалім шынайы зерттеуші рөлінде болады. Осыған сәйкес ол зерттеуге зейінін шоғырландырып, зерттеу шараларын салауатты өткізуі тиіс.
Үшінші аспект мұғалім-психолог оқу процесі барысында тұлғалық өсу «технологияларын» қолданудан көрінеді.
Тұлғалық даму ресурстарын, рефлексияны анықтау мұғалімнен болмашы өзгерістерге үлкен сезімталдылықты талап етеді. Мұғалім-психолог оқушының оқу процесіндегі дамуын бағыттап және түзеп отыруға қабілетті болуы тиіс.
- Мұғалім оқу жағдайын жасаушы адам (фасилитаторлық функция).
«Фасилитация» және «фасилитартор» (ағылшын тілі facilitate – жеңілдету, көмектесу) ұғымдары педагогикаға гуманистік психологиядан енген. Педагогикада аталған ұғымдардың енуі американдық мектептен оқыту парадигмасына ауысу себеп болады. Оқытудың жаңа парадигмасы бойынша мұғалім тек білім беріп қоймай, сонымен қатар оларды баланың өз бетімен анықталуына жағдай жасауы тиіс. Осылайша фасилитартор-мұғалім – бұл оқушыға жаңа білімді меңгеруге және игеруге себепші мұғалім.
- Мұғалім сарапшы ретінде (сарапшылық функциясы).
Психолог-мұғалім психологиялық мәселелерде сарапшы болуы тиіс. Мұғалімнің сарапшылық функциясы терең білімге ие мұғалімге деген оқушы қажеттілігінен туындайды. Таным сферасы немесе тәжірбиелік іс-әрекетпен айналысатын мұғалім жасөспірімді өзінің сарапшылық қызығушылықтарына тарта алады.
Сарапшылық функциясын жүзеге асыру қажеттілігі психологияны оқытудағы көзқарастардың авторлық концепциясынан келіп шығады. Егер біз тақырыптық жоспардан және сабақ жоспарынан бас тартып, аудиторияның дайындық деңгейіне бағдарлансақ, онда мұғалім өте білікті болып, арнайы дайындықсыз материалды меңгере алуы тиіс. Бұл – бірінші – тәжірбиеге тұлғалық өсу тенденцияларын енгізу одан да үлкен кәсіби психологиялық біліктілікті талап етеді – бұл екінші.
Психология пәні мұғалімінің жалпы портреті. Біздің пікірімізше, психологияны мектепте оқытатын мұғалімнің бойында белгілі бір қасиеттер болуы шарт.
Осы адам қандай болу керек деген ойымыз гуманистік педагогика парадигмасындағы мұғалім идеалына сәйкес келеді. Енді сол портретті келтіре кетсек.
Тұлғаның жалпы сипаттамасы. Гуманды, әділ, шынайы, демократ, эмпатияға қабілетті, сыныппен және жекелеген оқушылармен тез қарым-қатынас құра біледі.
Сыныптағы мінез-құлық. Икемді (жағдайға қарай үлкен қаталдық немесе жұмсақтық көрсетеді). Өзі беретін пәнін жетік біледі. Сұрақ қоя біледі. Оқушылар білімін тексерудің нақты шараларын бекітеді, сонымен бірге оқушыға көмекке келуге дайын екендігін көрсетеді. Эксперимент жасауға, жаңаны іздеуге талпынады және солай жасай алады. Жалпы оқушылармен рефлексиялық қатынас танытады.
Өзін-өзі қабылдауы. Өзін-өзі жағымды бағалайды, оптимизм, өзін-өзі қабылдау байқалады.
Өзгелерді қабылдауы. Негізінен өзгелерді жағымды қабылдау тән. Өзгелерді шынайы адам деп есептейді. Оқушыларға сенімге ие болуға, сыйлауға және жоғары бағалауға лайықты индивидтер деп қарайды.
Негізгі ұғымдар: кәсіби даярлық, кәсіби іс-әрекетінің түрлері, оқытушы, ғылыми әдістемелік, зерттеушілік, психология оқытушысының білім, білік, қабілет және тұлғалық сапалары.
Бақылау сұрақтары:
1.Психология оқытушысының кәсіби даярлығы.
2.Психология оқытушысының кәсіби іс-әрекетінің түрлері: оқытушы, ғылыми әдістемелік, зерттеушілік.
3.Психология оқытушысының білім, білік, қабілет және тұлғалық сапалары.
Әдебиеттер:
1.Бадмаев Б.Ц Методика преподавания психологии.-М.,2004.
2.Бапаева М.К Психологияны оқыту әдістемесі.-Алматы.,2006.
3.Жарықбаев Қ.Б Беріков Н.Б Психология пәнін оқытудың кейбір мәселелері.-Алматы.,1987.
4.Герасимова В.С Методика преподавания психологии.-м.,2007.
5.Карандашев В.Н Методика преподавания психологии.-Спб.,2006.
6.Попова М.В Психология как учебный предмет в школе.-М.,2000.
7.Подвойская М.А Уроки психологии в школе.Конспекты занятий и дневник практического психолога.-М.,1993.