Ер адам ролінің бір компоненті –сәттілік/статус нормасы. Ол ер адам құндылығы оның жалақысының мөлшерімен және жұмысындағы сәттілігімен анықталады дегенді білдіреді. Бұндай норма өзіндік актуализация процесіне, ер адамның өзіндік бағалауына және оның әкелік қасиеттерінің көрінуіне кері әсерін тигізеді. Егер ерлер сәттілік/статус нормасына сай өмір сүре алмасы, оларда компенсаторлы батылдық (мужественность) қасиеті көріне бастайды (батылдықтың шеткі және деструкциялық варианты).
Ақыл-ой қатаңдығының нормасы (норма умственной твердости) ер адам үнемі білгір, компетентті және жағдайды басқара алатын болу керек дегенді білдіреді. Осы норма жаға ақпаратты қабылдауға кедергі болуы мүмкін, үлкен қателіктердің себепшісі болып, өзара қарым-қатынас саласында мәселелер тудырады.
Физикалық қатаңдық нормасы (норма физической твердости) және оның серігі – «посылай все к черту, и вперед» нормасы ер адам физикалық күшті, батыл және қауптіліктерді айналып өтпейтін болады дегенді білдіреді. Бұндай нормалар агрессия мен тәуекелдік мінездің (стероидтарды қолдану, ішімдік пен нашақорлыққа әуес болу,дәрілік заттарға әуес болғандығына немесе дәрігерлік көмекке уақытында жүгінбегенде туындайтын физиологиялық дисфункциялар, абайсыз көлік жүргізу және жауапсыз жыныстық тәртіп) себебі болып табылады.
Эмоционалды қатаңдық нормасы (норма эмоциональной твердости) ер адамдар сезімдерін, эмоционалдық әлсіздігін көрсетпеуі керек және өз мәселелерін өздері шешуі керек дегенді көрсетеді. Ер адамдар басқа жақтан аз эмоционалдық сүйенішті алуының және жақын қатынастардың аз болуының себебі осы нормаға байланысты.
Әйелдікке қарсы нормасы (норма антиженственности) ерлерге әйелдермен байланыстырылатын әрекеттер мен жеке мінез-құлықтан қашу дегенді білдіреді. Эмоционалды қатаңдық нормасын сәйкес осы норма да эмоцияны жасыруды, армандайтын бірақ стереотипті түрде әйелдік деп саналатын (нәзіктілік, эмпатия) тәртіп моделін көрсетпеуді көздейді. Ол үйге байланысты жұмыстардың әділ бөлінуіне кедергі болады.
Ұзақ уақыт бойы ер адам батылдық туралы дәстүрлі көзқарастарға сәйкес болатын болса, психологиялық жағынан дені сау деп есептелеген. Қазіргі уақытта ерлік гендерлік рөл оның кейбір аспектілерінің дисфункционалдылығы мен қарама-қайшылығына байланысты үрей мен стресс көзі болады деген көзқарас туындайды.
Зерттеулер көрсетеді: біздің заманымызда дәстүрлі ер адам ролі әлсіз қабылданады. Алайда ерте кездегі әлеуметтену (социализация), қоршаған адамдар дәстүрлі ролді жақтайтын сияқты болып көрінгенуі және әлеуметтік мекемелердің тәртіптің жаңа тәсілдерін жақтамауы –бұлардың барлығы ер адам роліндегі фундаменталды өзгерістерді тежейді. Клиникалық психология мен психиатрия да дәстүрлі ер адам ролінің жан саулығына кері әсерін тигізетіндігін қабылдауға тырыспайды.