Ұйымдарда әйелдің төмен статусы және оларда биліктің болмауы

Төмен жалақыны алумен қатар олар статус жағынанда ерлерден төмен. Оған көптеген мысалдарды келтіруге болады.Соның бірі саясатта әйелдердің өте аз болуы. Мұндай жағдайларда «көрінбейтін төбе» құбылысы бар, бұл кедергіні ерлерде болмайды.

«Көрінбейтін төбе» терминін Лин Мартин ұсынған қолмен жасалған кедергілерді белгілеу үшін.

 Әйелдердің неге төмен қызметтерде жұмыс істейтінін көп тараған түсіндірмелерді қарастырайық:

  1. Ұйым жұмысының адамдық қорына аз үлесін қосады. Бұл адамдық қор концепциясына негізделген.
  2. Әйел ерлер сияқты істі жақсы жүргізе алмайды. Әйелдің тиімді қызметте жоғарлау жолдары ерлермен басып алынған. Бұны былай түсіндіреді, әйелдердің басқарушылықтың кейбір қасиеттері болса да, нағыз лидер болу үшін керекеті қасиеттері жоқ. Бірақта әйелдер ерлерден кем емес басшы бола алатыны және олардың мотивацялары мықтырақ болатыны туралы дәлелдер бар. Сонымен қатар әйелдер конфликті жағдайларды жақсырырақ шешетіні жайлы мәліметтер бар.
  3. Қоғамда таралған әйелдерді қабылдау туралы стериотиптер себептер болуы мүмкін, яғни жұмысты басқарушы және лидер роліне әйелдердің келмейтіні тұралы. Кейбір зерттеулер бұл ойды дәлелдейді, лидерлерде ерлерге тән қасиеттердің болуы керек туралы. Мұндай стериотиптерге тек ерлер ғана емес, сонымен қатар әйелдер де келіседі.
  4. Ұйым ішінде ешқай жерде жазылмаған нормалар бар, ол бойынша жоғарғы қызметтерге ерлерді қойған жон деген. АҚШ –та 1991 жылы жүргізілген сұрақнама бойынша адамдар көбі бұл мәселе бойынша жауапта ойланып қалды, мұндай нормалардың бар екені туралы айтқандары да болды, олар бұл нормалармен үндемей-ақ келісіп отырды. Бұл норманы сақтамасақ, тіптім басшылардың өздері де осылай ойлайды, жұмысқа карераға кері әсер етеді.
  5. Ұйымда әйел жұмыс істеу кезінде қызметін өсіру үшін керекті тәжірибе жинамайды.көбінесе әйелдерге жұмыста ілгері жылжуға мүмкіндігі жоқ жұмыстарды береді.
  6. Әйелдерге олардың жанұяға және үйге байланысты міндеттер жұмыста жоғарлауға кедергі болады. жүргізілген зерттеулер бойынша шынында да кейбір әйелдерге бұл жағдай жұмыста жоғарлауға кедергі болады. 827 жұмыс істеп жүрген әйелдерді салыстыру кезінде, әйел-басқарушылар көбінесе басы бос әйелдер болып шықты. Әйелдер-басшы мен ерлер-басшыларды салыстырғанда,  менеджерлік қызметте көбінесе үйленген ерлер және басы бос әйелдер болып шықты.
  7. Әйелдің басты міндеті – үй, жанұя, олардың қызметте ілгері жылжуда кедергі болуы мүмкін деген көпшіліктің ой-пікірі. Әйелдердің ерлерге қарағанда, статистикаға сүйенсек, жұмысты үлкен құлшыныспен істейді. Отбасының мәселесімен басы қатып, жұмысты дұрыс істей алмаған жағдайдың өзінде, үйленбеген ерлермен бірдей жұмыс істейді,

Сонымен, әйелдердің ерлерге қарағанда нашар жұмыс істейді деген пікірлерге ешқандай негіз жоқ, бұл тек стериотиптер ғана, ал олармен күрес жүргізілуде. Соның нәтижесінде салыстырмалы түрде әйелдердің статусы жоғарлауда. Оған дәлел басқару орындарда әйелдер санының өсуі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *