Гендерлік рөлдердің өзгеруі

 

Когнитивті категориялар (схема деп те аталады) бізге өңдеуге қажетті ақпарат көлемін азайта алады. Біздің схемалармен сәйкес келетін ақпарат жеңіл қабылданады, жинақталады және бейнеленеді.

Гендерлік стереотиптер схемалар қызметін атқарады, соларға байланысты біз гендерге байланысты өзіміздің тұрақты сенімділігімізді растайтын мысалдарды жоғары мүмкіндікпен байқаймыз және есімізде сақтаймыз. Гендерлік схемалар үнемі «қосылған жағдайда» («во взведенном состоянии») болады және біздің қоғамда гендерлік айырмашылықтар туралы айтылатын табандылыққа байланысты ақпарат өңдеу процестерін басақруға дайын болады.

Адамдар схемаларына жат жағдайлармен кездескенде, олар жалпы стереотиптерді сақтайтын подкатегорияларды (категория асты) құрастырады немесе оларды ережеге сай келмейді деп жіктейді. Схеманы өзгерту үшін көп күш жұмсалу керек.

Біз күткен жағдайлар мен стереотиптер біздің неге сенетінімізді дәлелдейтін жағдайларды ғана байқап, қабылдауымызға әкеледі, сонда гендер мен белгілі дағдылардың, қабілеттер немесе тәртіптің арасында иллюзорлық корреляция туындайды. Адамдар көп жағдайда сирек кездесетін, бірақ жарқын мысалдарға негізделіп осынай корреляцияларды көреді.

Біздің гендерлік стереотиптер біздің басқаларға байланысты көрсететін мінез-құлығымызға әсер етеді, басқалар да біздің стереотипке сай мінез-құлық көрсете бастайды. Ол өзіндік реализацияланатын болжамдар (самореализующимися пророчествами)деп аталады.

Әлеуметтік ролдерді бөлу мен достарды таңдау сұрақтарындағы гендерлік сегрегация біздің басқа жыныстағы адамдарға бізге қарама-қайшы нәрсе сияқты қабылдауымызға ықпал етеді. Гендерлік ерекшеліктерді айқындау өз тобына жақындылық қатынаспен, ал бөгде топқа әділетсіз қатынаспен қарауға себеп болады, сөйтіп гендерлер арасында шиеленістің тууына әкеледі. 

Туғаннан бастап бізге тән болып келетін ақпаратты өңдеу тенденциясы мен гендерлік ерекшеліктер айқындалатын бізідң мәдениетіміздің айырмашылықтары жартылай гендерлік категоризацияға жауап береді. Осыдан басқа, тұлғаның гендерлерді түрлі қылып көретін қызығушылығы болады, себебі оның әлеуметтік ұқсастығы (идентичность) гендерлік категориялардан бастау алады.

Топпен қатты идентификация ұқсастық сезімінің қалыптасуының қуатты көзі болып табылады, ал басқа топтардың қасиеттерін кемсіту өзіндік бағаны жоғарылатып, әлеуметтік өзгерістерге жетуге бағытталған күресті туындатады. Осы кезде топтар арасындағы шиеленістер топтық айырмашылықтарды жоғарылатумен және қуатты идентификация мен басқа топтарды кемсітумен бірге жүретін агрессияны сезінумен байланысты туындайды.

Мәдениетті универсалийлер (этика)- әлемдегі көптеген қоғамдастықтарда кездесетін салттар –гендерлік айырмашылықтардың биологиялық негізі бар деген тұжырым қалыптасқан. Алайда бұлар эволюциялық факторлармен шақырылды ма, немесе мәселелерді әлемге таралған шешу жолдарымен шақырылды ма, айту белгісіз.

Жыныстық түріне байланысты еңбекті бөлінісі гендерлік стереотиптер, ұлдар мен қыздардың дифференциалданған социализациясы, әйелдердің ерлерге қарағандағы өте төмен статусы мен төмен басқарушылық мүмкіндіктері сияқты көптеген мәдениеттерге тән.

Жыныс белгісіне байланысты еңбек бөлінісі балалық шақтан басталады. Әкелері балаларына аналары өткізетін уақытының 1/3 бөлігін ғана жұмсайды. Бар әлемде әйел адамдар үйден тыс жұмыс істесе де, үй шаруасының көп жұмысын атқарады.

Мәліметтер гендерлік стереотиптердің жалпы мәдениеттік ұқсастықтарын көрсететінін білдіреді. 25 елде өткізілген зерттеулер (әр елдің тұрғыны осы сипаттамалар бойынша жыныс арасында дифференицялауды (ажыратуды) қай дәрежеде көрсететіндігі бойынша мәдениеттік ерекшеліктер анықталса да) ерлер – іскер, ал әйелдер – үй шаруашылығын тындыратындар деп саналатынын көрсетеді. Әрбір елде әйелдерді өте әлсіз және пассивті (енжарлы) деп көрсету стереотипті болды.  Діндерінде әйелдер жоғары орын алатын елдер әйелдік жағымды стереотипімен діндегі басты орынды ерлер алатын және барлық салттар ерлермен өткізілетін елдерге қарағанда ерекшеленді.

Әрбір қоғамның дәстүрлі гендерлік ролді қалай қолдайтындығына байланысты біршама мәдениетаралық ығысулар бар. Алайда әлемде гендерлі-ролдік идеология бойынша әйелдер ерлерге қарағанда эгалитарлы көзқарастарға ие болады.

Эмиктер (мәдени өзінділік -культурная специфика) гендерлік ролдердің өзгеруі кезінде өте маңызды болады. Өзгерістер топтық мәдениеттерге қарағанда жекешелік мәдениеттерде, сонымен қатар саяси және мәдени идеологиясы тепе-теңдік пен минималды әлеуметтік тапқа бөлінушілікке (расслоение) бағытталған қоғамдарда тез жылдамдықпен өтуі мүмкін. Осыдан басқа, гендерлік теңдікке бағытталған жолдың белгілі бір мәдениетке тәуелді өзінің ерекшеліктері болады, АҚШ-та өзгерістерге әкелегн факторлар басқа елдердегі өзгерістерге әкелетін фактордан ерекшеленуі мүмкін.

Біз қандай да бір мәдени салт-дәстүрдің біздікінен ерекшеленуіне байланысты оны жаман деп санауымызға болмайды. Бірақ бізге этникалық немесе гендерлік дискриминацияға байланысты мәдени әртүрлілікті бас-көзсіз құптауымызға болмайды.

Қоғамдық көзқарасқа байланысты сұраулар жағдайдың гендерлік теңдікке қарай бетбұрылғандығын көрсетеді, бірақ еңбекақысы, әйелдердің басқаруға қатысуы, үйге байланысты міндеттердің бөлінуі, БАҚ әйелдер мен ерлерді бейнелеу, т.б. бойынша осы өзгерістер бұдан да үлкен болу керектігін дәлелдейді.

Жұмыстың икемді графигі, ана-атасы үшін балаларын күту бойынша төленетін дем алыстар, өндірістегі субсидиялық сапалы балаларды күту жұмыстары, жалақыларды теңдестіру және тірек болатын әрекеттер бағдарламалары – осылардың барлығы жыныстық дискриминацияны жою және еңбек пен отбасылық өмірдің сәйкестілігін жоғарылату мақсатымен қойылатын өндірісті қайта құрылымдау әдістері ретінде ұсынылады.

Гендерлік теңдікке жету үшін сапалы және арзан түрде балаларды күту жұмыстары ұйымдастырылу керек. Көптеген зерттеулер бойынша аналары үйден тыс жұмыс істейтін балалардың интеллектуалды, әлеуметтік және эмоционалды дамуы аналары өндірісте істемейтін балаларды дамуымен бірдей болатынын көрсетеді.

Тіректік әсер көрсететін әрекеттір бағдарламасын тиімді жүзеге асыруда келесі пікірлер кедергі болады: олардың рецепиенттері қажетті түрде квалификацияланбаған, сонымен қатар әлеуметтік тіректің болмауы. Сонымен бірге ұйымдардағы әйелдер мен аз топтардың өкілдерінің саны өте төмен болады, бұл «ережеге сай емес» принципі бойынша ойлауға қарсы тұруға жетпейді. ААР тиімділігін жоғарылату әдістері: тіректік әрекеттердің мүмкін болатын салдарларын түсіндіру, тіректік әрекеттер бағдарламасы бойынша қабылданған адамдардың квалификациясына байланысты ақпаратты жұмыскерлерге ұсыну, осындай қызметкерлер мен басқалары арасындағы жеке қатынасының теңдікте болуын қамтамасыз ететін мүмкіндіктерді тудыру.

Үй бойынша міндеттерді дәстүрлі түрде бөлу гендерлік теңсіздік симптомдарының бірі болып табылады, ол балаларда гендерлік-стереотипті ойлаудың және шиеленістердің қалыптасуына әкеледі. Адамдар міндеттерді әділ бөлу жүйесін жақтайды, алайда белгілі себептерге байланысты (әлеуметтік нормалар, бәсекелестік тұжырымдар, үй шаруасын атқара алмау) тұжырымдар мен іс-әрекет арасындағы сәйкессіздік сақталып келеді.

Педагогтер мен ата-аналары балалардың айналасында гендерлік бостандық бар орта жасауы тиіс, тең құқылы гендерлік-ролдік қарым-қатынас жасап, балаларының БАҚ бейнеленетін гендерлік стереотиптерді қабылдамауын қадағалау керек.

Өзгерістерге гендерлер туралы 5 жалған бөгет кедергі жасайды. Оларға келесі көзқарастар жатады: 1) гендерлік айырмашылықтар үлкен;

2) гендерлік айырмашылықтар фундаменталды биологиялық айырмашылықтар болып табылады;

3) биологиялық ролдер ерлер мен әйелдердің түрлі ролдерді жақсы орындауға бейімделуіне жағдай жасайды;

4) гендерлер бір-бірінен ажыратылған, бірақ олар тең;

5) дәстүрлі гендерлік ролдер қоғам сұраныстарын толық қанағаттандырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *