Қарастырылатын сұрақтар:
- Қабілет.
- Қабілеттің табиғаты.
Қабілет – бұл нақты қызметті жоғары өнімділікпен орындауға қажетті қасиеттердің жылдам дамуына мүмкіндік туғызуға негізделген адамның нақты, тұрақты психологиялық қасиеттері. Сәтті әрекет етуге әр адамның жеке мүмкіндігі бар. Адамның жекелеген органы қасиетінің даму мүмкіндігі туралы оның іскерлігіне қатынасынсыз айтқанда, бұл жерде сөз жеке басының қабілеті жайында. Сонымен, адамның қатты дамыған көру, есту, сезу, түйсіну қабілеттері болады. Қандай да бір нақты іс үшін жекелеген органның «мүшенің) даму қасиеттерінің аса жоғары сатыда болуының қажеттілігі жөнінде айтқанда, арнайы қабілеттерді айтамыз. Мысалы, қырағы көз снайперге қажет, өте жақсы есту – гидроакустикке, аса сақтықты сезіну – минерге қажет. Сонда да іс-әрекеттің сәттілігі үшін психиканың жағымды ерекшеліктері де маңызды, снайперге де, минерға да, гидроакустикке де бірдей қажет нәрсе ойлау реакциясының жылдамдығы, тапқырлық, ұтқырлық және т.б. ортақ қабілеттер.
Нақты бір адамға тән ортақ, арнаулы және жеке бас қабілеттерінің жиынтығы оның қандай да бір қызметке жарамдылығының басым екенін көрсететін оның дарындылығын құрайды. Қабілеттің даму сатысы әртүрлі. Қызметтің қандай да бір саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік туғызған өте жоғары дарындылық — талант деп аталады.
Қабілеттің табиғаты қандай?
Адам дүниеге келгенде ата-анасынан бірқатар болашаққа деген талап алады. Талап биологиялық жағынан негізделген анатомды-физиологиялық қабілеттер, жүйке жүйесі мен ағзаның құрылысы.
Осы талап негізінде қабілет қалыптасады. Талаптың өзі бір мағыналы емес, яғни олардан әртүрлі қабілет дамуы мүмкін. Барлығы адамның тап болған жағдайына, өмірінің әртүрлі кезеңіндегі жасаған іс-әрекетне байланысты. Іс-әрекеттің сәттілігіне алғы шарт бола отырып, қабілеттер өз кезегінде соның ықпалымен дамиды. Қандай да бір іске қызығушылығы бар адам соған сәйкес қызығушылық сияқты қабілеттерді де дамытады, қызығушылық әдетте қолынан оңай іс келетін адамдарда байқалады.
Қабілет сонымен қатар ерік-жігерге де байланысты. Ерік-жігердің болуы адамның тыңғылықты еңбек ететініне, жан-жақты жетілуіне алғы шарт болады, сөйтіп, өзінің қабілетін дамытады. Адамдардағы қабілеттің дамуының басты жолы оларды қызығушылығы мен бейімі бар белсенді шығармашылық іске қосу. Жеке тұлғаның қасиетін, ең алыдмен оның қабілетін анықтауға кәсіби-психологиялық іріктеу бағытталған. Оның мәні болашақ мамандығына сәйкес және кәсіби жарамдылығын оңтайлы анықтайтын сондай қабілеттері мен жеке психологиялық қасиеттері бар адамдарды іріктеуде.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986
- Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.
- Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.
- Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.