Сарбаздың мінезі

 

Қарастырылатын  сұрақтар:

  1. Мінез.
  2. Саналы мінез.
  3. Адамдармен қарым-қатынас.
  4. Өз-өзіне деген көзқарас.

Мінез жеке тұлғаның мазмұнды жағы болып табылады. Онда адамның кейпі, оның барлық қылықтары мен әрекетіне таңбасын түсіретін  табанды ерекшеліктері көрінеді. Адамның мінезін білу – бұл ол туралы оның тәртібін анықтайтын ең маңызды нәрселерді білу деген сөз. Сондықтан да қол астындағыларды табысты үйрету, тәрбиелеу және оларға басшылық жасау үшін командир өз адамдарының ағымдағы істерін, өмірбаяндық деректерін ғана емес, ең алдымен олардың мінезін  де білуі керек.

Кез-келген адамның мінез-құлқын зерттеп – білу оны ұзақ уақыт бойына мақсатты және жүйелі қадағалауды талап етеді.  Мінез-құлық ядросы оның барлық психикалық процестеріне таңба қалдыратын адамның қоршаған дүниеге қатынасын құрайды.

Қоршаған дүниеге қатынасы оның әрекетінен, мінез-қылықтарынан көрінетін және адамның дүниетанымдық көзқарасымен, қажеттілігімен анықталатын, жеке тұлғаның бағыттылығымен көрінеді.

Адамдардың қоршаған дүниеге қатынасы жөнінде  саналы және санасыз мінез туралы айтуға болады. 

Саналы мінез қандай да бір тұрақты көзқарасы бар және соған сәйкес әрекет ететін адамға тән. Керісінше санасыз (идеясыз) мінезді адамның тұрақты көзқарасы мен пайымдаулары мүлде болмайды немесе олар сезімге, жағдайға немесе бөтен ықпалға бағынып әрекет етеді.

Саналы мінездің маңайындағыларға қатынасынан байқалатын маңызды белгісі алдына мақсат қоя білу. Ол адамда болатын оның дүниеге деген көзқарасына шартталған, алыс-жақын мақсат жүйелерінен байқалады.

Адамның еңбек қызметіне деген қатынасы оның еңбекке деген көзқарасымен, оған қатысуымен көрінеді.

Саналы мінезі бар адамға еңбекті жинақы түрде жасайтын, оған қоғамдық мән мен моральдық құндылық ретінде қарайтын алдына қойған мақсатқа жету тән. Іскерлігі, жігері бар, бірақ жинақылық мінезі жоқ адамдарға еңбекті жинақы түрде жасайтын, оған қоғамдық мән мен моральдық құндылық ретінде қарайтын алдына қойған мақсатқа жету тән. Олар сырттай әбігер, мазасыз, өздерінде алға қойылған мақсатқа жетудің жоқтығымен немесе өзінің әрекетін ойына бағындыра алмайтындығымен ерекшеленеді.

Іскерлігі, жігері жоқ  адамдар енжар келеді.

Жігерсіздік адамның ішкі терең қарсылығынан туындауы мүмкін.  Әскери қызмет процесінде  адалдық, бастамашылдық, жауапкершілік, табандылық, еңбексүйгіштік, ұқыптылық, байыптылық сияқты мінездің мақсатты, іскерлікті, жігерлі жақтары дамиды.

Адамның еңбекке деген іскерлік қатынасы көрінетін мінездің жалпы сипаты–белсенділік. Оның мәні – адамдағы мақсаттың оғана жетудегі жұмсалған күш-жігердің  тұрақтылығында.

Жастарды белсенділікке тәрбиелеу өз жұмысының мәні мен маңызын сезіну дағдыларына және оның мақсатына үнемі көңіл бөлуге төселдіреді.

Адамдарға деген қатынас — олардың достарымен, ұжымдағы бірлескен қызметтегі қарым-қатынас барысында байқалады.  Осы қағида бойынша адамдарды ашық-жарқын және тұйық мінезді деп бөледі. Өмірде ашық, жеңіл мінезді адамдар кездеседі. Олар негізінде қандай ортақтық бар екенін сезінбестен тез тіл табысады. Мұндай адамдарды әдетте, жеңілтек адам деп айтады. Олар түрлі күтпеген жағдайларға бейім, сондықтан да оларға үнемі бақылау қажет. Адамның тіл табысқыштығы адамдар мүддесіне, солармен бірдей ойлауға  негізделген таңдаулы болуы мүмкін. Мұндай көпшілдік дұрыс, ол адамды принципшіл, бір ізді  адам ретінде сипаттайды. Тұйық мінез адамдарға деген теріс немесе немқұрайлық қатынастарының салдары болуы мүмкін немесе іштей терең шоғырлану, не оларға деген сенімсіздік, сақтық.

Оқушыларда содан кейін сарбаздардың бойында жолдастарына деген дұрыс қарым-қатынастың қалыптасуы барысында кішіпейілділік, әділдік, мейірім, қамқорлық, адалдық, шыншылдық, ұжымшылдық және т.б. қасиеттер дамиды.

Ағымсыз жағдайларда қатыгездік, немқұрайлық, өзімшілдік, дөрекілік, сараңдық және т.б. теріс қасиеттер дамиды.

Өз-өзіне деген көзқарас.

Әрбір адам нақты түрде өз-өзіне көңіл бөледі. Бұл қатынасқа ұжымдағы, қоғамдағы жағдайды және олардың алдындағы жауапкершілікті сезіну. Өзінің мүмкіндігін, маңыздылығы мен қажеттілігін асыра бағалау өзімшіл мінезі басым адамдарға тән. Өзімшіл адам өз басының жеке мүддесін ұжым мүддесінен жоғары қояды, сондықтан да мұндай адам сенімсіз. Оған сенім артуға болмайды. Осындай мінезді адамдар әскери қызмет кезінде қасындағы адамдардармен қарым-қатынас барысында үлкен қиыншылықтарды бастан кешеді.

Әрбір мінез өзінше дербес, бірақ соған қарамастан мінез бойынша бірқатар жалпы баға беруге болады: мазмұны бойынша, күші бойынша, сол және басқа белгілердің болуы не болмауы бойынша.

Болашақ сарбаздың мінезін мазмұны бойынша бағалау адамның өзіне, басқа адамдарға, еңбекке, маңайындағыларға қарым-қатынас ерекшеліктерін көрсете отырып, жүзеге асырылады. Бұл оқушының мінезі туралы нақты, әрі дұрыс білмей тұрып, оны әскери қызметке дайындау жөніндегі тәрбиелік міндеттерді шешуге болмайтын негізгі бағалау.

Күші бойынша мінезді бағалау. Мықты деп іс-әрекеті, қылықтары білімі мен пайымдауларна сәйкес келетін мінезді адамдарды айтады.

Өзіне тән ерекшеліктері бойынша мінезді бағалау.  Мінез ерекшелігіне, әдетте адамның қандай да бір нақты оқиғада оның әрекет ету мүмкіндігі туралы айтуға болатын психологиялық ерекшеліктері жатады. Ең алдымен бұл мінездің жігерлі ерекшелігі. Олар: дербестік, сабырлық, қайсарлық, мықтылық, табандылық.

Мінездің эмоционалдық ерекшеліктері – байсалдылық, қызбалық, құмарлық, әуеқойлық, әсерленгіштік, ұстамдылық.

Мінездің интелектуалдық ерекшеліктері – терең ойлау, зеректік, тапқырлық және т.б.

Мінездің аталған ерекшеліктері жеке тұлғаның қандай да бір бөлек жақтарын көрсетеді. Сонымен бірге жеке тұлғаның бүтінге жинақталған кейбір ортақ ерекшеліктері туралы да айтқан дұрыс. Сарбаздың адамгершілік бейнесі ашылатын мінездің мұндай ортақ ерекшеліктері мыналар:

— мақсаттылық, сенімділік, принципшілдік;

— патриотизм, отаншылдық;

— ел алдындағы өзінің әскери міндеті мен жауапкершілігін сезіну;

— ұжымшылдық;

— тәртіптілік;

— сақтық.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986
  2. Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.
  3. Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.
  4. Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *