Жеке адам ұжымда ғана өзінің талабын жан-жақты дамытуға мүмкіндік алады, осыдан барып, тек қана ұжымда жеке басының еріктілігі болады. Ұжым әрбір адамның күшін еселейді және еңбек процесіндегі қоғамдық байланыс жарыс туындатады және жекелеген адамдардың жеке өнімділігін ұлғайтатын өзіндік өмірлік қуаттың туындауына әкеледі. Өз кезегінде ұжымның әрбір мүшесі өзінің жолдастарына, бүтіндей алғанда ұжымға ықпал етеді. Бұл өзара ықпал ұжымдық психологиядан көрінеді.
Әскери ұжым және оның ерекшеліктері
Әскери ұжым жеке құрам өмір сүретін, сарбаздардың рухани келбеті мен шеберлігі қалыптасатын қоғамдық-идеялы, психологиялық орта. Ол басқа ұжым түрлерінен алдына қойған мақсатымен, Отанды қорғау міндеттерімен ерекшеленеді. Бөлім ұжымы егер оның барлық мүшесі өз міндеттері мен бағытын терең сезінсе ғана шын мәнінде әскери болады. Әскери қызметтің мақсаты мен міндетін түсіну болашақ сарбаздар бойында мектепте, ең алдымен бастапқы әскери дайындық сабақтарында қаланады.
Әскери ұжымның ерекшелігі алдыда тұрған міндеттерді орындау жауға қарсы қару, әскери техниканы қолдану мен әскери күш көрсетуді пайдаланумен қол жеткізуінде.
Осыған орай, шынайы әскери ұжым деп, оның барлық мүшелерінің бойында ержүректілік, табандылық, төзімділік қасиеттерін қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар техника мен қаруды шебер қолдана білудің терең дағдысын қалыптастырған ұжымды айтамыз.
Әскери ұжым оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастағы тәртіп ережелері мен спецификалық нормалар негізінде ұйымдастырылады және дамиды. Бұл нормалар мен ережелер ағымдағы қызмет талабынан ғана шығып қоймайды, сонымен қатар әскери қызмет қажеттілігінен де туындайды. Олар жалпы әскери жарғыда берілген.
Әскери ұжымжа оның барлық мүшелерінде бөлімшеге, оның туына, қарулас жолдастарына, достас армиялардың әскердің басқа түріндегі сарбаздарына, жауға деген нақты қарым-қатынас қалыптасады. Бұл қатынас әскери этика нормасын құрайды, сарбаздар оларды меңгермейінше ұжымның әскери келбеті болмайды. Егер бөлімшедегі сарбаздардың әскери антқа және дәстүрлерге адалдығы, міндеттілігі, жауға деген өшпенділігі қалыптаспаса, онда ұжым әскери тапсырмаларды орындауға дайын болмайды.
Қарулы Күштер жағдайында жеке тұлғаның ұжымға бағыну принципі әртүрлі бейімделеді: Бөлімшенің барлық мүшелері мемлекет өкілі ретінде командирге сөзсіз бағынуы керек.
Әскери психологияда әскери ұжым дегеніміз Қазақстан Республикасы Конституциясына және әскери жарғыға сәйкес әскери қызметкерлерді тәртіппен, әскери дайындықпен және әскери қабілетпен, мықты бірлікпен сипатталатын, жеке командирдің басшылығымен қару мен әскери техниканы пайдалануда орындалатын бірлескен қызмет пен әскери іс-әрекет тұрғысынан ортақ, саналы моральдық позиция негізіндегі бірлестік.
Өзін – өзі тексеруге арналған:
- Әскери ұжымның ерекшеліктері қандай?
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986
- Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.
- Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.
- Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.