Әскери психологияның негізгі әдістері — әрқайсысы әртүрлі арнаулы формада көрінетін қадағалау мен эксперимент әдістері.
Қадағалау әдісі – бұл адамның психикалық ерекшеліктері туралы фактілерінің жүйелі, мақсатты түрде жинақталуы.
Бұл әдіске әртүрлі жағдайда сарбаздардың іс-әрекетіне сырттай объективті қадағалау жүргізу жатады, сонымен іс-әрекеттің өзін емес, оларды қозғаушы күшті, яғни зерттеп білетін адамның психикасын, оның ойын, не түрткі болғанын, ақыл-есін білу маңызды. Іс-әректетін дұрыс түсіну адамның психикалық әлеміне үңілуге септігін тигізеді. Адамдардың психикалық ерекшеліктерін зерттеп білу процесінде олардың өздері, өз ойлары туралы айтқандарын, күйзелістері, іс-әрекеттері туралы айтқандарын пайдаланады. Психологияда бұл деректерді өз-өзіне есеп беру деп атайды. Аталмыш жағдайда өз-өзіне есеп беру материалы адамның айқындалған ерекшеліктеріне түсінік емес, оған біз қадағалау жүргізген уақыттағы күйіне куә болу сияқты.
Өз-өзіне есеп беру – адамның жеке бас ерекшелігін зерттеп білудің маңызды құралы. Олардың тәртібіне қарап, адамдар туралы нақты әрі жан-жақты пайымдауға болмайды (осы ерекшеліктердің басты көрсеткіші сол болғанымен), бұл деректерді кез-келген іс-әрекетте болып, соны анықтайтын іс-әрекетінің себебі, мүддесі, күйзелісі туралы мәліметтермен толықтыру қажет.
Оқушылармен жұмыс жүргізу барысында осындай тосын жайттар болмас үшін оқушы олар туралы болымсыз мәліметтермен шектеле алмайды. Оқушы өз алдына мақсат қоюы керек: оқушы өзінің міндетін қалай орындайды, оның жауапкершілік сезімі дамыған ба, өзіне берілген тапсырманы қалай орындайтынын анықтап алу керек.
Алға қойған мақсатқа сәйкес қадағалау жоспары қалыптасады, онда оқушы сабақта сыныпта кезекші болғанда, мектептен тыс жерлерде жолдастарының қылығына қалай қарайды, оларды қаншалықты сынайды, өзінің қателіктеріне қалай қарайды, қиыншылықтарды жеңуге қалай әрекет жасайтынын оқыту қарастырылады.
Қадағалау – бұл алынатын мәліметтерді үнемі талдау, оларды салыстыру, бағалау, тексеру тек осындай қадағалау нақты болып табылады.
Эксперименталды әдіс.
Оның мақсатты қызметін әдеттегі жағдайда байқала бермейтін психикалық процестер мен жеке бас қасиеттерін қадағалау үшін қол жетімді етуде. Психологиялық эксперименттің екі түрі бар:
- Зертханалық, жасанды эксперимент. Мұнда эксперимент жасаушы сыналатын адамды зерттеуге жағдай жасайды. Мысалы, радиотелеграфшының БМП жүргізушінің жылдамдық реакциясын анықтау. Эксперимент процесінде тренажерлар мен әртүрлі құралдар пайдаланылуы мүмкін, олармен жұмыс жасау ынтаны, есті және басқа да психикалық процестер мен күйді бағалауға мүмкіндік туғызады. Бұл әдіс жеке тұлғаның темпераменті, қабілеті туралы бірқатар қорытынды жасауға мүмкіндік туғызады.
- Табиғи шынайы эксперимент, мұнда зерттелушінің әдеттегі қызметінің мәні сақталады, тек психиканың сол немесе басқа көріністерін анықтап, белгілеп қоюға мүмкіндік туғызатын жағдай ғана өзгереді.
Сөйтіп, мысалы БӘД жөніндегі сабақтарда олардың әдеттегі барысын өзгерте отырып, жаңа элементтер енгізе отырып, сол немесе басқа оқушының реакциясын қадағалауға болады және оның білімін, есі, ойлау қабілеті, бастамашылдығы, табандылығы туралы қорытынды жасауға болады.
Адамның жеке бас ерекшеліктерін оқып – білу әдісі оның қызмет нәтижелерін талдау жолымен мысалы, әскери жағдайда сарбаз төсегін жинағанда, тумбочкасын таза ұстауында, орын жиыстыруда командир оның ұқыптылық, жауапкершілік сезімі туралы қатесіз айтуына болады. Оқ ату, нәтижесі, қаруды ұстау мен оны техникалық күту сапасы ойлы тәрбиешіге оқушының шеберлігін қабілетін сарбаз мүддесін бағалау үшін материал болады.
Әңгімелесу әдісі бақылаушымен тікелей байланысқа түсу жағдайында оның ішкі әлемін, жеке бас ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік туғызады.
Адамның ойы, сезімі әңгімелесуі кездейсақ емес, мақсатты сипатта болса, өзара сенім болған жағдайда ғана білуге болады, егер оның нәтижесі басқа әдістердің көмегімен алынған деректермен салыстырса жүйелі түрде жүргізіледі.
Сауалнама әдісі – бұл алдын ала ұйғарылған сұрақтар бойынша жеке тұлға маңайындағыларға сауал жүргізу. Сауалнама әдісінің нәтижесі статистикалық жағынан өңделіп, жеке тұлғаларға қатысты қорытынды жасауға ммүкіндік туғызады. Сауалнамаға бес – жеті сұрақ қою керек. Бастысы олар түсінікті болуы керек. Сауалнаманы ұжымдық, әңгімелесу процесінде викторина түрінде ауызша жүргізуге де болады.
Тест әдісі – бақыланушыға міндет қойып, оны шешуі – әскери кәсіби іріктеу барысында қолданылады.
Социометрия әдісі ұжымдағы өзара қарым–қатынасты білу үшін қолданылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986
- Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.
- Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.
- Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.