Ғылым методологиясы– бұл ең алдымен зерттелетін құбылыстарға әдіс таңдау, зерттеуді ұйымдастыру, алынған фактілерді талқылау, теорияны құруға апарар стратегияны анықтайтын оның дүниеге көзқарасы.
Әскери психиканың методологиялық негізін философиялық экономикалық әлеуметтік саяси білімнің бірлігі құрайды. әскери психология үшін маңызды методологиялық мәннің философиялық басты мәселесінің материалистік шешімі бар.
Бұл материя бірінші, ал сана психика адамның кейінгі яғни материядан шығады.
Философияның басты мәселесінің екінші жағы біздің санамыздың қоршаған әлемге қатысы туралы мәселе.
Диалектілік материализмді материалдық әлемді танушылыққа ғылыми негізделеді: адамзат санасы объективті шындықты дұрыс танып, қайта өзгерте алады, яғни адамның өзін де, оның санасын, психикасын да танып білуге болады. Заттардың жалпы байланысы мен шарттылығы туралы материалистік диалектика жағдайы мен материалдық әлем құбылыстары психологтарды адам психикасы мен ұжым психологиясын жасанды түрде бөлшектеуден оларды жеке құрылымдық элементтерге зерттеп білу барысында және оларды оқшау метафизикалық қарастырудан сақтандырады. Психикалық құбылыстарды зерттеп білуге мақсатты жол қамтамасыз етілуі керек.
Жеке тұлға мен ұжымның психологиясын зерттеп білудің ғылыми негізінде қозғалыстың жалпылығы және табиғат пен қоғамдағы даму туралы материалистік диалектика ережесі жатыр. Басқа құбылыстар сияқты психика үнемі дамып отырады.
Даму филогенез (яғни адам мен адамзаттың тарихи дамуы) және онтогенез (жеке адамның немесе бір нақты ұжымның дамуы). Бұл жағдайда оқытушыны адамды ондағы оңды қасиеттерді қалыптастыру және кері қасиеттерді жеңіп шығу тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудегі педагогикалық оптимизммен, сеніммен қаруландырады.
Әскери психология сондықтан өзгерістердің сапалыққа ауысу заңына сүйене отырып, ғылыми тұрғыдан сарбаздың, жас сарбаздың жеке басыынң дамуы оның жекелеген психикалық процестерін жетілдіру арқылы жүзеге асады және жеке тұлғаның бүтіндей сапалық қасиеттері. Бұл жоғарғы және төменгі сынып оқушыларының, әскерге шақырылатын сарбаздың жаңа ғана әскерге шақырылған сарбаздың, запасқа шыққан сарбаздың білімін, дағдысын, іскерлігін, шеберлігін, саяси адамгершілік ерік күшін және басқа қасиеттерін салыстыру барысында көрінеді.
Қайшылықпен күрес және бірлік заңы оқытушыларға оқушының, сарбаздың жеке басының даму себебі мен даму көзін дұрыс түсінуге септігін тигізеді. Ол күрес пен қайшылықтарды шешу арқылы жүзеге асырылады: оқудағы қиыншылықтар, әскери қызмет қиындығы.
Жастардың психикасын зерттеп біле отырып, оқушылар жоққа шығару заңы әрекетін де ескереді. Жеке тұлғаның дамуы бұл күрделі, көп қырлы процесс екені белгілі, соның барысында адамның жаңа қасиеттері қалыптасады да, бұрын болған оңды қасиеттері жетілдіріліп, керісі ығыстырылады. Әскери психология сонымен қатар тарихи материализмге, ең алдымен адамды барлық қоғамдық қатынастардың бірлігі ретіндегі ұғымға иек артады.
Әлеуметтік орта, бұл қоғам, ұжым, ең алдымен жеке тұлғаны, оның рухани ішкі әлемін қалыптастырады. Яғни, оқытушы сарбаздың, оқушының өмір сүріп, дамитын жағдайын, оның басқа адамдармен байланысатын әлеуметтік жағдайын ескеру қажет. Диалектілік және тарихи материализм жағдайына арқа сүйей отырып, әскери психология өзінің методологиялық қағидасын қалыптастырады, оның негізгілері мыналар:
— детерминизм принципі (психологиялық құбылыстардың шарттылық себебі);
— психиканың даму принципі (және жеке тұлғаның);
— сана мен қызметтің бірлік принципі;
— психикалық біртұтастық пен жеке тұлғалық принципі;
— сыртқы әсерлер мен ішкі жағдайдың бірлік принципі.
Әскери психологиядағы бұл принциптердің бірлігі жеке тұлғаны, ұжымды және қызметті оқып-үйренудегі әлеуметтік-тұлғалық қызметтік жолда көрініс табады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- Әскери психологияның методологиялық негіздерін не құрайды?
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986
- Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.
- Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.
- Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.