Әскери психология төмендегі міндеттерді шешеді:
- әскерилер мен әскери ұжым қызметінің психологиялық аспектілерін анықтайды. Осы мақсатпен бейбіт уақытқа тән қызмет, оқу, демалыс, қоғамдық қызмет, өзара қарым-қатынас, ұжымдық іс-әрекет, сонымен қатар әскерлер мен әскери ұжымның ұрыстағы әрекеті оқытылады;
- соғысқа, ұрыстағы психологиялық мобилизацияға жеке құрамның жан-жақты дайындығының шешімін табу мүддесінде жеке әскери тұлғаның психологиялық ерекшеліктері анықталады;
- әскери ұжымның психологиясын оны бірлікте ұстау жолдарын іздеу мен оның әскери белсенділігін басқару мақсатында оқытады; әскери қызмет жағдайының әскерлердің психикасына, әскери ұжым психологиясына ықпалы;
- сарбаздардарды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық негізін жасайды. Осы мақсатта жеке құраммен оқыту – тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуде психологиялық заңдылықтарды пайдалану, есеп жүргізу жолдары мен құралдары ашыла түседі.;
- заманауи ұрыс жағдайындағы әрекеттерге жеке құрамның психологиялық дайындық заңдылығын зерттейді. Осы мақсатта ұрыстағы психиканың байқалу қызметінің заңдылығы оқытылады және әскери техника мен қару-жарақты қолдану мен оған күтім жасауда адам психикасының тұрақтану зерттеледі; қауіпті және басқа да жағдайларда туындайтын психикалық күйі; үрей мен байбаламмен күресу жайттары және басқа да теріс психикалық күйлердің алдын алу мен оны жеңіп шығудың құралдары анықталады; әртүрлі әскери мамандықтағы сарбаздардың психологиялық шынығу жолдары мен жағдай ерекшелігі;
- әскерлердің әскери дайындық құрылымындағы психологиялық аспект анықталады және оның тұлғалық, әлеуметтік – психологиялық сипаты беріледі;
- жеке құрамның аса сақтық пен еңбекке деген қабілеттілікті ұзақ уақыт сақтаудың психологиялық, психофизиологиялық қиындығы ашылады;
- аяқ астынан болатын әскери жағдай барысындағы психологиялық қиыншылықтарға талдау жүргізеді және қажеті жоқ психологиялық құбылыстарды болғызбау жолдары анықталады (сасқалақтау, жинақы емес);
- ұйымдастырудың психологиялық мәселелерін және мобилизациялық, әскери дайындықты қолдау жөніндегі әскери кезекшілік ету мен іс-шараларды өткізу мәселелерін шешеді;
- әскери техника мен қаруды пайдаланудың психологиялық мүмкіндігіне сипаттама береді. Ол үшін психикалық процестер сапасы, күй-жайы, қасиеті мен шығуы оқытылады және оларды пайдалану процесін оңтайландыру мақсатында әскери техника мен қаруды дайындау барысында соған сәйкес техникалық шешімдер болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986
- Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.
- Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.
- Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.