Әскери психология пәнінен глоссарий

  1. Әскери психология – бұл әскери тұлға мен әскери ұжымда жаттығу, қызметтік және әсіресе әскери қызмет жағдайында психиканы қалыптастыру, психиканың қызмет ету заңдылығы мен механизмін оқытатын психологиялық ғылымның саласы.
  2. Әскери психологияның негізгі әдістері — әрқайсысы әртүрлі арнаулы формада көрінетін қадағалау мен эксперимент әдістері.
  3. Ғылым методологиясы– бұл ең алдымен зерттелетін құбылыстарға әдіс таңдау, зерттеуді ұйымдастыру, алынған фактілерді талқылау, теорияны құруға апарар стратегияны анықтайтын оның дүниеге көзқарасы.
  4. Елестету – адам ешқашан тікелей түйсінбеген және дәл қазіргі сәтте түйсінбейтін заттар бейнесін жасау.
  5. Бейімделу – сезім мүшелеріне немесе оның болмау салдарынан тітіркендіргіштің ұзақ уақыт әсер етуінен сезімталдылықтың өзгеруі.
  6. Мінездің эмоционалдық ерекшеліктері – байсалдылық, қызбалық, құмарлық, әуеқойлық, әсерленгіштік, ұстамдылық.
  7. Мінездің интелектуалдық ерекшеліктері – терең ойлау, зеректік, тапқырлық және т.б.
  8. Қабілет – бұл нақты қызметті жоғары өнімділікпен орындауға қажетті қасиеттердің жылдам дамуына мүмкіндік туғызуға негізделген адамның нақты, тұрақты психологиялық қасиеттері.
  9. Еске түсіру – бұл сақталған материалды іс жүзінде қолдану үшін санада белсенділендіру.
  10. Қозғалтқыш ес – бұл қозғалысқа құрылған ес.
  11. Әскери ұжым – бұл оның бірлігіне бағытталған тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыра отырып, оның шынайы, тірі әлеуметтік ағза екенін ескеру.
  12. Дағды психикалық білім ретінде – бұл істі дұрыс, жылдам, үнемді, жоғары нәтижемен орындауға деген қабілеттілік.
  13. Әскери педагогика –бұл сарбаздарды тәрбиелеу мен үйрету туралы ғылым.
  14. Әскери педагогиканың ерекшелігі – әскердегі және флоттағы педагогикалық әсер ету нысаны нақты өзіндік көзқарасы қалыптасқан ересек адамдар.
  15. Әскери-педагогикалық процестің ең бір негізгі заңдылығы – командирлердің, саяси жұмыс жүргізетіндердің, қоғамдық ұйымдардың оқыту – тәрбиелеу әрекеттерінің қарамағындағылардың қызмет сипат мен мақсатына, олардың күш-қуат мүмкіндігіне, әскери ұжымның жаттығуына, тәртіпке салынуына сәйкес болуы.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *