Әскери психология – бұл әскери тұлға мен әскери ұжымда жаттығу, қызметтік және әсіресе әскери қызмет жағдайында психиканы қалыптастыру, психиканың қызмет ету заңдылығы мен механизмін оқытатын психологиялық ғылымның саласы. Әскери психология әскери әрекет жағдайындағы адамның тәртібін, басшылар мен бағыныштылардың өзара қатынасындағы психикалық тараптарды психикалық үгіт–насихат пен контр насихатты, әскери ұжымды, әскери техниканы, әскери іс–әрекетті басқарудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Жалпы білім беретін және кәсіби білім беретін мекемелердегі бастапқы әскери дайындық негіздері оқу үрдісінде БӘД оқытушысы (ұйымдастырушы) жастардың Қарулы Күштер қатарында қызмет ету дайындығын жан–жақты жүзеге асырады, оның ішінде адамгершілік психикасының дайындығы басым болады. «Психикалық дайындық» түсінігі нені білдіреді? Ол үшін ең алдымен ішкі қобалжу түрінде көрінетін (ой, сезім, сезіну) тікелей бақылау және психикамен аталмайтын құбылыстардың мәнін ашу, сонымен қатар адамзат тарихындағы олар туралы білімнің қалыптасуының мәнін ашу керек.
Психика адамның, жеке тұлғаның оның іс–әрекетінде сырттай көрініс табатын рухани әлемін құрайды, адамның айтатын ойындағысында оның қимылы мен ишарасында немесе іштей ой әрекеті, уайым, емеурін және т.б. ретінде көрінеді.
Әскери қызметшілер психикасының сыртқы және ішкі түрін оқытуға осы әскери психологиялық дайындық бағытталған. Қарамағындағылардың ішкі әлемінің түп–тамырына дейін сыртқы көріністер бойынша және жанама белгілері бойынша жете білу керек, олардың даму бағытын көру, әскери тұлғаның қалыптасу үрдісін жобалау, олармен жұмыс жүргізудің неғұрлым тиімді жолдары мен әдістерін таба білу керек.
Психика адамның іс–әрекеті мен тәртібіндегі маңызды реттегіш болып табылады.
Психикалық процестерге қарағанда психикалық қасиеттер жоғары және неғұрлым тұрақты және аталмыш адамға тән болып табылады. Оған мыналар жатады:
- бағыттылық;
- темперамент;
- мінез;
- адамның қабілеті.
Олар психикалық процестер, психикалық күй және психикалық білім негізінде қалыптасады да өз кезегінде оларға маңызды ықпал етеді. Психикалық қасиет психиканың сапалық деңгейін, оның ішкі және сыртқы байқалуын анықтайды.
Психикалық білімге білімі, дағдысы, ептілігі, пікірі, пайымдаулары, әдеттері жатады. Олар тұлғаның психикалық процестері, психикалық күйі мен қасиеті негізінде қалыптасады.
БӘД сабақтарында қалыптасатын оқушылардың психикалық білім деңгейі олардың әскердегі қызметке адамгершілік-психологиялық және арнайы әскери дайындық деңгейін сипаттайды. Психикалық процестер, психикалық күйі, психикалық қасиеті мен білімі өзара шартты және диалектикалық бірлікте көрінеді. Олардың арасындағы шекара тым шартты және жылжымалы, ауысулар аздап қана байқалады.
Тұлға туралы әскери психология білімі, оның даму заңдылығы жалпы білім беретін мектептің БӘД оқытушы – ұйымдастырушы үшін оқушылармен жүргізілетін жұмыстағы олардың танымдық белсенділігін, әскери-патриоттық тәрбие, дене күш-қуатының дамуына жекелей жол табуды жүзеге асыруға қызмет етеді.
Әскери психология ғылым ретінде әскери ұжымның психологиясын, оның даму заңдылығын және көрініс табуын да оқытады . Бұл заңдылықтар көбінесе мектептің оқу ұжымына тән. Ұжым психологиясы – бұл сол жалпы бүтіндей алғанда ұжымның және оның әрбір мүшесінің тәртібі мен әрекетіне әсер ететін жалпы күйзеліс, реакциялар, пікірлер, көңіл күй, өзара қарым-қатынас. Ол жекелеген адамдар психикасының көрінуіндегі қарапайым арифметикалық қосынды емес. Сонымен қатар ұжым психологиясын жеке тұлға психологиясымен қарама — қарсы қойып салыстыруға болмайды.Ұжым психологиясы — ұжым мүшелерінің жеке психологиясының тасымалдану салдары, оның интеграциясы болып табылады. Ол төменде аталған құрамдардан жасалады:
- мотивациялы құрамнан – ұжымдық қажеттіліктен, мүдделерден, мұқтаждықтан, мақсаттан, арман-мұраттан, салт-дәстүрден;
- интеллектуалдық құрамнан – ұжымдық сезім, көңіл күйден;
- ері-жігер құрамынан – табандылықтан, батылдықтан, тәртіптіліктен және т.б.;
- әлеуметтік құрамнан – ұжым мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынас сипатынан (өзара бір-біріне деген жақындық, бағалай білу, симпатия және антипатия және т.б.).
Ұжымдағы бірлік заңдылығын ашу, оның психологиялық атмосферасын, өзара достық қарым-қатынасын басқару оқушылардың бойында ұжымдық рухты, тәртіпті, одан әрі қызметте және күнделікті өмірде маңызды қасиеттерді тәрбиелеуге септігін тигізеді.
Әскери психологияны зерттеу пәні оның барлық жағынан байқалуындағы әскери қызмет болып табылады. Әскери қызмет – Қазақстан Республикасы Конституциясымен қаралған, құнды мұраттар мен өнегеден туындайтын әскерилердің қауіпті жағдайда, жоғары күш-қуат және психологиялық жүктемелердің әскери уақыттағы сияқты бейбіт кезеңде басқаруға берілген міндеттердің орындалуына бағытталған қару мен әсери техниканы саналы түрде қолдану.
Әскерилердің жеке тұлғасы, әскери ұжым, әскери қызмет барлығы бірлікте оқытылады, не әскер, экипаж, олардың қызметтік, оқу-жаттығу және әскери міндеттерді орындау жөніндегі әрекеті тығыз байланысты.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- Әскери психология дегеніміз не?
- Ұжым психологиясы қандай құрамдардан жасалады?
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986
- Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.
- Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.
- Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.