Англиядағы ассоциативтік психология. Француз психологиясының даму тарихы. Неміс психологиясының даму. Мақсаты: Студенттерге XVIII ғасырдағы ғылымының даму тарихы туралы білім, дағдыларын қалыптастыру.
Англиядағы ассоциативтік психология. Д.Гартли (1705-1759) негізгі психикалық элементтер мен олардың ассоциациясы туралы. Жүйке жүйесінің вибрациясы ассоциацияның физиологиялық негізі ретінде. Ассоцианзмнің Э.Кондильятың (1715-І780) сенсуалистік таным теориясында дамуы.
Ж.Ламетри (І709-175І).»Адам-машина»- адам мен оның психикасына табиғи-ғылыми көзкарасы.
Энциклопедистер адам мен психика туралы. К.А.Гельвецийдің (1715-1771) психологиялык, көзқарастары. Гельвеций тәрбие рөлі мен әлеуметтік ортаның адамның психикалық дамуына әсері туралы.
Д.Дидроның (1713-1784) психологиялық көзқарастары. Жүйелі, дәйекті материализм,сезімдік және рационалдық таным қабілеттіліктер.
Неміс классикалық философиясындағы психологиялық идеялардың психология ғылымы дамуындағы мәні мен маңызы (И.Кант, И.Г.Фихте, Г.Гегель, Л.Фейербах).
Декарт есімімен психологиялық білімнің дамуының этаптарына байланысты психика адмның ішкі жан дүниесі ретінде түсіндіріледі. Декарт жалпы «рефлекс» түсінігін енгізіп, «Страсти души» жинақтамасы арқылы жазып көрсеткен. Декарттың жазып бітірген жұмысы философиядағы басқа ғылымдар сияқты мықты негіз болатын. Декарт ғылыми зерттеуге көп көңіл бөледі. 1 – ші кезекте Декарт әлемдік сезімге күдікпен қарайды. Оның айтуы бойынша біздің сезімге берілетін немесе елестететін әлем бар ма деп сұрақ қояды. Сезім мүшенің көрсеткіші арқылы біз оларды дәлелдейміз. Түсімізге көптеген жайттарды елестетеміз немесе көреміз. Оларды түсімізде анық жан тірідей сеземіз, бірақ та шынында ол жоқ, жалған сезімдер.
Бекон адам туралы ғылым идеясын дамытты. Оның негізгі бөлімі психологияда болып саналады. Бұл ғылым адамға барлық ғылымдардың мақсатын сонымен қатар табиғаттың бөлігімен құрастырады. Адамды тануда Бекон бойынша 2 бөлімнен тұрады. 1 – уі адамды қарастырса, 2 – сі оның ортаға қарым – қатынасы. 1 – ден адам философиясы, 2 – сі азаматтың философиясы деп аталады. Бекон адамның тәні мен жанын бөліп зерттеген. Сонымен қатар тұлғаны қарастыра отырып адамның мүмкіндігінің ақылдылығын, есін, моральдық төзімін қарастырған. Тән ғылымына Атлетика жатады. Бұл бағыттар салауатты өмірді меңзейді. Капиталдық қарым-қатынастың дамуы 16-17 ғасырлар арасында өзінің артынан көптеген ғылым салаларының дамуына себеп болды. Н.Коперниктің, Д.Бруно, Г.Галилей, Е.Кеплер, И.Ньютон ғылыми ашқан жаңалықтары религиялық мифтерге соққы болды.
XVI-XVII ғасырларда көптеген ғылымдар саласы дами бастады. Оларға механикалық өнер, машина, техника, әр түрлі жергілікті механизмдер, астрономиялық жасаулар, физикалық приборлар жатады. Осы ғасырдың ең үлкен ойшылы Рене Декартты, Дарвинді айтуға болады. Дарвиннің қан айналымының жаңа схемасы және Декарттың жануарлардағы байқалынатын рефлекстік механизмді айтуға болады. Декарттың теориясы бойынша жануарлардың жаны жоқ, олардың мінез – құлқы сыртқы әсерге рефлекс болып табылады, басқа сөзбен айтқанда жануарлар психикасы қатаң түрде сыртқы жағдайлармен анықталады. Декарт бұл зерттеуді адамға да қолданды және ол адам санаға ие және ойлау процесі кезінде өзіндік ішкі өмірі бар екеніне көз жеткізді. Рефлекс және сана ұғымдарының мазмұнын белгілеп алып, Декарт оларды бір – бірінен бөліп қарастырды. 1 – н психикалық әрекетке еш жанастырмай жануарлардың мінез – құлқын детерменистік зерттеу мүмкіндіктерін байланыстырды. 2 – н өзімен өзі бақылау тұйықталған интерспекция жетер құбылыс деп қарады. Декарт қан айналымға жаңа сферасын құрды. Ол осы арқылы адам мен жануардың жүйке жүйесіне жұмыс істеп, оның айырмашылығын көрсетті. Бұл жұмыс оған жаңа идея дамуына көмектесті, яғни рефлекс дегеніміз – детерменизм принципін қарастыруға көмектесті. Бұл принципті тек органикалық процесстерде ғана емес, сонымен қатар үлкен психикалық орталарда қолданылады. Декарт жануарлардың денесімен механикалық ұқсастықтарын байқады.
Аристотельдің ақиқаттылық тәлімі.
Б.з.б. 384-322 жылдар шамасында өмір сүрген. Ежелгі грек философы және ғалымы. Көптеген ғылымдардың соның ішінде логика ғылымының негізін қалаушы.
Аристотель өзіне дейінгі философия мен ғылым жетістіктерін қорытып жүйеге келтіріп, әртүрлі ғылым саласынан көптеген еңбектер жазып қалдырған. Аристотельдің философиялық көзқарасы «Метафизика», «Жан туралы категориялар» және «Аналитика» деген шығармаларында жан-жақты баяндалған. Оның пікірінше этикалық идеялар тек қоғамда ғана іске асырылып отырады. Платонның адамды сезімнен тыс о дүниеге тәуелді деп санауына қарсы шықты. Адамға белсенділіктің тән екенін атап көрсетті. Аристотель өз ішінде адамгершілік пен этиканы адамдардың маңызды сипаттамасы деп танылды. Ол қоғамдық тәрбие мен отбасы тәрбиесінің өзара байланысты болуын жақтады. Адамның туғаннан даму және өсу мүмкіндігі болады, ол даму тәрбие арқылы жүзеге асады-деп тоқтам айтты. Мектепке дейінгі тәрбиеде де ол құнды маңызды пікірлер айтты.
Аристотель әдебиетті, грамматиканы, тарихты, философияны, математиканы, геометрияны, музыканы оқыту қажеттілігін тұңғыш дәлелдеп берген ғалым. Моральдық тәрбиенің тағылымын дәлелдеп берді. Әсіресе ол дене тәрбиесіне маңыз бере отырып, сурет салу, жазу-сызу, музыканы балаға жасынан үйретудің рөлін ерекше бағалаған еді. Ол баланың жас ерекшелігін тұңғыш айтқан ғұлама. Дене тәрбиесі баланың күшіне әсер етуін талап етті.
Аристотель 20 жасында Платон академиясында философиялық білім алғандықтан, көптеген еңбектерін философиялық концепция жасауға арнады. Әсіресе өзінің ұстазы Платонның дуализімін өзгертуге тырысты. Ол Платонның әлемдік құбылыстардың бірлігі, тұтастығы туралы іліміне өзгерістер енгізді. Оның ойынша, әлем бір тұтас зат туралы алғанда, ол да зат туралы ойлаумен бірлікте, тұтасқан өмір сүреді деген тұжырым жасады. Ол өзінің философиялық концепциясы негізгі тәрбиенің теориясын жасады. Ол «Еркін тәрбие» идеясын ұсынды. Ол психологияда дәлелдеген «жанның үш түрі» негізінде, тәрбиенің үш түрін – дене, мінез, ақыл-ой тәрбиесін дәлелдеді, оның ғылыми негізін салды. Ол туа пайда болатын бала ерекшеліктерін тәрбие одан әрі дамытады дей келіп, тәрбиенің теориялық негізі-адам жанының жоғары психологиялық тұрғыда қалыптасқан негіздері-деп көрсетті. Ол Афинадағы тәрбиені – тәрбиенің басқа түрін жасайтын «тәрбиенің негізгі көзі» деген тұжырым жасады. Аристотель педагогикада бірінші рет өзінің философиялық ілімі негізінде баланың жас кезеңінің ерекшеліктерін белгілеп берді. Ол бала дамуын мынадай кезеңге бөлді: 1) 1 жас пен 7 жас, 2)7 мен 14 жас аралығы (мұны баланың жыныстық даму жасы деп атайды), 3) 14 жас пен 21 жас аралығы. Сөйтіп, Аристотель мектепке дейінгі тәрбиенің негізін қалаған – ойшыл философ, педагог. Бұл жаста баланың ойын арқылы өсетінің уағыздады. Ойын оның айтуынша баланың тұңғыш мектебі деп атады. Отбасы тәрбиесін бірінші орынға қойды. Бала 7 жастан мектепке тартылсын деп тұңғыш педагогикалық ой айтқан да Аристотель болды. Орыс педагогы Н.К.Крупская 1915ж. жазған «Халық ағарту ісі және демократия» атты еңбегінде Аристотельдің баланың жас ерекшелігін жасауын және оның 7 жаста мектепке баратынын мақұлдап, «Жас ерекшеліктің педагогикалық жүйесін» мектепке арнап жасағанын атап көрсетті.
Аристотельдің мектепке дейінгі тәрбиеде, демек бала гимнастикамен айналыссын деген ойы жазу мен сызу, оқу мен санау, ән мен күй туралы пікірлері осыларды мектепке енгізу туралы тұжырымдары педагогика барысында тұңғыш пікір болып таылады. Бұл пікірді классик педагог К.Д.Ушинский XXI ғасырда өзінің «Балалар әлемі» атты еңбегінде басшылыққа алғанын қанағаттанғандық сезіммен жазып кеткен. Сондай – ақ, Аристотель тәрбиені мемелекетті дамытудың және жетілдірудің құралы деп түсініп, мектеп мемлекеттік болуы тиіс – деген қағиданы айтқан.
Аристотельдің педагогикалық ой-пікірінің ең басты ерекшелігі «Тәрбиенің тепе-теңдігін» ұсынуы, бүкіл халық бәрі бірдей тәрбие алсын-деген прогрессивтік ой түйіндері. Ол өзінің білім беру теориясын Афина тәрбиесінің практикасы негізінде қарастырады. Оған философия педагогикалық, психологиялық тұрғыда қарады. Сөйтіп ол педагогика тарихында тұңғыш рет тәрбиенің табиғаттан туындайтынын дәлелдеді.
Аристотельдің педагогикалық жүйесі жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіру және дамыту. Бұл ойы ежелгі дәуір заманында ең үздік педагогикалық ой-пікір болып табылды. Оның ерекшелігі оқудың теңдігін тәрбиенің ғасырлық ғұмырын дәлелдеп беруі болды. Демек, ой-пікірі өзінен кейінгі ғылымның дамуының оның ісі педагогикалық ой-пікірдің алғаш пайда болуының, оның жарқын болашағынын куәсі болды. Ол дамудың материалистік және диалектикалық жолын белгілеп берді. Осы көзқарастары арқылы ол философия және педагогика тарихының көне дәуірдегі алғашқы дамуын, үздік ой-пікірдің пайда болуының алғы шартын жасады. Өзінен кейінгілер Аристотельдің ілімінің келісімді де желілі жүйесін әрі қарай дамытты.