ХIХ ғасырдағы психологияның дамуы

 

Ассоциативтік психологияның жалпы сипаттамасы. Ассоциативті психологияның теориялары. Эксперименттік психологияның қалыптасуы. ХIХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының психологиялық идеялары.Мақсаты: Студенттерге ХIХ ғасырдағы ғылымының даму тарихы туралы білім, дағдыларын қалыптастыру.

         1.XVIII ғасырдың аяғы XIX ғасырдың бірінші жартысындағы неміс классикалық философиясының психиологиялык идеялары. Англияда пайда болған эмпирикалық философия және психология Германияға бірден енген жоқ. Тек қана ХVIII ғасырдың екінші жартысында Локктың  “Тәжірибелі” Юмның еңбектері, 70-жылдары Гартли және француздар – Бойнэ, Гельвеция, Кондильяктардың жұмыстарының аудармалары жарық көрді. Оған дейін бұл жерде Декарт Лейбниц  және оның ізбасары Х.Вольф (1679-1754) билік жасады. Вольф “Лейбницті жүйеледі және популяризациялады және Германияда психологияны қалыптастырды, оның әсерінен Кант дамыды және одан өзі бас тартты). Х.Вольфтың жүйесі психологиядағы эмпирикалық жәнеде рационалистік идеялалар арасындағы компромис болды. Бұл компромис Х.Вольфтің псхологияны 2 ғылымға: эмпирикалық және рационалистікке бөлгенде айкындалды. Рационалистік психологияда Х.Вольф қабілеттер теориясын ұсынды. Қабілеттерді танымдық және тілекті деп бөлді. Тілекті қабілеттер танымдық қабілеттердің өнімі ретінде көрінді. Танымдық акттен алдымен қанағаттанушылық (немесе қайғыру), содан кейін объектің абройлылығы жайлы пікір, және соңында тәбет – объектке талпыныс пайда болды. Қатты сезімдік тәбеттің көрінуі аффект деп аталады. Вольфтың псхологиясын И.Кант (1724-1804) қатаң сынға алды. Психологияда И.Канттың келесі идеялары даму алды. Оны жанның трихоболиясының негізін салушы ретінде есептеді. “Пікір қабілетін сынаудын” кіріспесінде ол танымдық қабілеттілік жаның қанағаттанумен қайғыруды сезіну қабілеттілігінен және тілек күйінен  ажырата алды. Бірақ бұл классификация “Антрополияда” (1798) толығырақ беріледі. Канттың таным жайлы іліміндегі Априоризим, әсіресе априорлық кеңістік пен уақыттың қабылдаудың формасы ретіндегі ілімі, неміс қабылдау психологиясы мен психофизологиясына үлен әсер етті. Кант бойынша заттарды тану олардың бізге әсер етуінен басталады, яғни эмпирикалық сипатқа ие. Сыртқы заттардың әсерінен танымның мазмұнын аламыз. Танымның қажетті алғы шарты формалар болып табылады. Олар априорлы және таным қабілетінің өзінен шығады. Қабылдаудын априорлы формасы және ойлаудың априорлы формасы болып бөлінеді. Ойлаудың априорлық формасын зертей отырып, Кант апперцепция жайлы ілімді дамытады. Апперцепция бұл алғашқы берекесіз болмысты синтездейтін белсенді күш. Психологиялық маңызды жағдай Канттың трансцендательді схемаларының мазмұнында бар. Онда адамға қабылдауда берілгендерді эмпирикалық шындық категориясың колдану сұрағы шешіледі. Схемалар бұл саланың жаңа элементтері,өзіне әртүрлі таным қабілеттерін біріктіреді. Кант схемаларды сезімдік түсініктер деп атайды.Олар қиял іс әрекетінің өнімі болып табылады. Кантың схема жайлы болжамдары қазіргі психологияда эмпирикалық зерттеулерімен дәлелденуде. Практикада кездесетін вербалды оқыту сөздік формулировкада қандайда бір ереже, заңды көре алмау қабілеті, схемалық бейнелерге жүгіну  арқылы шешіледі.

И.Г. Фихте (1762-1814) Француз революциясының тікелей әсерінде болды. Субъект белсенділігі, «Мен», субъект іс әрекеті жайлы идеяларын дамытты. Фихтенің идеализмін Спинозанікіне қарама-қарсы деді. Фихте бойынша, абсалютті шығармашылық қабілеттілік бар –«Ақылды ерік», эмпирикалық адам мәнділігінде іске асады және адамды табиғаттың басқа құбылыстарынан ерекшелейді. ”Мен” мәні іс әректті құрайды: біз танығандықтан,әрекет жасаймыз, бірақ біз әрекет жасау үшін танимыз. Білім мақсат ретінде қойылмайды, керісінше табиғатқа рационалды билік құралы ретінде көрінеді. Субьект- ең алдымен әрекеттесуші субьект. Сондықтан кез келген таным әрекеттің баспалдағы ретіндегі алғы шарт қана, ал теория-адам практикасының бөлігі. Туғаннан адам тәні аяқталмаған сондықтан рухпен аяғына дейін қалыптасады, яғни еркін ерікпен. Фихте адамның рухани дамуын балалық кезеңнен кәртейген шаққа дейін диалектикалық болжамды ассоциациалық ілімге шығармашылық «Мен»-ді қарсы қояды. Бұл генетикалық идеяларда рухани өмір  мақсатты бейнелік «Мен» әрекетінен ашылады. Фихтенің оқушысы Шеллинг (1775-1854) Фихтенің субьективизіміне сын мен шықты және одан ерекшелігі рухани өмірді табиғат жайлы ілім контекстінде қарастырды. Оның пікірінше, адам екі әлемде- табиғат пен рухты байланыстырушы буын. Шиллинг сонаның түсіктен ерікке дейінгі дамуын қарастырды. Шиллинг бойынша «Мен» мақсаты мен жоғары іс әрекеті өнер болып табылады.  Г.В.Гегельдің (1770-1831) идеалистік жүйесінде психология субьективті рух жайлы ілімнің бір бөлігін құрайды. Индивидуалды сана өз дамуында үш баспалдактан өтеді. Бірінші баспалдакта рух тәнмен тікелей байланысты; актропологияның пәнің құрайды. Адамдардын психикалық жиынтығының әр түрлі формалары, нәсілдік, жасерекшелік, физиологиялық ерекшеліктерімен мінез және темперамет, сонымен бірге түйсік пен байланысы қарастырылады. Екінші сатысында – рефлексия – рух сананы көрсетеді. Сананың құбылысы рухтын феноменологиясының пәнін құрайды. Үшінші сатысында- рухты ақыл, ерік, адамгершілік сапасында қарастырады. Бұл сатысы рух дамуының психологиялық пәнін құрайды. Л.Фейербах (1804-1887) философиясында психиканы түсінудің матералистік бағыты бекітіледі. Оның философиялық тақырыбы адамды ойлаудың субьектісі ретінде қарастырады. Антропологиялық принципке сәйкес адам тән мен жанның бірлігінде қарастырылады.Фейрбах адамды табиғаттан бөліп немесе қарсы қойып қарастырмайды керісінше оның өнімі және бөлігі ретінде қарастырады. XVIII ғ. Германияда адам мен табиғатқа қатынасты нақты психикалық құбылыстарды фактілерді зертеу тендециясы пайда болады. Бұл пікірді ұсынған, белгілі педагог және психолог И.Ф.Гербарт неміс эмпирикалық психологияның негізін салушы. Гербарт ассоциативті психологияны жақтаушы болды және тәжірибиеге негізделген психологияны құрмақшы болды, оның пәні сананың құбылысы, фактілер қажет болуы қажет. Гербарттың психологиясы екі бөліктен — «Рух статикасы» және «Рух динамикасынан» құрылады. Рух статикасының пәні тыныштық кезеніне жүргізілген зертеулер нәтижесінде алынған көрсеткіштер болып табылады. Рухтын динамикасының пәнін санадағы елестердің қозғалыс шартын анықтау құрайды. Елес өзінің анықтық дәрежесіне байланысты үш аймаққа бөлінеді; айқын сана- мұнда айқын саналық қасиетке ие елестер орналасады; сана- мұнда айқын емес елестер орналасады; қаранғы басқалармен жойылған елестер, санасыздық болады. Сананы елестің қарқындылық белгілеріне б-ты үш аймаққа бөлуде Лейбниц әсері байқалады. Рухани өмір- бұл елестердің тоқтаусыз қозғалысы. Сананың бір аймағын екіншісінен бөлектеп тұратын шекераны, Гербарт табалдырық деп атады. Айқын сана мен сана арасындағы шекераны айқын сана табалдырығы деп атады, ал айқын емес сананы санасыздық арасындағы шекераны сана табалдырығы деп атады. Гербарт енгізген табалдырық түсінігін кейіннен П.Фехнер қолданды. Гербарт психологиясында барлық рухани өмір елестердің әрекетінің нәтижесі болып табылады. Гербарт өзінің ғылыми мектебін құрды. Оның әйгілі өкілі М.В.Дробиш (1802-1896) – математик, логик, философ, идеалист жіне психолог- популяризация және оның жүйесінің таралауына көп еңбегін сіңірді. Гербарттың тағы да бір ізбасары В.Ф.Фолькман өзінін «Психология» бойынша оқулығында (1856)  психикалық құбылыстар жайлы жаңа мәліметтер берді.

  1. Ерекше танымалдылыққа Гербарттың үш оқушысы ие болды – Т. Вайтц (1821-1864), М. Лацарус (1824-1903) және Г. Штейнталь (1823-1899). Вайтц алғашқы қауымдық халықтардың рухани өмірін зертеу жайлы идеясын айтты және жалпы психикалық өмірдің тарихи дамуын қадағалуды ұсынды.  «Алғашқы қауымдық халықтар антропологиясы» еңбегінде әртүрлі халықтардың олардың мәдениетіне, жанұялық өмірі, мінезі, адамгершілігі, саяси өмірі, дініне қатысты материалдар жинауға талпынып, психиканы зертеудің обьективті мүмкіндіктері туралы сұрақ қойды. Лацарус және Штейнтальға тарихшылар этникалық психологияның негізін салушылар сапасында бағалады.Штейнталь өзінің тілді тану жұмыстарымен, сонымен бірге грамматика, логика және тілдің психиологиалық мәнін зерттеу жұмыстарымен танымал. Лацарус және Штейнталь 1859 жылы «Журнал психиологии народов и языкознания» журналының негізін салды. Редакторлардың «Халықтар психиологясы жайлы» бағдармалық мақаласында ең негізгі міндет болып әр халықтың рухын зерттеу көзделді. Халықтар рухының элементтері ретінде тіл, дін, практикалық өмір жатты. Халықтар психологисын зертуді В.Вундт жалғастыруға талпынды.

Неміс эмпирикалық психологиясының XIX ғ. тағы да бір өкілі Г.Г. Лотце (1817-1881). Бірақ ол Гербартқа қарағанда психологияға өз әсерін тигізді, бірақ оның ізбасарлары белгілі психологтер К.  Штумпф, Г.Э. Мюллер есті зерттеу аймағындағы ірі ғалымдар. «Медициналық психиология немесе рух психиологиясы» (1852) еңбегінде Лотце кеңістікті қабылдау (жергілікті және локалды белгілер) теориясын дамытты. Ол В. Вундт және Гельмгольцке әсерін тигізді. Лотце пікірінше, кеңістікті қабылдау тек көру мен иіс сезу арқылы жүзеге асады. Тәжірибеде кеңістікті қабылдау қабілеті келесідей жүзеге асады — көру және иіс сезу түйсігі сапа және белгілі қарқындылықпен сипатталады және өздерінде ешқандай кеңістік белгілерін сақтамйды. Онда заттың кеңістік қасиеттерін қалай қабылдау мүмкін? Анатомиялық  көрсеткіштерге сүйене отырып, тордың әр нүктесі және тері беті бір-бірінен саналық өзгешеліктерге ие және сондықтан  сыртқы әсерге спецификалық түрде түйсінеді. Ол жергілікті локалды белгіге ие. Заттардың кеңістікте локализациясы жергілікті саналық сипатына негізінде түйсініледі. Бұл процесс ішкі жағдайдың санасу механикасының өнімі. Сонымен, XVIII ғасырдың аяғы XIX ғ. бірінші жартысындағы неміс классикалық философиясының психологиялық идеяларының өкілдері И.Кант, Л.Фейербах болып табылады. XIX ғ. бірінші жартысындағы неміс эмпирикалық психиологиясының қурылуына И.Ф. Гербарт, М.И. Дробиш, В.Ф. Фольман, Г. Вайтц, М. Лоцарус, Г.  Штейнталь, Р.Г. Лотце, К. Штумпф, Г.Э. Мюллер үлкен үлес қосты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *