Б.з.д. ҮІІІ-ІІІ ғғ. Рим тарихы. Италияның ерте құлиеленушілік қоғамы мен мемлекеттілігі

 

Б.з.д. ҮІІІ ғ. Жреорта теңізі әлемі. Негізгі орталықтары.

  1. Б.з.д. ҮІІІ ғ. Этрурия. Этрускі қалалары.
  2. Оңтүстік Италия мен Сицилиядағы Грек полистері.
  3. Рим саяси орталық ретінде.
  4. Ерте Римдік әлеуметтік құрылым.
  5. Ертеректегі Рим патшалығы. Сервонт Тулий реформасы.
  6. Рим республикасының құрылуы.

Б.з.б. V-III ғасырларда Рим сенаты Апеннин түбегіне әскери экспанция саясатын жүргізді. Басқа Италия халық топтарының есебінен қауымдық территорияны кеңейту жолындағы Римнің агрессивтік соғыстары екі жүз жылдан астам уақытқа созылды. Бұған бүтіндей алғанда бүкіл Рим қоғамы – патрициат та, ұсақ егіншілер де мүдделі болды.

    Б.з.б.Vғ. Рим үшін Тибрдің оң жақ жағалауын жаулап алып, рим қауымының латын қауымдары федерациясына енуімен аяқталады.  

    Рим территориясының өсуін Батыс және Орта Европа жерінің бір бөлігін мекендеген жауынгер кельт (галл) тайпаларының шапқыншылығы тоқтады.

    Б.з.б.390 жылы Этрурияға жасалған бірнеше шапқыншылығынан кейін римдіктер «галлдар» деп атап кеткен, кельттер Римге аттанады. Римге таяу ағып өтетін Аллия өзені түбіндегі кескілескен ұрыста галлдар римдіктердің әскерін талқандайды.

    Кейініректе галлдар Римге шабуыл жасаудың сәтсіз әрекетін жасады. Б.з.б. 334 жылы олар римдіктермен бітім шартын жасайды.

    Галл шапқыншылығы Римнің Лациядағы ықпалын әлсіретті. Латын одағы мүлде дерлік құлады. Б.з.б.IV ғ.-дың ортасында Лация қаласы Риммен одақтың қатынастарын жаңғыртты. Оңтүстік Этрурия да бағындырылды. Содан кейін орта Италияның бір бөлігін таулы ызғарлы Самниумды мекендеген самнит тайпаларымен ұзақ соғыс басталады. Б.з.б.343-341 ж.ж.-дағы бірінші Самнит соғысының нәтижесінде римдіктер өзіне Кампанияны бағындырды.

Б.з.б. 340-338 ж.ж.-да Рим мен латын одағы арасында латын соғысы болады. Соғыстың себептері – латын қалаларының Рим гегемониясын құлатуға ұмтылуы, оны латын одағының қатардағы мүшесіне айналдыру, сондай-ақ рим плебсін де, латын плебсін де шұрайлы жерлері қызықтырған Кампаниядағы римдіктер мен латындықтардың мүдделер соқтығысы еді.

    Соғыстардың қорытындысында б.з.б. IVғ.-дың аяғына қарай По өзенінің аңғарынан Лукания шекарасына дейін бүкіл орта Италия Рим өкімет билігінде болады.

    Рим жаулап алушыларының табыстарын анықтаған негізгі себеп Рим әскерінің жоғары жауынгерлік сапалары болды. Римнің негізгі контингенті болған жаға жер учаскесін алуға үміттенген село халқы соғыстың жеңіспен аяқталуына мүдделі болды. Табыстың екінші бір себебі Рим дұшпандарының осалдығы еді. Римге қарсы шыққан тайпалар, халықтар, қалалар экономикалық-әлеуметтік бытыраңқылығымен көзге түсетін.

    Рим жаулап алған территорияны басқару жүйесі б.з.б.V-ІІІ ғ.ғ. бойында бірте-бірте қалыптасты. Оның ерекшелігі Рим полисінің артықшылық жағдайы мен әр түрлі праволық статус алған, оған бағынышты Италия тайпаларының, халықтарының, қалаларының әр түрлі тәуелділік дәрежесі болды. Заң жағдайындағы ала-құлалық Италияның жаулап алған халықтары дамуының әр текті экономикалық, әлеуметтік және мәдени дәрежесімен шарттасып келетін еді.

Тит Ливийдің хабарына сәйкес Сервий Туллий плебейлерді халық жиналысына қатыстырған. Сырттай ескі трибаларға бөлуді сақтай отырып, Сервий Туллий трибаларды ежелгі ру одағынан территориялық бөлініске айналдырады. Ол бұрын тек әкімшілік округтары ғана болған төрт территориялық трибалар құрды. Кейін де осындай трибалардың саны бірте-бірте өсе отырып б.з.б.І ғ.-да 35-ке дейін жетеді. Азаматтардың куриялар бойынша ежелгі жиналысымен қатар плебейлерді Рим жасағы қатарына да ресми жіберуге жол берген Сервий Туллий жауынгерлердің жиналысы – “центуриаттық комициялар” құрды. Жауынгерлер мүліктік белгілеріне сәйкес бес тапқа бөлінеді. Бірінші тапқа мүлігі 100 мың жез ассыларға бағаланған неғұрлым ауқатты азаматтар жатқызылды. Олар толық қару-жарақтанған 18 атты және 80 жаяу әскер жүздігін беруге міндетті болды. Екінші тапқа әскерлері жеңілдеу қару-жарақпен шығатын ауқаты аз (75 мың ассы) азаматтар, үшінші, төртінші және бесінші таптарға – бұдан гөрі жұпыны ауқаттары бар (50 мың, 25 мың, 12,5 мың ассылар), әскерде жеңіл қаруланып қызмет ететін азаматтар жатқызылды.

Центуриат комицияларында дауыстар жүздіктер бойынша берілді. Бір жүздік бір дауысқа ие болды. Сұрақ қою бірінші таптың азаматтарынан басталды, мұның 98 даусы, ал қалғандарының 95 даусы ғана болды. Ең кедей азаматтар ақырғы центурияларға біріктірілді. Бұл proles яғни “балаларынан басқа ештеңесі жоқ адамдар”(“пролетарийлер”) еді. Оларды әскери қызметке жібермеді.

 

Әдебиеттер:

  1. История Древнего Востока.(Под. ред.В.И. Кузищина ) М. 2001.
  2. История Древнего Востока: Материалы по историографии.(Под. ред. В.И. Кузищина) М.1991
  3. История Древнего Востока. Т.1: Ранняя древность Т.2:Расцвет древних обществ.Т.3: Упадок древних обществ.(Под. редакцией И.М.Дьяконова , В.Д. Нероновой ) М.1989.
  4. Источниковедение историиДревнего Востока. (Под.ред.В.И. Кузищина )
  5. М. 1984.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *