Ежелгі Рим тарихы

 

  1. Бүкіләлемдік тарихи үрдістегі Рим тарихының маңызы.
  2. Курстың географиялық және хронологиялық шеңбері.
  3. Көнерим тарихының кезеңдері.
  4. Италияның халқы.
  5. Ежелгі Рим тарихының деректері мен тарихнамасы.

Рим мемлекеті, гректер Италия деп атаған, Апеннин түбегінде пайда болып нығайды. Түбек Жерорта теңізінің орталық бөлігіне тереңінен ауысқан. Түбек негізін Альпіден солтүстік-батыста тарамдалатын және бүкіл түбек бойына бірнеше тізбек болып созылған Альпі таулары құрайды.

    Қысқы, әсіресе көктемгі кезде суы мол, буырқанған Апеннин түбегінің өзендері жылдың жазғы ыстық айларында мүлде дерлік кеуіп, олардың кеме жүрісі үшін жарамдылығын нашарлатады. Кейбір аудандардың жағдайына  қарамай климаты алуан түрлі. Солтүстігінде қыста суық жауын, тіпті қар да жауады. Түндері қатқақ болады. Таулы аудандарда да климат жағдайы осындай. Оңтүстік пен батыстың теңіз өңіріндегі аудандарда тіпті қыс кезінде жылы, мол жауын жауғандықтан бай өсімдіктердің өсіп шығуына мүмкіндік туады.

    Апеннин түбегінің жер қойнауы пайдалы қазбаларға біршама кедей еді. Альпі тауының тарамынан аздаған алтын мен күміс шығарылды. Орталық Апенниндерден: “травертин” – сұрғылт және “каррарский” – ақ және түсті мәрмәрі ойылып алынады.Ильва аралында темір мен мыс өндіріледі,Апеннин түбегінің басқа аймақтарында металдың елеулі кен орындары болмады.

    Ежелгі тайпалар мен халықтардың қоныс аударуларынан кейін Қиыр солтүстік-шығыста иллирия халқына туыстас венеттер тайпасы тұрды. Иллирийліктерге туыстас япига мен мессапа халық топтары Италияның оңтүстік-шығыс шегін алып жатты. Түбектің орталық бөлігін, сондай-ақ Сицилия аралын толып жатқан италия тайпалары мен экономикалық және әлеуметтік жағынан молырақ дамыған сол кездегі халық тобы – этрускілер мекендеді.

    Тілі, қоғамдық құрылысы мен мәдениетінде ортақтық көп италия тайпалары екі: умбро-сабелль және латыно-сикуль тобына бөлінді.

Б.з.б.VІІ-V ғ.ғ.-дағы рим қалалық қауымдық халқы аралас еді.

    Бастапқы кезде үйлерді күйдірілмеген кірпіштен салып, төбесі сабанмен жабылды. Кейінірек храмдар, қоғамдық үйлер мен бай адамдардың жеке меншік үйлері күйдірілген кірпіштен салына бастады. Б.з.б.ІІІ ғ.-дың ортасында Римде грек үлгісі бойынша бай үйлер салынады, ал б.з.б.ІІ-І ғ.ғ.-да қаланың түрлі бөліктерінде жалға өткізілген көп қабат үйлер пайда болады.

    Б.з.б.VІІ-VІ ғ.ғ.-да этрусскі қолөнерщілері римдіктерге металлургия өндірісінің техникасын үйретеді. Б.з.б.І ғ.-ға гректердің мәдени ықпалы Италияда және Римнің өзінде кең тараған болатын.

    Жалпы римдік үй ошағының қамқоршысы – Веста тәңіріне табыну Римде ерекше назарға бөленді. Оның храмы Рим форумында тұрды. Римде, ежелгі заманнан бастап, аспан тәңірі құрмет тұтылды. Бұлардың ең маңыздылары: жоғарғы тәңірі Юпитер, тәңіріше Юнона, даналық тәңірі Минерва мен Римнің қамқоршысы саналған соғыс тәңірі Марс болды.

    Б.з.б. ІІ ғ.-дан бастап Римде шығыс құдайларына табыну тарала бастайды. Мәселен, Кіші Азияға жасалған жорықтан кейін құдайлардың Ұлы анасы – Кибелаға табыну таралады, б.з.б.ІІ ғ.-дың ортасында Италия мен Римде Озирис пен Изиданы құрметтей бастайды, Дионис (Вакха) құрметіне вакханалия мерекесін жасайды. Б.з.б. І ғ.-да ирандық құдай-Митраны құрметтеу пайда болады.

    Б.з.б.І ғ.-да бір қатар тарихшы-публицистер – кіші анналистердің еңбектері, философиялық шығармалар пайда болады.

    Б.з.б. ІVғ. ортасына қарай этрускі қалаларының федерациясы құлдырауға келіп, галлдар Падус өзенінің аңғарында орнығып, Апенин түбегінің орталық бөлігі аймағына тонаушылық шабуылдар қолдана бастағанда, италия тайпалары оларға тойтарыс беру үшін жаңа саяси және әскери орталық – Рим қаласының төңірегіне бірігеді. Осы күшті құл иеленуші қауымның басшылары өзінің үстемдігіне көршілес тайпалар мен қала қауымдарын бағындырып алып, галлдардың басып енуін тоқтатты да, шабуыл жасаушыларды солтүстікке серпіп тастады.

    Б.з.б. ІІ-І ғасырларда Рим тарихының ежелгі кезеңі туралы аңыздар мен ертегі әңгімелер Рим халқының мәдени жіктерінің арасына кеңінен тарала отырып, рим авторларымен қабылданып, шығармаларының негізіне алынды. Бұларды көрнекті рим тарихшысы Тит Ливий (б.з.б.59-б.з.17ж.ж.) мейлінше толық та, егжей-тегжейлі баяндайды.

    Қазіргі кезде Рим тарихының пайда болуы мен ежелгі кезеңі туралы ғылыми ұғым ежелгі аңыздарды аналитикалық зерттеуде ғана емес, сондай-ақ ХІХ-ХХ ғ.ғ.-да Рим қаласының территориясынад жүргізілген археологиялық қазбалар материалы негізінде тұжырымдалады.

    Осы заманғы зерттеушілердің пікірі бойынша Римнің ежелгі тарихын Тибр өзенінің сол жақ жағасындағы төбелер үстінде жеке қоныс-жайлардың пайда болуын б.з.б. Х ғ.-ға жатқызуға облады.  

Ежелгі Рим тарихы жөніндегі деректер.

    Рим тарихының ертеректегі түп деректерінің ерекшеліктері аға анналистер деп аталған б.з.б.ІІІ-ІІ ғ.ғ. тарихшылары шығармаларының сипатында көрінеді. Цицеронның сөзіне қарағанда “олар баяндаудың ерекше сипаты қысқа айту деп санағандықтан” датасын, адамдарын, оқиғаларын және олардың орнын ғана көрсетті.

    Аға анналистердің ең әйгілісі Квинт Фабий Пиктор “Анналдар” шығармасын грек тілінде жазды. Мұнда Италияда Энейдің пайда болған кезінен екінші Пуни соғысына дейін Рим тарихы баяндалады.

     Латын тіліндегі алғашқы тарихи шығармаларды латын прозасының негізін қалаған Марк Порций Катон (б.з.б.234-149ж.ж.) жазды. Ол көрнекті мемлекет қайраткері (консул және цензор), тарихшы, шешен еді.

    Катонның жеті кітаптан тұратын “Начала” деген тарихи еңбегі бізге дейінгі үзінділер күйінде және неғұрлым кейініректегі тарихшылардың баяндауларында келіп жетті. Мұнда Катон түрлі Италия қауымдарының тарихын береді.

    Б.з.б.ІІғ.-дың 30-жылдарынан бастап Рим республикасында “жаңа” немесе “кіші” анналистер деп атау қабылданған авторлардың – Луций Целий, Антипатр, Семпроний Азеллион шығармалары пайда болады.

    Б.з.б.ІІ ғ.-дың екінші жартысында Полибий “Жалпы тарих” жазды. Мұнда б.з.б.264-146 жылдар оқиғасы баяндалады.

    Б.з.б. І ғ. Республиканың құлдырау және империяның пайда болу кезі болды. Мемлекеттік формалардың ауысуы қатты тап күресі жағдайында өтті. Бұл кезең үшін түп деректер негізінен алғанда – Марк Туллий Цицеронның, Гай Юлий Цезарьдың, Гай КриспСаллюстийдің шығармалары болып табылады. Бұларға ортақ нәрсе , олардысаяси өмірдің ортасында болған жне белгілі бір саяси көзқарастарға ие болып отырған, мемлекеттік қайраткерлердің жазғандығы еді. Бұл олардың шығармаларының өте-мөте тенденциялылығына жағдай жасады, мұның өзі б.з.б. І ғ.-дағы саяси топтардың күресін көрсететін еді.

    Марк Туллий Цицеронның саяси көзқарастары оның Римнің консервативтік-аристократтық, республикалық топтарына жататындығымен анықталатын. Демократиялық принциптерден өзінің бас тартуын теориялық жағынан ақтауды іздестіруде ол монархияның, олигархияның және демокартияның аралас формаыс туралы тезисін ұсынды. Аристократиялық республиканың басында жалпыға ортақ игілік пен жоғары әділдікті орнатуға ұмтылатын тамаша басқарушы отыруға тиіс болды. Басқарудың осындай аралас формасы Цицеронның пікірінше, мемлекеттің беріктігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге тиіс еді.

    Б.з.б.І ғ.-дың екінші бір тарихшысы – Гай Крисп Саллюстий бізге идеялық жағынан да, сондай-ақ стилі жағынан да мүлде басқаша шығармалар қалдырды. Ол Цезарьды жақтаушы болды, әрі оның консулдығында бірқатар көрнекті магистратураларды атқарады. Цезарь қайтыс болғаннан кейін Саллюстий саяси қызметтен кетті де, өзінің барлық уақытын тарихи еңбектерді шығаруға арнады. Оған: “Цезарьға хаттар”, “Катилина заговоры”, “Югуртин соғысы” және тек фрагменттері ғана жеткен “Тарих” жатады. Бұл щығармаларында Саллюстий республиканы жақтаушылардың – нобилитет пен плебс арасындағы аралық жағдайды алып отырған орташа ауқатты плебей топтарының идеологы болып көрінеді.

    Гай Юлий Цезарьдың (б.з.б.100-44 жылдар) ең маңызды тарихи шығармасы б.з.б. 51 жылы жарияланған “Галл соғысы туралы жазбалар” деген мемуары болып табылады. Цезарьдың келесі бір шығармасы – “Азамат соғысы туралы жазбалар” б.з.б.49-48 жылдар оқиғасын қамтиды.

    Б.з.б. І ғ.-да грек жазушылары – Диодор Сицилийский (б.з.б.90-21 ж.ж.) мен Тит Ливийдің замандасы Дионисий Галикарнасскийдің шығармалары да шыға бастады. Автордың екеуі де рим тарихына шлоу беруге тырысады. Диодор Сицилийскийдің “Тарихи кітапханасының 40 кітабынан ХІ-ХХ кітаптары” ғана сақталған,Дионисий Галикарнасскийдің “Рим ескерткіштері” еңбегінің тағдырыда осындай, оның 20 кітабынан бізге алғашқы оны ғана жетіп отыр, қалғандары фрагменттерде ғана сақталған.

 

Әдебиеттер:

  1. История Древнего Востока.(Под. ред.В.И. Кузищина ) М. 2001.
  2. История Древнего Востока: Материалы по историографии.(Под. ред. В.И. Кузищина) М.1991
  3. История Древнего Востока. Т.1: Ранняя древность Т.2:Расцвет древних обществ.Т.3: Упадок древних обществ.(Под. редакцией И.М.Дьяконова , В.Д. Нероновой ) М.1989.
  4. Источниковедение историиДревнего Востока. (Под.ред.В.И. Кузищина )
  5. М. 1984.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *