Ертеректегі Рим республикасы. (Б.з.д. ҮІ ғ. ІІ- жартысы. Б.з.д. ІІІ ғ. ІІ-жартысы ).

 

  1. Экономикасы.
  2. Плебейлердің патрицилармен күресі.
  3. Рим құқығы және заңдар.
  4. Ертеректегі Рим республикасының ішкі саясаты.
  5. Италия тайпаларының Рим төңірегіне топтасуы.

    Б.з.б.V-ІVғ.ғ. бойныда патрицийлік аристократиялық республика конституциясының бірте-бірте қалыптасып, даму процесі жүріп жатты. Тек патрицийлерден ғана сайланған магистраттар сенатқа бағынды. Ақсақалдар кеңесінен сенат бірте-бірте өзінің құрамы жағынан патрицийлік, үнемі жұмыс істейтін мемлекеттік органға айналады.

    Сөйтіп, құрылып отырған республикада саяси өкіметтің барлық органдары  патрицийлердің қолында болып шығады. Рим плебсі патша кезіндегідей экономикалық және саяси жағынан правосыз болып қала берді. Патрицийлік құл иеленуші республиканың жариялануы қоғамдық құрылысты елеулі өзгерістерге жеткізбеді.  Рим ерте республикалық кезеңде полис, яғни еркін құл иеленушілерден тұратын азаматтық қауым болып қалды.

    Б.з.б. V-III ғасырларда Рим сенаты Апеннин түбегіне әскери экспанция саясатын жүргізді. Басқа Италия халық топтарының есебінен қауымдық территорияны кеңейту жолындағы Римнің агрессивтік соғыстары екі жүз жылдан астам уақытқа созылды. Бұған бүтіндей алғанда бүкіл Рим қоғамы – патрициат та, ұсақ егіншілер де мүдделі болды.

    Б.з.б.Vғ. Рим үшін Тибрдің оң жақ жағалауын жаулап алып, рим қауымының латын қауымдары федерациясына енуімен аяқталады.  

    Рим территориясының өсуін Батыс және Орта Европа жерінің бір бөлігін мекендеген жауынгер кельт (галл) тайпаларының шапқыншылығы тоқтады.

    Б.з.б.390 жылы Этрурияға жасалған бірнеше шапқыншылығынан кейін римдіктер «галлдар» деп атап кеткен, кельттер Римге аттанады. Римге таяу ағып өтетін Аллия өзені түбіндегі кескілескен ұрыста галлдар римдіктердің әскерін талқандайды.

    Кейініректе галлдар Римге шабуыл жасаудың сәтсіз әрекетін жасады. Б.з.б. 334 жылы олар римдіктермен бітім шартын жасайды.

    Галл шапқыншылығы Римнің Лациядағы ықпалын әлсіретті. Латын одағы мүлде дерлік құлады. Б.з.б.IV ғ.-дың ортасында Лация қаласы Риммен одақтың қатынастарын жаңғыртты. Оңтүстік Этрурия да бағындырылды. Содан кейін орта Италияның бір бөлігін таулы ызғарлы Самниумды мекендеген самнит тайпаларымен ұзақ соғыс басталады. Б.з.б.343-341 ж.ж.-дағы бірінші Самнит соғысының нәтижесінде римдіктер өзіне Кампанияны бағындырды.

Б.з.б. 340-338 ж.ж.-да Рим мен латын одағы арасында латын соғысы болады. Соғыстың себептері – латын қалаларының Рим гегемониясын құлатуға ұмтылуы, оны латын одағының қатардағы мүшесіне айналдыру, сондай-ақ рим плебсін де, латын плебсін де шұрайлы жерлері қызықтырған Кампаниядағы римдіктер мен латындықтардың мүдделер соқтығысы еді.

    Соғыстардың қорытындысында б.з.б. IVғ.-дың аяғына қарай По өзенінің аңғарынан Лукания шекарасына дейін бүкіл орта Италия Рим өкімет билігінде болады.

    Рим жаулап алушыларының табыстарын анықтаған негізгі себеп Рим әскерінің жоғары жауынгерлік сапалары болды. Римнің негізгі контингенті болған жаға жер учаскесін алуға үміттенген село халқы соғыстың жеңіспен аяқталуына мүдделі болды. Табыстың екінші бір себебі Рим дұшпандарының осалдығы еді. Римге қарсы шыққан тайпалар, халықтар, қалалар экономикалық-әлеуметтік бытыраңқылығымен көзге түсетін.

    Рим жаулап алған территорияны басқару жүйесі б.з.б.V-ІІІ ғ.ғ. бойында бірте-бірте қалыптасты. Оның ерекшелігі Рим полисінің артықшылық жағдайы мен әр түрлі праволық статус алған, оған бағынышты Италия тайпаларының, халықтарының, қалаларының әр түрлі тәуелділік дәрежесі болды. Заң жағдайындағы ала-құлалық Италияның жаулап алған халықтары дамуының әр текті экономикалық, әлеуметтік және мәдени дәрежесімен шарттасып келетін еді.

 

Әдебиеттер:

  1. История Древнего Рима. . (Под. ред. В.И.Кузищина) М.2001.
  2. Античная Греция. Проблемы развитие полиса.Т.1-2. М.1983
  3. Историография античной истории . (Под. ред. В.И.Кузищина) М.1980.
  4. История Древней Греции.(Под. ред. В.И. Авдуева, А.Г. Бокшанина, Н.Н. Пнауса) М. 1972.
  5. История Европы. В 8 томах. Том. 1. Древняя Европа. М. 1989.
  6. Римские древности. ( Под. ред. И.В. Алферовой) Смоленск, 2000.
  7. Практикум по истории древнего мира. Под. ред. И.В. Свенцицкой. М., 1981.
  8. Словарь античности. (Составители И.Ирмина, Р. Ионе) М.1989.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *