- Македония б.з.д. Ү-ІҮ ғасырдың І-ші жартысы аралығында: Филдипп ІІ-шінің реформасы.
- Грецияда Македония үстемдігінің орнауы.
- Ал. Македонскийдің жаулапалушылық жорықтары.
- Ал. Македонскийдің жеке тұлғасы мен қайраткерлігі.
- Эллиндік мемлекеттер жүйесінің құрылуы.
- Эллиндік дәуірдегі Македония мен Балқандық Греция.
Грек-парсы соғыстары кезінде Македония Персияға бағынуға мәжбүр болды, ал гректер жеңіске жеткеннен кейін 1-ші Афины теңіз одағына мүше болып кірді. Македонияның экономикалық дамуы және саяси күшеюі оны Афины архэсымен және өзге грек мемлекеттерімен, әсіресе Грекияның солтүстік бөлігіндегі мемлекеттермен, қақтығыстырды.
Македонияның бірінші ірі мемлекет қайраткері ІІ Филипп Македонский (б.з.б.359-336ж.ж.) болған еді. Оның жүргізген әкімшілік, әскери және ақша реформалары нәтижесінде Македонияның әскери және экономикалық жағдайы нығайып, орталық билігі күшейді.
А.Македонскийдің жаулап алушылық жорықтары (б.з.б.IVғ.-дың ІІ жартысы). Б.з.б.336 жылдың күзіне белгіленген Персиямен соғыстың басталуы кейінге қалдырылған-ды және сол жылы Македонияның ескі Еги астанасында өз қызының тұрмысқа шығу тойында ІІ Филипп өлтірілді. Ол өлгеннен кейін таққа отыруға дәмеленушілер белгілі болды, әскерлер Александрды қолдады.
Б.з.б.335 жылы ол бөлініп кеткен фракий тайпаларын бағындыру үшін солтүстікке жорық жасауды ұйғарды және бұл жорық сәтті болды, тіпті ІІ Филипптің тұсында Македонияға қарамаған жерлерді де ол басып алды.
Грекияға өз билігін толық қалпына келтіргеннен кейін, Александр парсыларға жорыққа әзірлене бастады. Б.з.б.334 жыл қыс бойы әскерлер жинаумен және оларды оқытумен өтті. Әскер жорыққа б.з.б.334 жылдың көктемінде аттанды. Персия әскерінің алдыңғы қатарлы бөлімдері грек жалдамалыларымен бірлесе отырып, Александр және оның әскерін Граника атты шағын өзен бойында кезіктірді.
Граникадағы жеңістен кейін македондықтар Кіші Азия жағалауының ұзына бойымен оңтүстікке беттеді. Б.з.б.333 жылдың бүкіл қысын Александр сонда өткізді (ауа-райына байланысты). Киликий қақпасынан өте отырып, македон әскері Жерорта теңізі жағасындағы Тарса қаласына келіп шықты. Осы арадан әскерін Сирияға беттеді.
Македон және Персия әскерлері Жерорта теңізінің солтүстік-шығыс жағасындағы Исса деген жерде кездесті.
Иссадағы ұрыстан кейін Александр Сирия мен Финикияға беттеді. Финикия қалаларының ішінен тек Тир қаласы ғана қарсылық көрсетті, оны Александр 7 ай бойы ала алмады. Бірақ Александр кейін шегінбеді. Ақырында, оның зор қиыншылықтан кейін Тирді алуы сәті түсті. Жазалау өте қатал болды: бекініс жермен-жексен етілді, қала тұрғындары – 30 мыңдай адам құлдыққа сатылды.
Александр Финикияда болғанда ІІІ Дарий келісім жасауды ұсынған, бірақ келісім туралы ұсыныс қабылданбады.
Б.з.б.332 жылы Персия державасының құрамына енген Палестинаға ие болу үшін, шығысқа жорық жасаған кезде өзіне тыл болуын қамтамасыз ету үшін Александр әскерімен Египетке беттеді. Осы жылы Жерорта теңіз жағасындағы Ніл атырауындағы қаланы – Александрияны орнатты, бұл қаланың эллиндік дәуірде және одан кейін де үлкен саяси, экономикалық, мәдени рөлі болды.
Б.з.б.331 жылы Александр Египетті тастап шықты да, сол кезде-ақ ІІІ Дарийдің әскерлері шоғырлана бастаған Қосөзенге беттеді. ІІІ Дарийдің әскері Месопотамияға таяп келді де, Ассирияның бұрынғы астанасы – Ниневияға жақын, Гавгамелы деген жерде аялдады. Бұндағы шайқас табан тіресе қан төгілген сұрапыл шайқас болды. ІІІ Дарий, Иссадағы ұрыстан кейінгі сияқты, өз әскерінің қалдығымен тағы да Шығысқа қашты. Бұл Александр үшін бүкіл жорық бойындағы ең ауыр шайқас болды.
Гавгамелыдағы жеңістен кейін Вавилонды, содан соң Сузыны алды. Сузыдан парсылық державаның байырғы бөлігі – Персидаға шықты. Парсы әскерінің қалдықтары жаулап алынған және талқандалған Персияның ежелгі астанасы – Персополь түбіндегі ұрыста құртылды. Жеңісті мерекелеу кезінде грек-парсы соғысы үшін кек алу ретінде Ксеркс салтанатты сарайы өртелді.
Македондықтардың Шығысқа ендігі жорығы соғыс мақсатында жүргізілді. Александрдың әскерлері – Экбатанның шығысына Гиркан (Каспий) теңізінің шығысында орналасқан тау асуынан – Гиркан қақпасынан өтті де, Орта Азияға басып кірді.
Бактрия мен Согдиана бағындырылғаннан кейін, Александр Үндістанға беттеді. Оның әскері әуелі Бесөзенге – Инда аңғарына келіп кірді. Инда аңғарында ол Пор патшалығына қарсы соғыс қимылдарын жүргізді. Гидаспада македон мен үнді әскерлері арасында шайқас болды.
Сөйтіп, бұл мемлекеттер Македонияның бағынышты вассал патшалықтарына айналдырылды. Македондық әскерлер Инданың Гифасис сағасына дейін жетті де, кейін қайтуға тиіс болды.
Сонымен, Александр Македонскийдің жаулап алушылық жорықтары 10 жылға – б.з.б.334 жылдан 324 жылға дейін созылды.
Әдебиеттер:
- История Древнего Востока.(Под. ред.В.И. Кузищина ) М. 2001.
- История Древнего Востока: Материалы по историографии.(Под. ред. В.И. Кузищина) М.1991
- История Древнего Востока. Т.1: Ранняя древность Т.2:Расцвет древних обществ.Т.3: Упадок древних обществ.(Под. редакцией И.М.Дьяконова , В.Д. Нероновой ) М.1989.
- Источниковедение историиДревнего Востока. (Под.ред.В.И. Кузищина )
- М. 1984.