Алма-кезек табыспен соғыса отырып, екі жақ б.з.б.449 жылғы келіссөз кезінде грек жағының өкілі болған Каллиев келісімі деп аталған бейбітшілік шартын жасасты. Ұзақ уақытқа бейбітшілік орнады. Парсылар кіші азиялық грек полистері мен Эгей теңізіндегібарлық аралдардың тәуелсіздігін таныды. Парсы әскери-теңіз флотына Эгей теңізінде жүзуге тыйым салынды, 1-ші Афинылық теңіз одағын пайдалана отырып, Афины грек әлеміндегі ең қуатты мемлекетке айналды.
Грек-парсы соғыстары Парсы деспотиясының басқыншылығынан өз отанының бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаған гректердің жеңісімен аяқталды. Ала ауыздыққа қарамай, олар шешуші кезеңдерде басқыншыларға қарсы бірігіп күйрете соққы бере білді. Бірақ гректер де дәуірінің құл иеленушілері еді. Соғыстың екінші кезеңінде, Персияның күші сарқылғанына көзі жеткен соң, грек жауынгерлері өз мүмкіндіктеріне қарай Персия жағалауын талан-таражға салып, тұтқындарды құлдарға айналдырып отырды.
Дәрісте деректер негізінде студенттерге соғыстың шығу себебін, соғыстың кезеңдерін түсіндірумен бұл соғыста грек халқының басы бірігіп, одақ құрып, өз отаны үшін жан қиярлықпен күресіп, өз тәуелсіздігін сақтап қалған ерлік істеріде деректер арқылы сипатталып көрсетіледі. Б.э.д.5-4 ғасырлардағы Грецияның әлеуметтік-экономикалық құрылысы. Бұл тақырыпты студенттерге түсіндіруде деректерден бастап, Аристотельдің т.б. еңбектер негізінде олардың құлдарға берген бағасына сын көзбен қарай отырып, құлдықтың қайнар көзіне классикалық құлдық дегеннің не екеніне анықтама беру мен Грецияның әлеуметтік топтарына, әкономикасына талдау жасап түсіндіру.
Деректер негізінде Афинадағы теңіз одағының нығаю себептері мен ондағы партияларға, оның арасындағы күрестерге эфиальттық реформасына, Перийлдың
жеке басына, оның Афин демократиясының көсемі екендігіне сонымен бірге Афин
демократиясының саяси құрылысына, мәдениетіне жан-жақты талдаулар жасалады. Дәрісте тақырыпқа байланысты деректер негізінде соғыстың негізгі себептер мен сипаттарын анықтай отырып, соғыстың Архидем кезеңіне талдау жасаумен соғыстың осындай ауыр жағдайында Афинның Сицилияға экспедиция жасау себептерін ашу мен соғыстың Денелей немесе аяқталу кезеңіне талдау жасау.Дәріс соңында отыздық Тиран мен Афиныда демократияның қалпына келтіру мәселелерін ашып көрсету мен 27 жылға созылған соғыстың шет елдер үшін салдарын анықтау. Дәрісте студенттерге Грециядағы полистердің дағдарыстарының себептері мен мұндағы әлеуметтік-экономикалық саласындағы өзгерістерді, Спарта мен Тиран арасындағы гегемондық жолындағы күрестерге, Грецияның өте күрделі халықралық жағдайына деректер негізінде талдаулар жасалып түсіндіріледі
Әдебиеттер:
- История Древнего Востока.(Под. ред.В.И. Кузищина ) М. 2001.
- История Древнего Востока: Материалы по историографии.(Под. ред. В.И. Кузищина) М.1991
- История Древнего Востока. Т.1: Ранняя древность Т.2:Расцвет древних обществ.Т.3: Упадок древних обществ.(Под. редакцией И.М.Дьяконова , В.Д. Нероновой ) М.1989.
- Источниковедение историиДревнего Востока. (Под.ред.В.И. Кузищина )
- М. 1984.