Иран мен Орта Азияның географиялық және табиғи жағдайы. Халқы мен тілдері. Иран тілдес халықтардың басымдылығы.
Иранның ежелгі тарихының деректері. Қасиетті кітаптар жинағы «Авеста».
Иран мемлекеттерінің тарихы совет және шет елдік ғалымдар еңбектерінде.
Орта Азия тарихы бойынша археологиялық материалдар. Шаруашылық және сарай архивтері. Кушан жазбалары. Мифтер және эпикалық аңыздар. «Авеста» Орта Азияның иран тілдес халықтарының тарихы жөніндегі дерек ретінде. Антикалық авторлардың мәліметтері.
Орта Азия тарихы отандық зерттеушілерідің еңбектерінде.
- Элам және Мидия — Иран территориясындағы ежелгі мемлекеттер
Элам территориясындағы неолиттік және энеолиттік қоныстар. Отырықшы егіншіліктің, малшылықтың, қолөнердің дамуы. Металлургияның пайда болуы. Мүліктік және әлеуметтік жіктеліс. Б.э.д. ІІІ мыңыншы жылдықтың І-ші жартысында Эламда алғашқы мемлекеттік қүрылымдардың құрылуы. Элам б.э.д. ІІІ мыңыншы жылдықтың 2-ші жартысында және ІІ мыңыншы жылдықтың 1-ші жартысында. Оның Месопотамия мемлекеттерімен қатынасы. Елді біріктіру үшін күрес. Мемлекеттік үйымдасудың ерекшеліктері.
Элам б.э.д. ІІ мыңыншы жылдықтың 2-ші жартысында және Iмыңыншы жылдықтың І-ші жартысында. Вавилонмен күрес және Элам қуатының артуы. Элам Ассирия, Жаңа Вавилон, Мидия және Парсы державасы билігі астында .
Элам қоғамы. Жер иелену формалары. Селолық және үй қауымдары. Элам қоғамының таптық және әлеуметтік қүрылымы. Эламдагы орталықтанған монархияның қалыптасу процесі. Элам мәдениетінің сипаттық белгілері. Б.э.д. ІІІ-І мың жылдықта Мидия территориясындағы ежелгі қоныстар. Халқының этникалық құрамы проблемасы. Шаруашылық формасы. Иран тілдес тайпалардың енуі және таралуы. Олардың ортасындағы мүліктік және әлеуметтік жіктеліс. Мидиялық тайпалар одағы.
Ассирияның Мидияға жорығы. Каштарати /Фраорта/ бастаған көтеріліс және тәуелсіэ Мидия патшалығы. Киммерліктер мен скифтер және олардың Мидиямен қарым-қатынасы. Киаксардың реформасы және Мидия патшалығының орталықтануы. Мидияның Ассириямен күресі және Жаңа Вавилон патшалығымен одағы. Ассирияны талқандау және Мидия державасының гүлденуі Мидияны Персияның бағындыруы және оның Парсы державасы құрамындағы орны.
Мидия қоғамы, мемлекеттік құрылысы және мәдениеті. Мидия мәдениетінің парсы мәдениетіне әсері.
- «Әлемдік» Парсы державасы б.э.д. УІ-ІУ ғ.ғ.
Б.э.д. I мың жылдық басында Иран территориясындағы парсы тайпалары. Б.,э.д. УІІ ғ. Парсы княздығы. Б.э.д. УІ ғ. ортасында Парсы патшалығының өрлеуі. Кир ІІ және оның жаулап алушылық саясаты. Парсылардың жаңа территорияларды иемденуі. Б.э.д. УІ ғ. соңғы ширегіндегі Парсы державасының жағдайы. «Сиқыршы» Гаумата көтерілісі. Персия бағындырған елдердегі халық қозғалысы. Саяси дағдарыс. Дарий I патша тағын күшпен алуы және Парсы державасының билігін қалпына келтіруі. Дарий I әкімшілік-финанс реформалары. Армияны қайта ұйымдастыру және парсы әскери қуатын күшейту. Жаңа жорықтар және Парсы державасын иеліктерінің онан әрі ұлғаюы.
Б.э.д. У-ІУг. Парсы державасы. Грек-парсы соғыстары. Грек-парсы соғыстарында парсылардың жеңілу себебі. Пелопонесс соғысы кезіндегі Персияның грек қала-мемлекеттерімен қатынасы. Персия дипломатиясы және грек қала-мемлекеттері б.э.д. ІУ ғасырда. Грек-македондықтардың Шығысқа жорығы. Парсы державасын талқандау.
Б.э.д. УІ-ІУ ғ.ғ. Парсы державасындағы экономиканың, әлеуметтік қатынастардың және басқару жүйесінің сипаттық белгілері. Осы «әлемдік» державаның берік болмау себептері. Дін мен мәдениет. Ежелгі Иран қүдайлары. Зороастризмнің пайда болуы, негізгі идеялары және зороастризм дінінің қалыптасуы. «Авеста» қасиетті кітабы. Парсы державасындағы діни синкретиэм.
Парсы державасындагы жазулар жүйесі. Сәулет өнері және оның маңызды ескерткіштері. Мүсін, релъеф, бейнелеу өнерлері. Алдыңгы Азия мәдениетінің Парсы мәдениетінің қалыптасуына әсері. Парсы державасында мәдениеттер синкретизациясы процесі. Орта Азия мен Иран мәдениетінің қарым-қатынасы.
- Орта Азия б.э.д. ІІІ-І мың жылдықта
Орта Аэия территориясындағы б.э.д. Ү-ІІІ мың жылдықтағы егіншілер және малшылар тайпалары. Олардың экономикалық және мәдени жетістіктері. Алғашқы қалалық орталықтар: Алтын» тепе және Намазга тепе. Алтын тепенің ерте таптық қоғамы және оның сипаты.
Орта Азия б.э.д. ІІ-І мың жылдық аралығында. Оның территориясына үнді-иран тайпаларының таралу проблемасы, Көшпелі және отырықшы тайпалардың қарым-қатынасы. Таптық қоғамның және мемлекеттің даму процесі. Әр түрлі облыстардың саяси бірігу тенденциясы. Ерте Бактрия мемлекеті. Көшпелі сақтардың тайпалық одағы. Зороастризм дінінің пайда болу жағдайы. Орта Азия тайпаларының парсы әскери экспансиясына қарсы күресі. Оның Ахеменидтер державасы құрамына қосылуы. Орта Азиялық сатрапияның жағдайы. Орта Азиядағы Парсы үстемдігіне қарсы көтеріліс. Орта Азияда таптық қоғамның қалыптасу процесінің аяқталуы. Ахеменидтер жаулап алуының тарихи салдары.
- Парфия және Кушан державасы
Орта Азия халықтарының грек-македон жаулап алушыларына қарсы күресі. Грек-македон қамалдар жүйесі. Александрдың «әлемдік» державасының күйреуі және Орта Азияның Селевкидтер мемлекеті құрамына кіруі. Бактрияның Селевкидтерден бөлінуі және Грек-Бактрия патшалығын құруы. Династиялық күрес. Грек Бактрия билеушілерінің әскери жорықтары. Греко-Бактрияда эллиндік мәдениеттің қалыптасуы. Грек-Бактрия патшалығының күйреуі.
Кушан державасының қалыптасуы және оның аумағы. Кадфиз I және оның саясаты. Оның мұрагерлерінің жаңа территорияларды иемденуі. Кушандардың Индия, Парфия, Кытаймен қарым-қатынасы. Кушан империясының экономикасы, қоғамы және мемлекеттік басқаруы. Кушан мәдениеті. Буддизмнің таралуы. Оның жергілікті діндермен және зороастризммен қатар өмір сүруі. Қушан өнернің синкретизмі.Сасанидтердің шабуылы нәтижесінде Кушан державасының күйреуі, Парфия патшалығының пайда болуы. Парфиядагы әлеуметтік-экономикалық қатынастар және саяси құрылысы, Парфияның сыртқы экспансиясының белсенділігі және оның батысқа жылжуы. Парфияның Риммен соғысы. Парфияның әлсіреуі. Оны Сасанидтердің бағыңдыруы. Парфия мемлекеті мен мәдениетінің тарихи маңызы.
Әдебиеттер:
- Поэзия и проза Древнего Востока. М.1973
- «История Древнего Востока. Зарождение древних классовых обществ» первые очаги рабовладельческой цивилизации. Ч.1. Месопотамия. М. 1983. Ч.2. Передняя Азия.Египет. М.,1988.
- История Востока.(Восток в древности) Т.1. М. 1997. (Под. ред. Р.Б.Рыбанова, И.М. Смилянской и др.
- История Древней Греции. (Под. ред. В.И.Кузищина) М.2001.
- История Древнего Рима. . (Под. ред. В.И.Кузищина) М.2001.
- Античная Греция. Проблемы развитие полиса.Т.1-2. М.1983
- Историография античной истории . (Под. ред. В.И.Кузищина) М.1980.
- История Древней Греции.(Под. ред. В.И. Авдуева, А.Г. Бокшанина, Н.Н. Пнауса) М. 1972.