Біз қытай жазуының иероглифтік жүйесі б.э.дейінгі ІІ мың жылдықта қалыптасқанын бұрынырақта айтып өттік, содан бергі уақытта мұндағы жазу дәстүрінде ежелгі шығыстың көптеген өзге елдеріндегі сияқты үзіліс болған жоқ: Ғасырлар өткен сайын бұл жүйе барған сайын күрделене берді. Алдыңғы Азия мен Египеттегі сияқты алфавит шығаруға мұнда ешқандай талпыныс болмады, керісінше, иероглифтер саны барған сайын өсе түсті. Егер олардың саны Шан (Инь) кезеңінде 2000-нан аспаған болса, Хань династиясы кезінде 18000-ға дейін жетті. Осы аса көп иероглифтер ішінен қажетті белгілерді іздеп табуға жол көрсететін арнаулы анықтама кітаптарын құрастыру қажет болды.
Жазу ұшін негізгі материал ретінде ағаш тақтайшалар, кейінірек жібек маталар пайдаланылды, ал б.э. І ғасырында қағаз ойлап табылды, ол ағаштан және ескі торлардан жасалды. Текстер тік бағаналар түрінде және солдан оңға қарай жазылды. Көшірмешілер бояуға (кейінірек тушьқа) матырылған ұшы ұшталған таяқшалармен (кейінірек қыл қаламдармен) жазды.
Қытай әдебиетінде діни дәстүрлер өте күшті сезіледі. Әсіресе бабалар рухына сыйынуға үлкен мән берілді. Табиғат құбылыстары мен әр түрлі өнертапқыштардың өз құдайлары бар деп саналды. Матриархат сатысында барлық тіршілік иесінің жарылқаушысы Нюйва деп танылды, әлем мен адамдарды жаратқан, аспанның жыртық-тесігін таспен бітеп бекіткен – сол деп есептелді. Кейінірек табиғаттың және бабалар рухының пантеоны жасалады, оның басшысы аспанды бейнелейтін Шан Ди болып танылды.Керемет ғажайып күшке ие батырлар жайлы көптеген аңыздар туды. Бұл аңыздар эпикалық циклдерге біріктіріледі. Әсіпресе аламдарды отты табуға үйреткен Суй Жен (ол грек алыбы Прометей сияқты) жайлы аңызды ерекше айтуға болады.
Б.э.дейінгі І мың жылдықтың орта шенінде Қытайда әр түрлі философиялық мектептер пайда болады. Олардың ішіндегі ең ықпалдысы, уақытша жеңіліске ұшырағанына қарамастан жаңа эраға дейін өз позицияларын сақтап қалғаны конфуцийшілер мектебі болды. Оның негізін салған философ Кун-цзы (Коефуций) еді, ол б.э.дейінгі 551-479 жылдары өмір сүрді. Оның ілімі патриархалдық дәстүрлерді қолдады және әлеуметтік негіздер мызғымайды деген көзқарасқа сүйенді. Ол қожайын қожайын болып, оның қол астындағылар сол қол астындағы күйінде, әке әке болып, бала бала болып қалуға тиіс деп санады. Жасы кішілердің үлкендерге, халықтың әміршілерге, бағынуы мәңгілікке мызғымайтын заң деп түсін-дірді. Тәрбиелеу жүйесі діни принциптермен (ата-бабаларды құрметтеумен) тығыз байланысты болған табиғи праволарды оқытып үйретуге негізделді. Қандай да болмасын түбірлі өзгерістер — зиянды деп саналды.
Конфуциялық ілім әсіресе шонжарлар арасында кең тарады, өйткені ол қарадан шыққанына қарамастан байлық пен билікке қол соғушы жаңа адамдардың алға шығуына жаулықпен қарады.
Конфуциялық іліммен екінші философиялық ағым даосизмтайталасып отыр-ды, оның ең көрнекті өкілі Конфуцийдің жасы үлкен замандасы Лао-цзы еді. Оның ілімінен аңғал-материалистік бағытты және тіпті диалектиканың бастамасын бай-қауға болады.
Даосистердің пікірінше: әлемдегі барлық заттар материалдық бөлшектерден пайда болған және ешкімнің де саналы әрекетіне тәуелді болмай, өзінің қатаң заңдылықтары («дао»— жол деген сөз) бойынша дамиды. Әлемдегі өзгерістердің бәрі заттар мен тіршілік иелерінің белгілі қасиеттеріне және мәңгіден келе жатқан әр нәрсенің өзінің қарама-қарсы сыйпатына ауысатыны жөніндегі заңдылыққа байланысты болып отырады деп түсіндірілді. Бір нәрсені қыссаң, ол қайта кеңиді; бір нәрсені босатсаң, ол қайта бекиді.
Лао-цзыды жақтаушыдардың таптардың үйлесім табуын насихаттаған конфуцийшілерден айырмасы сол, дәулеттілер өкіметінің зорлық-зомбылығын қатты сынап отырды. Алайда бұлар күреске шақырмады, қайта жауыздыққа қарсы тұрмауға және әрекетсіздікке үндеді, бұл—оларға тән детерменизм ілімінен алдын ала белгіленіп қойылған даму жолына сенушілікпен байланысты еді. Кейінірек даосизм қатты өзгеріске ұшырады және мистикалық түрге енді, оның материалдық негізі барынша көлегейленіп, бүркеліп отырды.Б.э. I ғасырында Қытайда этикасының бірқатар көзқарастары даосизммен үйлесіп келетін (мәселен, ешқандай әрекет жасамай, әр нәрсенің артын бағуға шақырды) буддизм тарай бастады, ол мұнда Үндістаннан келді.
Жүйелі материалистік бағыт ұстаған — Ян Чжоу (б.э.дейінгі V — IV ғасырлар) ілімі болды. Ежелгі қытай материалистерінің көзқарастары «Сын тұрғысынан пайымдау» атты трактатта толық көрініс тапты, оны құрастырған — аса көрнекті ойшыл Ван Чун (б.э. 27—97 жылдары) еді, Бұл трактатта аспанды тірі және саналы тіршілік иесі, адамдардың арғы ата-анасы санаған конфуциялық ілімге қатты соққы беріледі. Ван Чун аспанды материалды зат және оның ақылы мен еркі жоқ деп санайды. Білуге деген қабілет адамга ғана тән. Адам іштен туғанда ешнәрсені де біліп, түсініп тумайды. Көзбен көрген, құлақпен естіген және өзге де сезім органдарымен қабылдағанды ғана танып білуге болады. Табиғаттың творчестволық қызметі саналы емес және ол материяның механикалық жолмен қоюлануының және сұйылуының жемісі болып табылады. Саналы әрекет — адамға ғана тән.
Ван Чун адамның жаны өлмейді деген түсінікті батыл түрде жоққа шығарды. Жанды организммен ажырамас бірлікте болады және адам өлген соң тәннің қызметі тоқталуымен бірге ол да жойылады деп санады.Қытайда дәл ғылымдар мен жаратылыс тану ғылымдарыжоғары дәрежеге жет-ті.Суарылмалы егіншілік және құрылыстар салу ісі дәл есептей білуді қажет етті. Математикалық ақыл-ойдың жеткен жетістіктерін б.э. I ғасырында пайда болған трактаттан байқаймыз, одан біз теріс сандар операциясы жүзеге асырылғанынкөре аламыз.
Шан (Инь) кезінің өзінде-ақ жұлдызды аспанға бақылаулар жасалып, календарь ретке келтірілген еді. Чжань Го кезеңінде (б. э. дейінгі IV—IIIғасырлар) календарь жүйесі дәл анықтала және жетілдіріле түсті. Жылдың ұзақтығы ежелгі кездер үшін ең мүмкін болған дәлдікпен есептеп шығарылды (жылда 365, 25 тәулік бар деп табылды) және календарлық жылды астрономиялық жылмен теңестіру үшін 19 жылдан тұратын цикл ішінде жеті високос жыл (қосымша айларымен)болады деп белгіленді.
Ежелгі Қытайдың ғылымитворчествосы Хань кездерінде ең гүлденген шегіне жетті. Жұлдызды аспанның картасы жасалды (Темірқазық жұлдызының айналасына топтасқан 28 шоқ жұлдыздар көрсетілді), күн дақтары зерттелді т. б. Бұл дәуірдің аса ірі ғалымы Чжан Хэн (б.э. 78—139 жылдар) ең ежелгі сейсмографты жасап шығарды. Формакология, агрономия жөніндегі т.б. трактаттар да осы Хань дәуіріне жатады.Ежелгі Қытайдың бейнелеу өнерінен бірқатар ерекше сипаттарды байқауға болады. Қытай архитекторлары көп ярусты үйлердің ерекше түрлерін жасады.
Неғұрлым ерте дәуірдің мүсіндері мен живописінен күшті шарттылық байқалады. Хань кезеңінде елеулі түрде алға басуболды. Әсіресе зираттардағы тас плиталарға салынған бедерлі суреттер тамаша, бұларда өндіріс тақырыбы көбірек орын алған (егін ору, аңға шығу т. б.). Мола қабырғаларын әшекейлеген фрескаларда тұрмыс көріністері (мысалы, қос дөңгелекті арбаның жолға шығуы) үлкен реализммен бейнеленеді.Әр түрлі дәуірлердегі қытайдың көркем өнер бұйымдары (металдан, күйдірген балшықтан жасалған т.б.) көп сақталған.
Сөз соңында ежелгі кытай мәдениетінің қол жеткен табыстарының батыс әлеміне ықпалы өте аз болғанын айтқанымыз жөн. Қытай жібегі мен қытай кағазы Европа мен Батыс Азияға (көп кешігіп) жетті. Қытай қағазын орта ғасырдың алғашқы кезінде-ақ Египет папирусы ығыстырып шығарды. Өзге ойлап табылған заттар (компас, мылтық дәрісі, сейсмограф) Шығыс Азия көлемінен тыс жерлерге таралған жоқ. Батыста бұл жаңалықтар кейін қайта ашылды.
Әдебиеттер:
- Поэзия и проза Древнего Востока. М.1973
- «История Древнего Востока. Зарождение древних классовых обществ» первые очаги рабовладельческой цивилизации. Ч.1. Месопотамия. М. 1983. Ч.2. Передняя Азия.Египет. М.,1988.
- История Востока.(Восток в древности) Т.1. М. 1997. (Под. ред. Р.Б.Рыбанова, И.М. Смилянской и др.
- История Древней Греции. (Под. ред. В.И.Кузищина) М.2001.
- История Древнего Рима. . (Под. ред. В.И.Кузищина) М.2001.
- Античная Греция. Проблемы развитие полиса.Т.1-2. М.1983
- Историография античной истории . (Под. ред. В.И.Кузищина) М.1980.
- История Древней Греции.(Под. ред. В.И. Авдуева, А.Г. Бокшанина, Н.Н. Пнауса) М. 1972.