Қазақстан – замануи әлем мойындаған ел

 

 

Қазақстан ӛзiнiң тәуелсiздiгiн алғаннан кейiн, егемен мемлекет ретiнде халықаралық байланыс жасауға, ӛзiнiң сыртқы саясатына айырықша кӛңiл бӛледi. Бұрын КСРО-ның құрамында болғанда Қазақстанның ондай мүмкiндiгi, жеке саясат жүргiзу құқы болмаған-ды.

Қазақстан ӛзiнiң сыртқы саясатында, әсiресе, басты үш мәселеге ерекше назар аударады. Бiрiншiден, басқа елдермен, соның iшiнде бұрынғы Одаққа кiрген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдерi және Америка Құрама Штаттарымен халықаралық байланысты ӛркендету. Екiншiден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы ӛркениеттi елдердiң қатарына қосылу. Үшiншiден, Қазақстанның қауiпсiздiгiн сақтау, дүниежүзiлiк соғысты болғызбау, ядролық қаруды қолдануды болдырмау.

Мiне, осы бағытта 1991 жылдан бастап тәуелсiз Қазақстан кӛптеген игi шараларды iске асыруда. Бұл уақыт iшiнде Қазақстан Республикасын дүние жүзiнiң 180-нен астам мемлекетi таныды. 2002 жылдың басында Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Қазақстанды алғашқылардың бiрi болып Түркия, АҚШ, Франция және т. б. мемлекеттер мойындалды. Қазiрде Қазақстан шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық ӛкiлдiктер ашты. Ал Алматыда және Астанада 50-ден астам шетелдiк елшiлiк пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған ӛкiлдiгi жұмыс iстейдi.

Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударып отыратын мәселе, ол — ӛзiнiң ең жақын және iрi кӛршi мемлекеттерiмен, соның iшiнде солтүстiкте Ресеймен, ал шығыста Қытай Халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату. Осы саясаттың нәтижесінде Қазақстан Республикасының егемен ел ретiндегi алдағы болашағы да байланысты. Сондықтан қалай дегенде де солтүстiгiмiздi жайлаған Ұлы елмен әрқашан жақын болу керек. Ӛйткенi Қазақстан үш ғасырға жуық уақыт Ресеймен тарихи сабақтас, тағдырлас, кӛршiлес қонып, шекаралас болып қатар ӛмiр сүрдi. Осы уақыт iшiнде Қазақстан мен Ресейдiң шежiресiнде талай күнгей де, күңгiрт беттерi болған. Оларды адамдар ауыздан-ауызға жеткiзiп, ұрпақтан-ұрпаққа берiп отырған. Ресеймен, орыстармен қарым-қатынастың қандай болуы, оны қалай құру жӛнiнде қазақтың ғұламалары, дана билерi ӛз заманында-ақ айқын да анық айтып кеткен. Ал соңғы жетпiс жыл бойы Қазақстан мен Ресей Кеңестер Одағы құрамында ӛз тәуелсiздiгiн қойып, ӛз мүдделерiн ұмытып, ортақ шаруа атқарып, ортақ қазанға қызмет еттi. Барлық шаруашылық, бар тiршiлiк осыған бейiмделiп, Кеңес ӛкiметiнiң талабын орындады. Ендi Кеңес Одағы тарағаннан кейiн, бұл екi елдiң арасында тең құқық негiзiнде саяси және экономикалық қатынастар орнады.

Осы жағдайларды ескере отырып Қазақстан мен Ресей 1991 ж. КСРО тарап, тәуелсiздiкке қол жеткеннен кейiн ӛздерiнiң сыртқы саясатында халықаралық құқық принциптерi негiзiнде бiрбiрiмен стратегиялық байланыс, достық, тату-тәттi кӛршiлiк және ӛзара тиiмдi ынтымақтастық қатынастарды дамытуға айрықша кӛңiл бӛлiп келедi. Оған Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және ӛзара кӛмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Ал 1995 ж. 20-шы қаңтардағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету туралы бiрлескен декларацияда екi ел жоғарыдағы қол қойған шарттарды одан әрi бұлжытпай орындап отыратындығы жӛнiнде мәлiмдедi.

Қазақстан экономикасының дамуында сыртқы сауданың маңызы ерекше зор. Егемендiк алған жылдардан берi Қазақстан дүние жүзiнiң 180-нен астам елiмен сауда қатынасын орнатты. Осының нәтижесiнде Қазақстанның сыртқа шығаратын және сырттан бiзге алып келетiн тауарлардың /қаржы түрiндегi/ кӛлемi жылдан-жылға ӛсiп келедi. Бiр қуанарлық нәрсе, республиканың экспортқа шығаратын тауары импорттан асып отырғандығында болып отыр. Мысалы, 1995 ж. экспорт импорттан 1 млрд. 250 млн. доллар кӛлемiнде асып түскен, немесе 64 пайызға ӛскен. Сол жылы оның алдындағы 1994 жылмен салыстырғанда агроӛнеркәсiп кешенi ӛнiмiнiң экспортын 2,5 есе арттырды. Сӛйтiп, ол импорттан алғаш рет 1,7 есе асып түстi. Ал 2001 ж. Қазақстанның сыртқы сауда кӛлемi 14 млрд. АҚШ долларынан асты.

Қазақстанның сауда айналымының шамамен 62 пайызы ТМД елдерiнiң үлесiне, 23-24 % Еуропа елдерiнiң (35 ел), 13 % Азия аймағы елдерiнiң үлесiне тиедi. Ескере кететiн бiр нәрсе — сауда кӛлемi Батыс Еуропа елдерiнде арта түсiп, Шығыс Еуропа (бұрынғы социалистiк мемлекеттер) елдерiнде едәуiр кемiп бара жатқаны байқалады. Батыс Еуропаның қалтасы қалың инвесторлары үшiн Қазақстан кәсiпорындарының есiгi барған сайын айқара ашылып келедi. Алдағы кезде Еуропа Сыртқы сауда бiрлестiгiне мүшелiкке ӛтетiн болады. Мiне, сол кезде Еуропа Одағына кiретiн елдермен екi арадағы сауданың бұдан да кең ӛрiс алуына қолайлы жағдайлар туатыны сӛзсiз.

Қазақстанның сыртқа шығаратын тауарларының басты түрi металл (34 %), мұнай, газ, кӛмiр, минералдық тыңайтқыш (35 %), азық-түлiк тағамдары (12 %) қалғандары химия тауарлары (9 %), транспорт құралдары, приборлар және аппараттар (5 %). Оның басым кӛпшiлiгiн бұрынғы одақтас республикалар сатып алады.

Қазақстан басқа елдерден отын-энергетика ресурстарын (27 %), машиналар, құрал-жабдықтар, байланыс құралдары, приборлар және аппарат құралдары (26 %), химиялық тауарлар (10 %), азықтүлiк (11%) алады. Сырттан алынатын тауарлардың 75 %. ТМД елдерiнен келедi. Бiзбен негiзiнен сауда iстейтiн елдер Ресей (57 %), Түрiкменстан (7 %), Белоруссия, Германия, )ытай, Түркия (3 %), Украина, Моңғолия, Финляндия (әрқайсысы 2 %-дан). Бұл кӛрсеткiштердiң әрине жыл сайын ӛзгерiп отыратынын айтқан жӛн.

Тағы бiр кӛңiл аударатын мәселе – Қазақстанның жағрафиялық жағынан әлемнiң негiзгi экономикалық аудандары аралығында орналасқандығы. Сондықтан мұның ӛзi де Азия-Тынық мұхит аралығындағы елдер мен сыртқы экономикалық байланыстар орнатуға тиiмдi болып, кең мүмкiндiктер ашып отыр. Бұған ерте кездегi Ұлы Жiбек жолы жүрген жерлерде ендi темiр жол қатынасының дамуы үлкен әсерiн тигiзуде. Бұл жолдың ұзындығы болашақта 13,5 мың шақырымға жеткiзiлуi тиiс. )азақстан жерiнен ӛтетiн тем3р жолды4 ұзындығы – 1,8 мың шақырым, соның iшiнде — Дружба-Алашанькоу темiр жолы 1991 ж. салынды, ал 1996 ж. май айында Иран мемлекетiнiң күшiмен Теджен-Серахс-Мешхед, (ұзындығы 290 шақырым) темiр жол торабы iске қосылды. Болашақта жол Ақтоғайдан-Алматы-Шеңгелдi, одан әрi Ташкент-Теджент-СерахсМешхед-Тегеран-Анкара-Стамбул арқылы ӛтедi. Бұл жолдың тек )азақстан үшiн ғана емес, сондайақ халықаралық маңызы ӛте зор. Атап айтқанда, бұл темiр жол магистралi арқылы егер 1997 жылдың аяғы 1998 жылдың басында Қытайға Батыс Қазақстаннан 100 мың тонна мұнай әкелiнген болса, 1999 жылы бұл кӛрсеткiш бес есеге жуық ӛсiп, 500 мың тоннаға жеткен. Тек ДостықАлашанькоу стансасы жыл сайын 5 млн. тоннадан астам жүк ӛткiзедi. Ал болашақта оны 12 млн. тоннаға жеткiзу кӛзделiп отыр. Сондай-ақ, екi ел арасындағы автомобиль жолы арқылы жүргiзiлетiн жүк тасымалының үлесi де артып келедi.

Қорытып айтқанда, 1991 жылдан берi тәуелсiздiк тұғырына қонған Қазақстан дүние жүзiнiң кӛптеген елдерiмен терезесi тең деңгейде дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынас орнатты. Осы уақыт iшiнде елдiң сыртқы саясаттағы күш-жiгерiнiң арқасында орасан зор тарихи маңызы бар мiндеттер орындалды, ол дүниежүзiлiк аренадан беделдi ӛз орнын алды. Сондай-ақ, Қазақстан шекарасының ӛн бойында берiк халықаралық-құқықтық негiзге сүйенетiн қауiпсiздiк, тату кӛршiлiк және достық белдеуi жасалды 4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар, карта.

  1. Әдебиет: Негізгі:
  2. Абдурахманов Н.А.Қазақстан тарихы:оқу құралы.-Шымкент, 2014
  3. Сыздықов, С. «Мәңгілік ел» идеясы: қалыптасуы, үш негізі, тарихи сабақтастық: қоғамдық- саяси әдебиет — Астана : Фолиант, 2013
  4. Қуандық , Е. С. Қазақстан тарихы (ХХ және ХХI ғасырдың алғашқы жылдарындағы республика тарихының ӛзекті мәселелері бойынша лекциялар): оқулық. — Алматы : ЖШС РПБК «Дәуір», 2012. — 512 бет,
  5. Жұмақаева Б. Д. Қазақстан тарихы : оқу құралы. 2011. — 320 бет.
  6. Тлеужанова, М. К. Қазақстан тарихы. 3 т.: оқу-әдістемелік кешені / — Алматы : Эверо, 2016. — 320 бет. с.90экз

Қосымша:

  1. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы / ред. басқ. Қ. С. Қаражан, 2011. — 376 бет.
  2. Назарбаев Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі. — Астана, 2002.
  3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. – Астана,2007

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *