Қазақ хандығы – халқымыздың тұңғыш мемлекеттік құрылымы, мәңгілік қазақ елінің тарихи тұғыры. Қазақ хандығының 550 жылдығы – қазақ елінің ӛткені, қазақ халқының тарихы. Сол тарихқа кӛз жүгіртсек. Қазақ хандығының алғаш мемлекет болып қалыптасуы XV ғасырдың екінші бӛлігінде, шыңғыс әулетінің бұтағы Орыс-ханнан тарайтын Керей мен Жәнібектің 1465 жылы
Сарыарқа территориясынан Шу-Талас ӛзені аралығындағы ауданда орналасқан Моғолстан ханы Есенбұғаның иелігіндегі жерге кӛшіп келуімен басталды. Бұл жерде қысқа мерзім ішінде болашақ хандықтың қазығы қағылып, қазақ тайпаларының ірі саяси бірлестігі пайда болды.
Қазақ хандығының құрылуына Евразия құрлығында болған күрделі ішкі геосаяси, этникалық және әлеуметтік-экономикалық үрдістердің салдары әсер етіп, оның құрылу уақыты ӛзге түркі тілдес мемлекеттердің құрылуымен (Қазан, Қырым, Астрахан, Сібір хандықтары мен Ноғай ордасы) сәйкес келді. Осыған байланысты XV ғасыр Евразияның ішкі этносаяси тарихынындағы ӛзгеріске кӛп ұшыраған кезең болып саналады. Жетісудың батысына Керей мен Жәнібек хандардың кӛшуінің арқасында және жаңа хандықтың құрылуына сәйкес түркі тілдес оңтүстік-шығыс кӛшпенділердің саяси нығаюының нәтижесінде қазақ халқының қалыптасу үрдісі аяқталды.
Қазақстан тарихына қатысты екі ғасырға жуық зерттелген деректер негізінде Қазақ хандығының негізін қалаушы Керей хан мен оның немере інісі Жәнібек хан болатын. Осы уақыттан бастап қазақ хандары тек қана «шыңғыс ұрпақтары» әулетінен сайланатын болды. 1468 жылы Әбілқайыр ханның ӛлімінен кейін Керей мен Жәнібек Қазақ хандығының жер кӛлемін біршама ұлғайта түскен еді. Осы сәттен бастап Қазақ хандығы құрлықта дербес мемлекет ретінде саналды.
XV ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың ортасына дейін қазақ мемлекетінің негізгі сыртқы саясатының басты бағыты материалды-экономикалық негіз бен ӛзінің қауіпсіздігін хандықтың жер кӛлемін ұлғайта түсу арқылы іске асырып отырды. Жетісу аймағы және туыстық қатынастағы барлық қазақ хан-сұлтандары билеп отырған аумақтағы тілі мен діні бір кӛшпелі тайпаларды ӛзінің қол астына кіргізе отырып, хандықтың жер кӛлемін ұлғайтып келген еді.
Осыған байланысты Қазақ хандығының саяси ӛмірі үш ғасыр бойы оңтүстік, кейінірек оңтүстік-шығыс және батыстағы кӛршілерімен шұрайлы жерлер, сауда жолдары үшін үздіксіз соғысып келді. Керей мен Жәнібек хандардың мұрагерлері XVI – XVII ғасырдың басындағы Қасым хан (1509-1521), Хақназар (1551-1580), Тәуекел (1583-1598), Есім (1598-1614, 1627-1628) жүргізген алғыр және сындарлы саясаттарының арқасында қазақ мемлекетінің құрамына XVII ғасырдың бірінші жартысында Сырдария ӛзенінің орта ағысындағы сауда және қолӛнері дамыған қалалар кіріп, қасиетті Түркістан қаласы хандықтың астанасы болды. XVIIІ ғасырдың бірінші жартысында қазақ хандары Жетісу мен Шығыс Қазақстан территориясының біраз бӛлігін жаулап алған ойрат мемлекетімен кескілескен ұрыстар жүргізді. Үздіксіз болған соғыстар кезінде қазақтардың бас ханы Тәуке (1680-1718), Әбілқайыр хан (1718-1748) және Абылай хандар (1771-1781) жаулап алынған жерлерді толықтай қайтарып, ӛз елінің тәуелсіздігін сақтап қала алды.
XVIIІ ғасырдың екінші жартысында қазақ хандарының билігі Маңғыстау түбегіне дейін жетіп, Қазақ мемлекетінің территориясы Ертістен Жайыққа дейінгі және Каспий теңізінің барлық батыс жағалауын қамтыды.
Қазақ мемлекеті кӛптеген қазақ тайпаларының саяси, экономикалық және рухани бірігуін, олардың бірыңғай этникалық тұтастығын, қазақтардың мәдени ӛмірінің жан-жақты үйлесуін қалыптастырды. Үш ғасырдың ішінде қазақ жерінде кӛшпенді мемлекеттің түпнұсқасы орнығып, қоршаған ортаға бейімделген, ӛзіндік саяси бейнелемесі (хандар мен сұлтандардың мӛрі) бар, орталық және жергілікті билік институттарын белгілеуді демократиялық жолмен сайлап, рухани ӛмірлерін дамытып, қалыптастырған болатын.
Ӛзіндік мемлекеті болған қазақ халқының ауызша тарихында ежелгі халық ауыз әдебиеті, бейнелеу ӛнері мен дәстүрлі музыка мәдениеті қалыптасып, ел тарихында мәңгі ӛшпес мұра болып қалды.
Бүгінгі таңда қазақ халқының далалық мемлекетінің тарихын жан-жақты зерттеу мен дәріптеу Қазақстанның халықаралық қауымдастықтың алдындағы бейнесін айқындап, этномәдени сәйкестілік пен жас ұрпақтың ұлтжандылығын қалыптастырып, жалпы ұлттық бірігу мен гүлденуі ары қарай үдемелі қозғалыс болып табылады.
Қазақ хандығының құрылуына 550-жыл мерекелеудің маңызды 3 негізі:
- Отан сүйгіштік – бұл кез-келген мемлекеттің ең мықты ӛзекті тұжырымдылық негізі саналады. Осы отан сүйгіштік халықтың ӛз отанына деген сүйіспеншілдігін арттырып, елдің бірыңғай, табысты және гүлденуіне апаратын жалғыз жол болып табылады. 550 жыл бұрын қазақ елінің еркімен құрылған қуатты Қазақ хандығы кӛптеген ауыр, тұрақсыз және жауласқан заманға қарамай ӛзінің территориясын бекітіп, оны нығайтқаны бізге тамаша үлгі болып, мықты және шынайы сенім арқылы, болашақта мемлекеттің дамуына үлес қосатын үрдіс болмақ.
- Медиялық – Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толғанын мерекелеуді заманауи ақпараттық технологиялар мен мультимедиялық ортаның дамыған заманында кең медиялық және ақпараттық қолдау арқылы ӛткізілуі тиіс. Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толғандығын мерекелеу сәтінде медиялық және ақпараттық вакуум қолдануға болмайды, себебі бұл соңында Қазақстан тарихына және Қазақ мемлекетінің алғашқы билеушісіне қатысты кӛпшіліктің кӛзқарасын ӛзгертіп жіберуі мүмкін. Мақсатты түрде кең кӛлемді, сапалы және толыққанды Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуын мерекелейтін, Қазақ мемлекетінің құрылуы жайлы тарихи ғылыми-танымал бағдарламаларды жетекші орталық телеарналардан кӛрсету, Қазақ хандығының жаңадан құрылу барысындағы тарихи сәттерді, мемлекеттің дамуымен нығаюын деректі фильмдер арқылы ғылыми-танымдық бағдарламаларды жүзеге асыру қажет.
- Ғылыми – Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толғандығын мерекелеуде Қазақ мемлекетінің іргетасының қалауына байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын зерделеуді күшейту керек. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейтудің ішінде: отандық мамандардың ғылыми қауымдастық институтын құру: тарихшылар, этнографтар, филологтар, тіл мамандарын, шығыстанушылар, археологтар, мұражай зерттеушілерді қазақ мемлекетінің қалыптасу тарихының тұжырымдамасын талқылау мәселесін; Қазақ хандығының тарихы бойынша сериялы карталарды дайындау, саяхатшылар мен кәсіби тарихшылардың XV – XX ғасырлар аралығында Қазақ мемлекетіне қатысты тарихи деректердің барлығын мұқият қарап, толыққанды зерттеу. Қазақ хандығын зерттеп жүрген отандық мамандарды Батыс Европа, Ресей, Түркия, Қытай, Мысыр, Ӛзбекстан мемлекетеріндегі ғылыми-зерттеу орталықтарына, мемлекеттік мұрағаттарына аталмыш тақырып бойынша ақпараттар мен деректерді жинастыруға іссапарға жіберу, қазақ мемлекетінің құрылу тарихына байланысты халықаралық деңгейде конференциялар ұйымдастыру, яғни жиынға Италия, Ресей, Түркия, АҚШ, Қытай, Венгрия, Австрия мемлекеттерінен тарихшыларларды, шығыстанушылар мен тіл мамандарын арнайы шақыру. Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты зерттелген, жүйеленген мәліметтер бойынша және ақпараттық, иконографиялық материалдар негізінде халықаралық деңгейде кӛрме ұйымдастыру.
Қазақ хандығының құрылғанына 550 жылдықтың негізгі идеологемалары (идеологияның саяси бағыттық ұстанымы):
Тәуелсіздік — 550 жыл бұрын Қазақ хандығының негізі қаланып, қазақ мемлекеттілігінің тәуелсіздігі мен еркіндігі абсолютті түрде жарияланды.
Мемлекеттілік — Қазақ халқы 550 жыл бұрын Қазақ мемлекеттілігін құрды және оны жариялады. Қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасы Қазақ мемлекетілігімен ғасырлар бойы жоғары рухани, мәдени және еркін тығыз байланыста болып келді.
Мұра — Мәдени мұраға бай және жоғары ӛнегелік дәстүр ежелден Қазақстан халқына қозғалмас темірқазық болып, 21 ғасырдағы Қазақстан Республикасының жан-жақты дамуына ӛз әсерін тигізетіні анық.
Ӛркендеу — Қазақстан алғашында дамудың дұрыс бағытын таңдап, тарихтағы қиын сындарға қарамай, бүгінгі таңда халықтың әл-ауқаты жақсартып, дамудың жаңа үлгісін таңдаған сара жолмен жүріп келеді. Мерекелеудің мақсаты мен негізгі міндетері:
Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл толғандығын мерекелеудің басты мақсаты болып тарихта басынан аласапыран заманды бастан кешіріп, аймақтың күрделі жағдайына қарамастан тәуелсіздіктің биік туын кӛтеріп, 1465 жылы қазақ хандығының негізін қалаған қазақ халқына лайықты құрмет кӛрсетіп, қаһармандығына бас иію. Мерекелеудің негізгі міндеттері:
- Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын жалпыға жариялау;
- Қазақстан халықтарының бірлігін нығайту және базалық құндылықты
қоғаммен үйлестіру, соның негізінде – тәуелсіздік, мемлекеттлік, тұрақтылық, бейбітшілік пен келісімділікті қамтамасыз ету;
- Ӛз халқының ӛткен тарихына, ерлігі мен дәстүріне, ӛз елінің мұрасына
құрметпен қарау;
- Қазақстандық ұлтжандылықты нығайту, Қазақ мемлекеттілігіне 550 жыл толуына орай жағымды бейнелерді құру және дәріптеу;
- Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттерді түсіндіру, елдің стратегиялық құжаттарын анықтау;
- Жаңа мемлекеттің құрымына атсалысу, елдің тағдырына және болашақ ұрпақ азаматтарына бірлесіп жауапты болу, әрдайым мақтаныш сезімін қалыптастыру;
- Елдің барлық азаматтарын мерекелік іс-шараны жүргізуге және белсенді атсалысуға қатыстыру.
Нәтижелері:
Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл толуын мерекелеуге арналған аталмыш тұжырымдаманың қорытындысы бойынша Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдық тарихы бар екендігі жарияланып, елдегі әрбір азаматтың патриоттық кӛңіл-күйін кӛтеріліп, азаматтар ӛздерінің ӛткен тарихына деген қызығулықтарын арттырып, қоғамды рухани-мәдени және идеялық тұрғыда нығайтумен қатар қазақстандықтардың мемлекеттілік пен тәуелсіздікті кӛздің қарашығындай сақтауына, жаңа белестерді бағындыруына жол ашады.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылуда. Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады.
Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бӛлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы.
Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын кӛрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті кӛп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді. Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды.
Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 13 жыл бұрын, яғни 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын.
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері (2004-2006 жж.)
Мақсаты: Рухани және бiлiм беру саласын дамыту, eлдің мәдени мұрасының сақталуы мен тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету.
Бағдарламаның мiндеттерi: Елдiң маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қайта жаңғырту; мәдени мұраны, соның iшiнде қазiргi заманғы ұлттық мәдениеттi, ауыз әдебиетiн, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудiң тұтастай жүйесiн құру; кӛркем және ғылыми толық дестелерiн шығару арқылы ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжiрибесiн қорыту; әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттiң таңдаулы жетiстiктерiнің негiзiнде гуманитарлық білім берудiң мемлекеттiк тiлдегi толыққанды қорын құру; eлдің қорларында, мұрағаттары мен қоймаларында сақталған аса кӛрнектi ауызекi кәсiби дәстүрде орындаушы-музыканттардың фоножазбаларын қалпына келтiру мен қазiргi заманғы аудиотаспаларға кӛшiру.
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері (2007-2009 жж.)
Мақсаты: Еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және қалпына келтіру
Бағдарламаның мiндеттерi: Тарих және мәдениет ескерткіштерін, соның ішінде Қазақстан тарихына қатысты алыс және жақын шетелдердегі ескерткіштерді қайта жаңғырту жұмыстарын жалғастыру. Археологиялық зерттеулер жүргізу. Қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстарды одан әрі жалғастыру. Қазақстанның тарихы, археологиясы, этнографиясы және мәдениеті бойынша басылым дестелерін шығаруды жалғастыру. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері (2009-2011 жж.)
Мақсаты: Рухани және білім беру салаларын дамытудың ғылыми, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру-әдістемелік базасын одан әрі жетілдіру, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану тиімділігін арттыру тетіктерін әзірлеу.
Бағдарламаның мiндеттерi: Тарихи-мәдени мұраны сақтап, одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдай жасау; мемлекеттік және салалық бағдарламалар іс-шаралар жоспарын іске асырудың тиімді тетіктері мен құралдарын әзірлеу; Қазақстанның бай тарихи және мәдени мұрасын халықаралық деңгейде насихаттау; мемлекеттік және салалық бағдарламаларын іске асыру барысында жинақталған жаңа және жүйеленген білімді ғылыми айналымға енгізу жӛнінде ұсыныстар әзірлеу; тарихи-мәдени мұраны туризмді дамыту үшін белсенді пайдалану, тарих және мәдениет ескерткіштерін туризм инфрақұрылымының маңызды бір бӛлігі ретінде қарастыру; тарихи-мәдени мұраны халыққа кеңінен тарату мақсатында қоғамдық білім және бұқаралық ақпарат салаларына аудару жолдарын іздестіру; Түркістан қаласы мен Отырар қалашығындағы бірқатар маңызды ескерткіштерді, Есік пен Берел қорғандары және басқа да тарихи-мәдени кешендерді заман талабына сай қайта қалпына келтіру жӛнінде шаралар әзірлеу, олардың мемлекет тарихындағы, елді біріктіруші құндылықтар ретінде алатын орнын айшықтайтын жүйелі іс-шаралар жүргізу; еуразиялық кеңістіктегі кӛшпелі мәдениет мұрагері ретінде қазақ мәдениетінің ұлттық брэндін қалыптастыру және оны халықаралық деңгейде насихаттау; шетелдік ғалымдармен, іргелі ғылыми орталықтармен бірлесе отырып ұлттық мұраларды кешенді түрде жан-жақты зерттеу, олардың ғылыми айналымға түсуін қамтамасыз ету.
- Әдебиет: Негізгі:
- Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік белестері. – Алматы, 2003.
- Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. – Астана, 2007.
- Назарбаев Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі. — Астана, 2002.
- Назарбаев Н. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. – Астана, 2017
- Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999 Қосымша:
- Сыздықов, С. «Мәңгілік ел» идеясы: қалыптасуы, үш негізі, тарихи сабақтастық: қоғамдық- саяси әдебиет — Астана : Фолиант, 2013
- Қуандық , Е. С. Қазақстан тарихы (ХХ және ХХI ғасырдың алғашқы жылдарындағы республика тарихының ӛзекті мәселелері бойынша лекциялар): оқулық. — Алматы : ЖШС РПБК «Дәуір», 2012. — 512 бет
Қосымша:
- Жұмақаева Б. Д. Қазақстан тарихы : оқу құралы. 2011. — 320 бет.
- Тлеужанова, М. К. Қазақстан тарихы. 3 т.: оқу-әдістемелік кешені / — Алматы : Эверо, 2016. — 320 бет. с.90экз,
- Қазақстан тарихы: лекциялар курсы / ред. басқ. Қ. С. Қаражан, 2011. — 376 бет.