Н.Ә. Назарбаев – тарихтағы тұлға

 

Тәуелсіздігімізді алып, егемендігімізді бекіткеннен кейінгі еліміздің дамуы,оның әлем алдындағы беделінің ӛсуі Елбасы бастаған қазақ халқының қажырлы еңбегі екені баршамызға аян. Ғасырларға созылған мемлекеттіліктің даму эволюциясында ең ерекше заңды факт, ол Елбасының Қазақстанды халықаралық құқықтың субъектісі ретінде дүние жүзіне танытуы. Әрине тәуелсіздігін қайта жаңғыртқан қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының алғышарттары да тереңде жатыр.       

 Қазақ хандығының құрылуына дейінгі ұзақ тарихи кезеңде ұлан-байтақ Орталық Азия ӛңірін мекендеген түркі тілдес ру-тайпалардың ортақ аумақта ӛмір сүріп, бірте-бірте бірігуі мен дамуы арқылы ӛз алдына қазақ халқы болып қалыптасу процесінің алғышарттары қалыптасты. Ежелгі заманның тарихи деректері бүгінгі қазақ ұлтының арғы тегі сақ, үйсін, ғұн және қаңлы тайпалары екенін кӛрсетеді. Жүргізілген ғылыми зерттеулер Қазақстандағы номадизм тарихы біздің дәуірімізге дейінгі VІІІ ғасырдан бастау алатынын дәлелдейді, осы кезеңде алғашқы этномәдени қауымдастықтар қалыптасып, олардың күн кӛрісі шаруашылық жүргізудің жаңа тәсілі – кӛшпелі мал шаруашылығымен байланысты болды .

 Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев: ―Қазақ халқының тарихы, кейбіреулер айтып жүргендей, кешегі қазақ хандығы шаңырақ кӛтерген ХV ғасырдан басталмайды. Хандықтың құрылуы бір басқа, бүгінгі қазақ халқы – сонау есте жоқ ескі замандардан-ақ тұлпарларының тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген кӛне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байырғы түріктердің ұрпағы, үлкен үйдің қара шаңырағын ата жұртта сақтаған халық‖ – деуі орынды.

 Бүгінгі қазақ мемлекеттілігінің территориясы Қазақ хандығының аумағынан тұратындықтан, біз үшін хандық кезеңдегі шекараны анықтау аса маңызды. Алайда, хандық дәуірдегі шекара белдеулері туралы қолымызда нақты карта сызбасы болмағандықтан, шекара сызығын тарихи деректер негізінде ғана болжауға болады. Әсіресе, Қытай, Ресей, Ӛзбекстанмен арадағы шекара сызығын анықтауда тарихи деректер басты ӛлшем бола алады.    

 Алаш орда үкіметінің негізін қалаушы мемлекет қайраткері Райымжан Мәрсеков: «Халық болған соң, халықтың мекен қылып, жайлап жүретін жері, суы болады. Жері, суы бар болса, ӛзінің билігі, ӛз тізгіні ӛзінде болған, әмір иелері ӛзінде болған халық, сол мемлекет болып табылады»- дейді. 

 Демек, халық және оның ӛмір сүретін территориясы, сондай-ақ, сол халықтың тәуелсіз билігі орнаған болса, ол халықтың мемлекеттілігі бар деген сӛз. Олай болса, қазақ қашан халық болды, қай уақыттан бастап иен даланы мекендеді, қашаннан бері тәуелсіз ел болды деген мәселенің басын ашып алсақ.

 «Қазақ хандығы» XV ғасырдың екінші жартысында тарих сахнасына шыққанымен, қазақ мемлекеттілігінің тарихы тым әріде жатыр. Бұл туралы кӛне тарихымызды зерттеп  жүрген белгілі тарихшы ғалымдар: «Азия даласында алғаш салтанат құрған кӛшпелілердің бірі хұндар (ғұндар). Тарих ғылымында қазақ халқының этногенездік бір тармағы хұндар екендігі анықталған ақиқат. Ал хұндар жалпы тұркі тайпаларының қайнар-бұлағы болып табылады. Демек, хұн-түркі тайпалары ұзақ тарихи даму барысында ӛзіне тән мәдениет қалыптастырып (М.И кӛшпелі ӛркениет), кӛптеген дербес ұлттарға айналып кетті. Бірақ, солардың ішінде ерте замандағы кӛшпелі тіршілік формасы мен дүниетанымын таяу заманға дейін біршама толық сақтаған ұлттардың бірі қазақтар болып табылады» -деп қазақ мемлекеттілігінің тарихын хұн дәуіріне (б.э.б V-IV ғасырлар) апарып тірейді.

 Мемлекет және құқық теориясы ғылымының теоретиктері кӛшпелі елдердің тұрақты әскер ұстамауына байланысты, сондай-ақ, әскери әлеуеті бар кез-келген күш иесі билікке қол жеткізе алатындықтан, мұндай жоғары саяси ұйымға мемлекеттілікке ӛту кезеңіндегі «әскеридемократиялық қауымдастықтар» деп анықтама жасаған. Бірақ, бұл еуроцентризмнен туындаған кӛзқарас. Батыс ғалымдары не десе де, біз Сақ, Хұн, Түрік бірлестіктерін «мемлекет» деп танимыз. Осы себептен де мемлекеттілікті тек отырықшылық мәдениетке негіздеу дұрыс емес. Демек, Сақ, Үйсін, Қаңлы, Хұн, Түрік бірлестіктері кӛшпелі және жартылай кӛшпелі ғұмыр кешкен мемлекет санатына жатады.

 Мемлекеттілік қашан қалыптасты деген мәселеде, қазақ халқының ӛмір сүрген кеңістігі — мемлекеттігіміздің айшықты кӛрінісі бола алады. Себебі, мемлекеттіліктің міндетті бес белгісінің бірі — оның территориясы екені кӛпшілікке мәлім.

 Түркілік дүниетаным бойынша ел билеу үшін әскери әлеуетіңнен бұрын «алтын ұрықтың» сарқыты болуың шарт.  Бағзы түріктің түсінігі бойынша бойына Құдайдың құты дарыған харизматикалық тұлға ғана мемлекет құра алады.

 Қазақ елі ӛз тәуелсіздік ғасырының бестен бірін толтырды. Бұл мерзім адам ӛмірімен есептегенде де, тарихи тұрғыдан алып қарағанда да кӛп уақыт емес. Бірақ осы бір қысқа мерзімге қарамастан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы экономикалық-әлеуметтік және саяси қиыншылықтарды еңсере білген қазақ елі әлем мойындаған мемлекеттер қатарына қосылды. Еліміздің саяси ӛмірі жаңартылып, түбегейлі ӛзгерістер жасалды. Мемлекеттіліктің барлық институттары құрылып, экономикамыз нарықтық жолға түсті. Халықтың әл-ауқаты жаңа деңгейге кӛтерілді, әлеуметтік салада жаңа асулар бағындырылды. Мемлекеттік шекарамыз айқындалып, елдің тұтастығы, жердің бүтіндігі қамтамасыз етілді. Елбасының кӛрегендігі мен ерік-жігерінің нәтижесінде Қазақстан әлемде тұңғыш рет ядролық қарудан бас тартып, Семей сынақ полигонын жабуы бүкіл дүниежүзінің назарын ӛзіне еріксіз аударған болатын. Осы бір батыл қадамның нәтижесінде мемлекетіміздің тәуелсіздігінің қауіпсіздігіне әлемнің іргелі мемлекеттері кепілдік берді.  Әлем елдерімен терезесі тең тәуелсіз мемлекет құрып, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы ұлы арманы мен мақсаты орындалды.

 Қазақ елі тәуелсіздігінің кӛк байрағын ӛз қолымен тұңғыш кӛтеріп, тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрған – Елбасымыздың аз жылдың аясында туған елін әлемдік қауымдастыққа танытқандығына, ӛзгелермен бірге ӛз халқымыз да куә.

 1991 жылы 1 желтоқсанда қазақстандықтар ӛздерінің Тұңғыш Президентін сайлап, сенім артты,  ел тәуелсіздігін аманат  етті, жауапкершілік жүгін арқалатты, халық ӛздері таңдаған Кӛшбасшысының не істеу керектігін білетіндігіне, елді адастырмайтынына, тура жолға бастайтынына сенді. Еліміз бен халқымыздың сол сенімін Елбасының толық ақтап отырғандығына да осы күндері кӛзіміз анық жетіп отыр.

 Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісуге арналған салтанат сол жылдың, яғни 1991 жылдың 10 желтоқсанында болған еді. Президенттің қызметіне кірісу және ант беру салтанаты ежелгі халықтық дәстүр мен қазіргі ӛркениет үлгілерінің айшықталған жағдайында ӛтті.

Президент ежелгі дәстүр бойынша ақ киіздің үстіне кӛтеріліп, қолын Конституцияға қойып, ант берді.   

 Ант беру рәсімінен кейін тебірене сӛйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: –Бүгінгі күн – қазақ елінің шежіресіне мәңгі енетін күн. Тарихтың талай бұралаң белесінен ӛтіп, бұл күнге де жетіп отырмыз. Бәрін де кӛрген халықпыз, бәріне кӛнген халықпыз. Ежелден еркіндікті аңсап, азаттықты кӛксеп келе жатқан еліміздің басына талай рет бақ та орнап, бағы да тайып, сағы да сынған, қилы кезең, зар заманға да талай ұшыраған. Айқайлап жүріп, ашаршылыққа ұрынып, ұрандап жүріп ұлт мүддесін ұмытқанымыз да ақиқат. Шүкір, кештеу болса да ес жиып, еңсе кӛтеріп, егеменді елдің туын да тіге бастадық. Қазақ Республикасының Президентін бүкіл халық сайлағаны – осы жолдағы ең биік белестің бірі. Елдің қамын ойлайды, намысын жібермейді деп бір ауыздан сенім артқандарыңыз үшін шын жүректен алғысымды айтамын. Елім үшін, халқым үшін, Қазақстаным үшін тарихтың қай сынағына да тәуекел деп бас тігуге дайынмын. Бұл жолда ең алдымен дана халқыма, дарқан еліме, ата-бабамның аруағына сүйенемін,–деп тебірене ағынан жарылды.

 Президентке бүкіл халық атынан ӛкілдік берілгеннен кейін 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң» қабылданды.Тарих бізге 1991 жылдың 16желтоқсанынан бастап Тәуелсіз мемлекет құрудың сыбағасын ұсынды. Сӛйтіп, еліміздің тар жол, тайғақ кешулі қасиетті сапары, азаттықтың арпалысқа толы ақ жолы басталып еді. Елбасы ӛзінің туған халқына деген сеніммен тәуекел деп тәуелсіз елдің іргетасын қалауды, оны нығайтуды қолға алған болатын.

 Елбасы Назарбаев ӛзіне сенім артқан ӛз халқына ең бір қиын жылдардың ӛзінде орындалуы мүмкін болмайтын мәселеге байланысты ешқандай уәде бермеді. Халқының алдындағы беделі сонысымен де арта түсті. Егер уәде бере қалса, бәрін де орындады. Бойындағы туа біткен қасиеті және ӛмірлік тәжірибемен бекіген тӛзімшілдігі, сабырлығы, ұстамдылығы бар Тұңғыш Президентіміз бүкіл қазақстандықтарды ӛзінің айналасына топтастыра алатын саясаткер және дара тұлға екендігін танытты. Н. Назарбаевтың Ұлт Кӛшбасшысы екендігін  Парламент қабылдаған Конституциялық Заңнан кӛп бұрын-ақ халықтың ӛзі мойындаған еді.

 Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшылығына келген алғашқы сәттен бастап айрықша ерекшелігі бар ӛзгеше бір халықаралық және ұлтаралық мәселелер шиеленісінің шешуін асығыстыққа салмай,  уақыттың талабына, қазақстандық жолдың ерекшелігіне үйлестіре, жанжақты мүдделердің түйісу нүктесін таба біліп шешудегі  даралығымен бірден әлем назарын аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің бетбұрысты кезеңдерінде Мемлекет басшысы ретінде әсіресе экономикалық және саяси дамудың үлгілерін талдау мәселесіндегі біліксіздікке қатаң қарсы тұра білді. Ешкімнің ойына келмеген және де бәріне бірдей жаға бермейтін, бірақ ӛміршең маңызы бар шешімдерді батыл қабылдап жатты. Елбасының ӛз кезінде: Кейде адамдарды еркінен тыс қазір барғысы келмейтін, бірақ объективті түрде баруға тиіс жаққа жетелеуге тура келді, – деп айтқанын осы күндері еске ала отырып, яғни, билік үшін күрестегі батылдық пен билік басындағы батылдықтың екеуі екі басқа екендігін ӛз ісімен дәлелдей білгендігі еріксіз сүйсіндіреді.

 Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа астананы тұрғызу бастамасы мен оны ақиқатқа айналдыруы Елбасының модернизациялық жобасының басты табысының символына айналды. Қазақстанның жаңа астанасы шын мәніндегі жаңа дәуірдің қаласы бола алды. 1994 жылы Н. Назарбаев астананы кӛшіру ойын алғаш рет алға тартқан кезде бұл жағдай қоғамда екі ұдай пікір туғызған болатын. Дүние тарихында ӛз тәуелсіз мемлекеттіліктерін қалыптастыру кезеңінде бір де бір мемлекет басшысы  мұндай түбегейлі батыл қадамға барған да емес.

 Жаңа астананың салынуы және кӛшірілуі рекордтық аса қысқа мерзімде ӛтті. Бұл қадам дағдарыс кезеңінде қазақстандықтардың әлеуметтік оптимизміне қолдау жасау үшін ӛте маңызды еді. Астана елдің ӛткенінен болашаққа, жаңа дәуірге ауысуының нышандық оқиғасына айналды. Жас елдің мүмкіндіктері әлемге паш етілді. Астана саяси және экономикалық қана емес, сонымен бірге Назарбаевтың жеке, адами жобасына да, ұлттық тарихтың жаңа келбетіне де айналды.

 Мемлекеттің, оның басшылығының қандай саясат жүргізуіне, қандай бағыт және жол таңдағанына  сәйкес саяси құрылым, саяси жүйе, саяси билік түрі орнайды. Аталған саяси жүйе мен билік түрі және елдің саяси бағыты жаңадан тәуелсіздік алған елдердің таңдаған даму үрдісіне және сол елдің басшылығының жүргізген саясатына байланысты да қалыптасады. Сол сияқты тәуелсіздік алғанына жиырма бір жыл толған Қазақстанның да жаңа мемлекеттілікті қалыптастырудан бастап ӛзіндік мемлекеттік құрылыстағы, әлеуметтік-экономикалық дамудағы, елдің қоғамдық ӛмірінің кезең-кезеңімен демократияландыру бағытындағы қазақстандық жолы қалыптасты.

 «Назарбаевтың нұсқасы» деп аталған бұл стратегия шетелдік саясаттанушылар мен қайраткерлердің оң бағасына ие болуымен қатар қазақстандықтардың да басым кӛпшілігінің қолдауына ие болды. Бұл қолдаудың дәйектілігі мен шынайылығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің Тұңғыш Президенті ретінде де, тәуелсіз елімізді ӛтпелі кезеңнің ауыр қиыншылығынан алып шығуда және оның бұл бағыттағы жүргізіп отырған саясатымен байланысты болған Парламент және Президент сайлауларында айқын жеңіске жетуінен де кӛрініс тауып келеді.

 Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстанның ӛзіндік даму жолын таңдауы туралы бастамасы алғаш рет 1992 жылы мамыр айында «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясында» жария етілді.

Тәуелсіз еліміздің бағытын айқындауда, оқиғаны болжап білуде, түпкі мақсатқа қол жеткізуге сенімді болуға мүмкіндік беретін Қазақстан қоғамы дамуының айқын және нақты стратегиясының қажеттігін баса кӛрсеткен Елбасы Н. Назарбаев аталған еңбегінде мемлекет алдында қойылып отырған нақты стратегиялық мақсаттарды белгілеп берді. Мемлекет басшысы еліміздің саясат саласындағы басым бағыты жас егеменді мемлекеттің күшті президенттік республика құру бағытына тікелей байланысты болу қажеттілігіне назар аудартты.

 Ел тәуелсіздігінің баянды болуы мен болашақтың кемелділігін қамтамасыз ету жолындағы Тұңғыш Президентке артылар жүк те ауыр болды. Артылған жүкті абыроймен кӛтеру, халық сенімін ақтау, тәуелсіздікті тұғырлы ету, әлемдік қауымдастыққа терезесі тең елдер қатарында болуды жүзеге асыру одан да қиынырақ істерді атқаруды, батыл шешімдер қабылдауды қажет етті. Осы аталған аса маңызды мақсат, міндеттерді шешу тұрғысында Елбасы Н. Назарбаев бірден-бір дұрыс қадам жасай алды. Бұл қадам – тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен қалана бастаған Қазақстанның ӛзіндік даму жолы еді.  

 Бұл жол тек экономикалық үлгіні таңдауға, жалпы конституциялық ережелерді қабылдауға, президенттік күшті билікті орнықтыруды ғана емес, сонымен бірге саяси режимді, инфрақұрылымды және конфессионалдық қатынастарды қамтудың да саяси үлгісі болатын. Қазіргі уақытта бұл үлгі дүниежүзінде, беделді халықаралық ұйымдарда және республикамыздың ӛзінде де аса жоғары бағаланып отыр. Қазақстанда жиырма жылға таяу уақыт бойы этникалық және діни ӛзара түсіністіктің сақталуы кӛп жағдайда қазақстандық жолдың мәртебесін арттыра түседі. Бұл жолдың оңтайлы шешілуінің және тиімділігінің Қазақстан Президентінің атымен байланыстырылуы да қазақстандық қоғамның Ұлт Кӛшбасшысының тӛңірегіне одан әрі топтаса түсу қажеттілігін айқындайды.      

 Қазіргі тәуелсіз Қазақстанның даму тарихын бізге ӛткеннен іздеудің қажеті жоқ. Ӛйткені, біздің ӛзіміз тәуелсіз елімізбен бірге ӛмір сүріп келеміз. Тәуелсіздіктің қиыншылығын да, жемісі мен жеңісін де, тіпті әрбір қадамын ӛзіміз де бірге кӛріп, бірге ілгері жылжудамыз. Содан да болар елдің бүгінгі жетістігі мен табысы құдай берген несібе сияқты болып кӛрінуі де мүмкін. Бірақ, оның олай еместігін, тәуелсіз елдің бүгінгі әлем сүйсініп отырған жетістігін біз  ӛзіміздің ӛткенімізбен және бүгінімізбен салыстыра отырып, тәуелсіздіктің жиырма бір жылдық жолын еңсеру бізге оңайға түспегендігін, мұның сарабдал жолында Еласының даналығы мен кӛрегендігі жатқандығын айтқанымыз дұрыс.

 Ел тәуелсіздігінің басында тұрған, ӛтпелі кезеңнің барлық қиыншылығын еңсеріп, мемлекетімізді саяси, әлеуметтік, экономикалық дағдарыстарға соқтырмай, бүгінгі кӛз кӛрген ынтымақ пен жетістікке қол жеткізген еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қажырлы еңбегін, дұрыс таңдаған саясатын әлем жұртшылығы да мойындауда.

 Қазір тәуелсіз қазақ елінің тарихы жасалды. Бірақ оны қазақ елінің Кӛшбасшысы бола алған Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылы бүкіл халықтық сайлаудан кейін қолға алған басшылық қызметінсіз кӛзге елестету мүмкін де емес. Ӛйткені, тәуелсіздік  қарсаңындағы және тәуелсіздіктің сан қырлы соқпақты жылдарындағы оның тізгінін ұстаған Мемлекет басшысы, оның тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел басқарған қызметінсіз тәуелсіз ел тарихының парақтарын жазып шығу мүмкін де емес, Ӛйткені, бұл тарихта тәуелсіз еліміздің іргетасын қалап, керегесін керіп, оның әрбір уығын шаншып, шаңырағын кӛтерген, бар-жоғын түгендеп, іргесін кеңейткен, оны әлем елдері мойындаған мемлекетке айналдырған, онымен санасуға мәжбүр еткен Қазақстан Республикасының Президенті, оның Кӛшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  қолтаңбасы, қабылдаған тарихи шешімдері, ұстанған саясаты, саяси қызметі, ӛзіндік дара жолы жатыр.

 Батыстық саясаткерлер мен қайраткерлер де Қазақстанның бүгінгі табыстарын оның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен байланыстырады. Солардың бірі ағылшын публицисі, саяси еңбектерімен белгілі Дж. Айткен мырза «Назарбаев және Қазақстанның қалыптасып дамуы» деген еңбегінде Қазақстанды әлемдік қауымдастықпен таныстырудың, оның жетістіктерін жеткізудің кілті Назарбаев тұлғасында екендігін мойындайды және аталған кітабын осы бағытта жазады. Қазақстанды қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті, ӛркендеу жолындағы, жыл сайынғы ӛрлеу бағытындағы мемлекетке айналдыруда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басты рӛл атқарғанын әлемнің басқа саясаттанушылары да үнемі айтып жүр. Бұның ӛзі де еліміздегі мемлекет тізгінінің сенімді қолда екендігін еліміз ғана емес басқа елдерге де мойындатуды білдірді.

 1991 жылы 17 желтоқсанда Алматыдағы Республика алаңында ӛткен митингіде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: –Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шындап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да ӛз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып, бірге ӛмір сүріп жатқан ӛзге ұлт ӛкілдеріне де жетеді. Тарих кӛші ұзақ. Асықсақ та аптықпайық. Қазақстанның кӛп ұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті ӛмір орнайтынына кәміл сенемін,–деп айтқан сӛзінің бүгінгі күні шындыққа айналғанын кӛріп отырмыз. Тәуелсіздіктің алғашқы таңында айтылған бұл сӛздің ақиқатқа айналуына да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халық сеніміне лайық бола алу қасиеті мен берілген уәделерді орындауы және қажымас қайраты мен табандылығы, кӛреген саясаткерлігі себеп болғанын мойындағандар жетіп артылады. Сонымен бірге Қазақстан халқы еліміздің жасампаз бүгіні мен жарқын болашағының кепілдігін Елбасымен байланыстырады.

 Тәуелсіздіктің бастауында болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел ертеңін де айқындады. Тәуелсіздік десек, ең алдымен оның бастауында болған, оны нық сеніммен алға апарған, тәуелсіз ел мемлекеттілігінің негізін қалаған Елбасы ойға келеді. Елбасы десек, қиын-қыстау кезеңде елді басқарып, оны бар қиыншылықтан алып шығып, бүгінгі ӛркенді дамуға жеткізген Елбасы мен Ел ертеңі тағы да алдымыздан шығады. Ел ертеңі де ӛз халқы Елбасы деп атаған Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ел басшылығын одан әрі қолға ұстауымен байланыстырылады.

 Елбасының, Ұлт Кӛшбасшысының еңбегі мен беделін оның ӛткен қызметін баяндау және ол туралы басқалардың ой-пікірін жеткізу арқылы да бағалауға болады. Қазақстан халқы да Елбасының еңбегін осылай бағалайды.

 Елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын және ӛркенді дамуға серпін беретін реформаларды жедел де тиімді жүргізу үшін және бұл мақсатқа жетуде бірінші кезекте халықтың қолдауына ие болатын қабілетті де күшті тұлғаның қажет болатындығын тарих парақтары әлдеқашан дәлелдеген. Тәуелсіз Қазақстан тарихында мұндай тұлға болды және алдағы уақытта да қажет. Сондықтан да Елбасы, Ел тәуелсіздігі, Ел ертеңі ұғымдарын қастерлей де, қолдай да білуіміз парыз етіледі. Бұл біздің, ұрпақтарымыздың болашағы үшін қажет.

 Ӛзіміздің ел тәуелсіздігінің тарихы және Елбасының ел егемендігіндегі рӛлі жӛніндегі ойымызды қорыта айтқанда, аз ғана уақытта Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен елімізде экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және саяси түбегейлі ӛзгерістер жүзеге асырылғандығын бӛле-жара атап кӛрсету қажет. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Елбасы белгілеген және батыл жүргізген бағыт ӛзін-ӛзі ақтады және алдағы уақытта да ӛміршең болатындығын дәлелдеп отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізген бұл саясаты мен бағыты қазіргі уақытта «Қазақстанның даму жолы» ретінде дүниежүзі қауымдастығынан мойындалды. 2012 жылдың 13 қарашасында Қазақатанның БҰҰ адам құқықтары бойынша Кеңесінің мүшесі болып сайлануы да Елбасының қоғамды реформалауға қатысты іс-шараларының әлем тарапынан танылғанын кӛрсетеді.Қазақстанның Тәуелсіздігі мен Елбасы еңбегінің бір-бірімен тығыз ұштасып жатқандығын, олардың бір-бірімен ажырағысыз егіз ұғым екендігін ақиқат есебінде тарих алдымызға тартып отыр. 

Еңбек жолын Теміртау қаласындағы «Қазметаллургқұрылыс» тресінің жұмысшысы болып бастаған. Кейін Қарағанды металлургия заводында (Қарметкомбинат) шойын құюшы, домна пешінің кӛрікшісі, диспетчер, газ айдаушы болды. 1969 -1976 жылдары Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. «Коммунистік еңбек екпіндісі» деген атаққа да ие болды. Қазақстан комсомолының Х съезіне, БЛКЖО-ның XIX съезіне қатысты. 

Дүние жүзі жастарының Хельсинки қаласында ӛткен фестивалына да барды. 1973-77 ж. Қарағанды металлургия комбинатының партком жетекшісі, 1977-79 жылдары Қарағанды қалалық партия комитетінің хатшысы, 2-хатшысы, 1979 – 84 жылдары Қазақстан КП ОК хатшысы, 1984 – 89 жылдары Қазақстан Министрлер Кеңесінің тӛрағасы, 1989–91 ж. Қазақстан КП ОК-нің бірінші хатшысы әрі Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің тӛрағасы (1990 жылдың ақпан – сәуір) болды.

  • жылы 25 наурызда КСРО-да президенттік басқару институты енгізуіне орай 12сайланған республика Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР Президенті қызметін бекіту және Қазақ КСР Конституциясына ӛзгерістер мен толықтырулар туралы» Заң қабылдады 24 сәуір 1990 жылы және сол күні Назарбаев Қазақ КСР-інің Президенті болып сайланды. Бірақ президент бағыт-бағдарын белгілеп алғаннан соң барып, 1990 жылы 25 қазанда егемендік туралы Деклорация қабылдады. Сонымен бірге Қазақстан КП ОК-нің бірінші хатшысы қызметін қоса атқарды.Мемлекет басшысының алғашқы маңызды заң актілерінің бірі – 1991 жылдың 10 желтоқсанда қол қойылған «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының аталуын ӛзгерту туралы» заң. Бұл заң бойынша Қазақ КСР-і бұдан былай Қазақстан Республикасы деп аталатын болды.
  • ж. 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңға қол қойып, 1991 жылдың 1 желтоқсанында жалпыхалықтық сайлау ӛтіп, Нұрсұлтан Назарбаев Президент болып сайланысымен 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңға қол қойып, жаңа тәуелсіз мемлекеттің егемендігін жариялады.1995 ж. 29 сәуірде ӛткізілген бүкілхалықтық референдум нәтижесінде Н. Назарбаевтың президенттік ӛкілеттілігі 2000 жылға дейін ұзартылды. Қазақстан Парламентінің шешімімен 1999 ж. 10 қаңтарда ӛткен сайлаудың нәтижесінде Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.Мемлекет басшысының алдында елде нарықтық экономиканы қалыптастыру, демократия, саяси тұрақтылық, ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайтуға бағытталған кең кӛлемді шараларды іске асыру міндеттері тұрды.

Назарбаевтың ішкі саясаты, ең алдымен, елдегі демократиялық институттарды дамытуға бағытталған. Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, т. б. Азаматтық құндылықтары енгізіле бастады. Жергілікті Ӛкілетті органдардың ӛкілеттіліктерін кеңейту бағытында қомақты іс-шаралар жүзеге асырылды.

Назарбаев халық шаруашылық кешенінің құлдырауынан кейін үлкен дағдарысқа ұшыраған Қазақстан экономикасын түбегейлі реформалауға баса назар аударды.1992 жылдың басында «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады. 

Қажырлы еңбектің нәтижесінде ӛнеркәсіпті жандандыру, жекешелендіру, макроэкон.

тұрақтану, қаржы-бюджет және салық жүйесін, жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылықты реформалау, т. б. іс-шаралар жүзеге асырылды.Назарбаевтың жетекшілігімен «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы» әзірленіп мемлекет дамуының басым бағаттары айқындалды. «Қазақстан – даму стратегиясының» іске асырылуының нәтижесінде 1999 жылдың аяғына таман Қазақстанда экономиканың тұрақты және шапшаң ӛсімі, ӛндіріс кӛлемінің ұлғаюы, қаржы ресурстарын жинақтау үрдісі белгіленді.

Қазақ елі тәуелсіздігінің кӛк байрағын ӛз қолымен тұңғыш кӛтеріп, тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрған – Елбасымыздың аз жылдың аясында туған елін әлемдік қауымдастыққа танытқандығына, ӛзгелермен бірге ӛз халқымыз да куә.

1991 жылы 1 желтоқсанда қазақстандықтар ӛздерінің Тұңғыш Президентін сайлап, сенім артты,  ел тәуелсіздігін аманат  етті, жауапкершілік жүгін арқалатты, халық ӛздері таңдаған Кӛшбасшысының не істеу керектігін білетіндігіне, елді адастырмайтынына, тура жолға бастайтынына сенді. Еліміз бен халқымыздың сол сенімін Елбасының толық ақтап отырғандығына да осы күндері кӛзіміз анық жетіп отыр. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін қысқа мерзімнің ішінде геосаяси кеңістік жүйесінен ӛз орнын табуы, ӛзінің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін қалыптастыруы, сыртқы саяси басымдықтарының бара-бар жүйесін құруы және сыртқы саяси стратегиясының негіздерін қалауы тиіс болды. Кӛптеген шетелдік және отандық сарапшылар бұл міндеттер елдегі күрделі кезеңде оны Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев басқаруының арқасында ойдағыдай шешіледі деп санады. Н.Назарбаевтың ең жоғары деңгейде тікелей ӛзі орнатқан байланыстары отандық сыртқы саясаттың қалыптасуының маңызды міндеттерін шешуге кӛмектесті. Басты мақсат ретінде Президент Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қолайлы сыртқы жағдайларды қалыптастыру мен ұстап тұрудың жолдарын қарастырды.  

Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саяси бағытының негізгі ұстанымдарын Президент 1992 жылы «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» атты еңбегінде айқындады, онда халықаралық аренада ҚР сыртқы саясатының бейбітшілік сүйгіш бағыты жарияланды: «Кез келген әскери жанжал апатты салдарларға әкеп соғатынын түсіне және ӛз жауапкершілігін сезіне отырып, бейбітшілікті сақтау Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдықты мақсаты деп танимыз; саяси, экономикалық және басқа да мақсаттарға қол жеткізудің құралы ретінде соғысқа немесе әскери күштер қаупіне жол бермейміз; ядросыз мемлекет мәртебесін алуға және ядролық қаруды таратпау шартына қосылуға ұмтыламыз;  жаппай қырып-жоятын қаруларды бірінші болып қолданбау ұстанымын қуаттаймыз және осы міндеттемелерді барлық әлемдік қоғамдастық мемлекеттері қабылдауын жақтаймыз; белгіленген шекаралардың мызғымастығы ұстанымдарын, басқа мемлекеттердің ішкі ісіне араласпауды қолдаймыз». 

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшылығына келген алғашқы сәттен бастап айрықша ерекшелігі бар ӛзгеше бір халықаралық және ұлтаралық мәселелер шиеленісінің шешуін асығыстыққа салмай,  уақыттың талабына, қазақстандық жолдың ерекшелігіне үйлес­тіре, жанжақты мүдделердің түйісу нүктесін таба біліп шешудегі  даралығымен бірден әлем назарын аударды. 

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің бетбұрысты кезеңдерінде Мемлекет басшысы ретінде әсіресе экономикалық және саяси дамудың үлгілерін талдау мәселесіндегі біліксіздікке қатаң қарсы тұра білді. Ешкімнің ойына келмеген және де бәріне бірдей жаға бермейтін, бірақ ӛміршең маңызы бар шешімдерді батыл қабылдап жатты. Елбасының ӛз кезінде: – Кейде адамдарды еркінен тыс қазір барғысы келмейтін, бірақ объективті түрде баруға тиіс жаққа жетелеуге тура келді, – деп айтқанын осы күндері еске ала отырып, яғни, билік үшін күрестегі батылдық пен билік басындағы батылдықтың екеуі екі басқа екендігін ӛз ісімен дәлелдей білгендігі еріксіз сүйсіндіреді. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа астананы тұрғызу бастамасы мен оны ақиқатқа айналдыруы Елбасының модернизациялық жобасының басты табысының символына айналды. Қазақстанның жаңа астанасы шын мәніндегі жаңа дәуірдің қаласы бола алды. 1994 жылы Н. Назарбаев астананы кӛшіру ойын алғаш рет алға тартқан кезде бұл жағдай қоғамда екі ұдай пікір туғызған болатын. Дүние тарихында ӛз тәуелсіз мемлекеттіліктерін қалыптастыру кезеңінде бір де бір мемлекет басшысы  мұндай түбегейлі батыл қадамға барған да емес.

Мемлекеттің, оның басшылығының қандай саясат жүргізуіне, қандай бағыт және жол таңдағанына  сәйкес саяси құрылым, саяси жүйе, саяси билік түрі орнайды. Аталған саяси жүйе мен билік түрі және елдің саяси бағыты жаңадан тәуелсіздік ал­ған елдердің таңдаған даму үрдісіне және сол елдің басшылығының жүргізген саясатына байланысты да қалыптасады. Сол сияқты тәуелсіздік алғанына жиырма бір жыл толған Қазақстанның да жаңа мемлекеттілікті қалыптастырудан бастап ӛзіндік мемлекеттік құрылыстағы, әлеуметтік-экономикалық дамудағы, елдің қоғамдық ӛмірінің кезең-кезеңімен демократияландыру бағытындағы қазақстандық жолы қалыптасты.

Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстанның ӛзіндік даму жолын таңдауы туралы бастамасы алғаш рет 1992 жылы мамыр айында «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясында» жария етілді. әуелсіз еліміздің бағытын айқындауда, оқиғаны болжап білуде, түпкі мақсатқа қол жеткізуге сенімді болуға мүмкіндік беретін Қазақстан қоғамы дамуының айқын және нақты стратегиясының қажеттігін баса кӛрсеткен Елбасы Н. Назарбаев аталған еңбегінде мемлекет алдында қойылып отырған нақты стратегиялық мақсаттарды белгілеп берді.

Мемлекет басшысы еліміздің саясат саласындағы басым бағыты жас егеменді мемлекеттің күшті президенттік республика құру бағытына тікелей байланысты болу қажеттілігіне назар аудартты.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамаларында (1995, 2000, 2005 жж. қабылданған) еліміздің сыртқы басымдықтары айқындалды. Қазақстан ӛзінің сыртқы саясатында үш мәселеге ерекше назар аударды: біріншіден, басқа елдермен, соның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Европа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланысты ӛркендету; екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс орнатып қана қоймай, сонымен қатар олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы ӛркениетті елдердің қатарына қосылу; үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды қолдануды болдырмау. Міне, осы бағытта 90-жылдардан бері еліміздің сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында кӛптеген шаралар іске асырылды.

 Қазақстан бірқатар жағдайларға байланысты әлемдік қауымдастықтың қызығушылығын тудырады: біріншіден, құрылықтағы геосаяси орналасу ерекшелігі; екіншіден, ұлттық бірігу, толерантты этносаралық диалогтың үлгісі жүзеге асқан ел; үшіншіден, бай минералды ресурстарға ие мемлекет, мұнай, газ, кӛмір қоры бойынша әлемдегі кӛшбасшы елдің бірі, ірі астық экспорттаушы.

 Ресей Федерациясы, ірі және тарихи шектескен мемлекет ретінде, іс жүзінде Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында басты басымдық болып табылады. Елбасының пікірінше, кӛршілес екі елдің арасында ортақ келісім мен ӛзара мүддемізді есепке ала отырып шешілмейтін мәселе жоқ. Ресеймен Қазақстанның арасындағы ынтымақтастықтың тереңдеп дамуына 1998 жылдың  6-сы шілдесінде Мәскеуде қол қойылған «Мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы» Декларацияның тарихи маңызы зор. Оның негізінде екі мемлекет арасындағы қаржылық ӛзара келіспеушіліктер және Байқоңыр ғарыш айлағын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді. 

2007 ж. стратегиялық жұмыс жоспарына сай ғарышты бірлесіп игеру, әскери-техникалық ынтымақтастық, отын-энергетикалық кешені саласында бірлескен жұмыстар жалғасын тапты. 2009 жылдан бастап Қазақстан, Белоруссия және Ресей арасындағы Бірыңғай экономикалық кеңістіктің қалыптасуының заңнамалық мәселелері жетілдіре бастады. Үш мемлекеттің Кеден одағы Еуразиялық экономикалық қауымдастықтан бастау алды. Жалпы, Қазақстан мен Ресей кең ауқымды әріптестік пен одақтастықты қарқынды дамыту жолымен келе жатыр. Екі мемлекет тандемі еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылық пен дамудың факторына айналды.       

 Қазақстанның Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасы байланыс та кӛп қырлы сипатқа ие. Орталық Азия бес мемлекетін біріктіретін фактор олардың ортақ тарихы мен мәдениеті болып табылады. 1994 ж. Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды. 1998 жылы Тәжікстан Респуликасы қосылып, сол жылы шілде айында «тӛрттік» Орталық Азия экономикалық қауымдастықты құруға келісті. Орталық Азия мемлекеттері интеграцияланудың кең әлеуетіне және біріктіруші табиғи байлықтар мен адам ресурстарына, үлкен тұтыну нарығына ие. Бұл факторлар экономикалық және саяси ӛзара қатынастың тереңдеуі мен жандануына мүмкіндік туғызады.  

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынас жемісті дамып келеді. Қазақстан – Қытай қатынастары нәтижесінде қол жеткізілген келісімдер жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестіктің ұзақ мерзімді  әрі тұрақты дамуын «Тату кӛршілік, достық пен ынтымақтастық туралы шарт» (2002 ж. 23 желтоқсан), Қауіптің алдын алу туралы келісім (2002), 2003-2008 жж. арналған «Ынтымақтастық бағдарламасы» (2003 ж. маусым), Трансшекаралық ӛзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (2005) жанжжақты қамтамасыз етуде. Қазақстан мен Қытай Шанхай ынтымақтастығы ұйымы (ШЫҰ) шеңберінде байланысын күшейтті. 2011 жылы Қазақстан мен Қытай ынтымақтастықтың жаңа сапалы кезеңі – жан-жақты стратегиялық әріптестікке ӛтті. 

Қазақстанның сыртқы саясатында Еуропалық Одақтың алатын орны ерекше. Елімізбен Еуроодақ ынтымақтастығының негізі 1995 ж. қол қойылған «Әріптестік және ынтымақтастық туралы» Келісіммен анықталады. Ал, Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынастың құқықтың негізі 1999 жылғы Әріптестік пен ынтымақтастық келісімі болып табылады. Осы кезеңнен бастап еліміз де, ЕО -да маңызды саяси, экономикалық және әлеуметтік ӛзгерістерді ӛткерді, тараптар осы ӛзгерістерді кӛрсететін жаңа базалық келісімге келісті. Қазақстан ЕО-ның сенімді әрі жауапты энергетикалық әріптесі болып қала бермек. 2011 ж. Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы сыртқы сауда айналымы 50 млрд. АҚШ долларын құрады.  1993 және 2011 жылдар аралығында ЕО елдерінен Қазақстан экономикасына салынған инвестицияның мӛлшері  65,7 млрд. АҚШ долларына жетті. Негізгі инвесторлар: Нидерланды, Ұлыбритания, Италия және Франция.       

 Егемен Қазақстанның кӛп бағытты сыртқы саясатының тағы бір үлгісі Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қарым-қатынас. 1991 ж. 25 желтоқсанда АҚШ еліміздің тәуелсіздігін мойындады. Ал, 1992 ж. қыркүйекте АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі ашылды. Екіжақты қарым-қатынастың әрі қарай кеңеюіне Президент Н. Назарбаевтың АҚШ-қа 1994 ж. ақпандағы ресми сапары ықпал етті. Екі мемлекет арасында «Демократиялық әріптестік туралы хартияға» қол қойды. Хартия әлемнің жетекші державасымен әріптестік қатынастың орнағандығын бекітті. Елдің табиғи байлықтарын игеру үдерісіне американдық компаниялар тартылды.Мысалы, «Шеврон» мұнай компаниясы Қазақстан нарығына бірінші болып енді. 

 

  1. Әдебиет: Негізгі:
  2. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік белестері. – Алматы, 2003.
  3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. – Астана, 2007.
  4. Назарбаев Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі. — Астана, 2002.
  5. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан — 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. А., 1997.
  6. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. – Алматы:Ӛнер,1996, 272б.
  7. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. – Астана,2007
  8. Назарбаев Н. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. – Астана, 2017 Қосымша:
  9. Шваб К. Тӛртінші индустриялық революция [монография] / К. Шваб; ауд.: Н. Б. Ақыш, Л. Ә.

Бимендиева, К. І. Матыжанов, 2018. — 198 б.

  1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999
  2. Тлеужанова М. К. Қазақстан тарихы. 3 т.: оқу-әдістемелік кешені / — Алматы : Эверо, 2016. — 320 бет. с.90экз,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *