Уақыт – алтын есіл,
Түлкі құйрық алдап.
Сен де мені кешір,
Кетсем көкке самғап.
Тұрлауы жоқ жалған,
Ұшып-қонған бақыт.
Қол бұлғаған арман,
Бұлтты кетті асып.
… Ақырзаман жасы,
Тоқтамайды сөзге!
Өсек болып досы,
Жалтақ болар сөзге!..
Кімге керек өкпем,
Тірліктің көп өрі.
Ғайып болып кетсем,
Іздемеңдер мені…
Ербол Бейілхан