Жамандық, жақсылық туралы мақал-мәтелдер

Жаман жамандығын нағашысынан көреді.


Жаман жығылса, жайрай жығылады.


Жақсы кемшілігін өз басынан көреді,
Жаман кемшілігін жолдасынан көреді.


Жаман батыр — еліне әлек.


Жақсыны көрмек үшін.


Жақсыны жатқа жіберме.


Жақсы жігіттің үйі — өріс,
Жаман жігіттің үйі — керіс.


Жамандарға олжа түссе,
Бөлісе алмай қолға түседі.


Жаманға сөз айтсаң,
Ақыл таппас жауап айтады.


Жаманға жүзіңді салма, сағың сынып,
Өгізді өрге салма, қарың талар.


Жаманға жалынба, жауына табынба.


Жаманға жақсылық етпе,
Жақсылық етсең, қайтар деп күтпе.


Жаманға жақсылық етпе,
Өзіңнің тиер басыңа.


Жаманға жақсылық қылса, білінбес
Жақсыға жамандық қылса, ұмытпас.


Жаманға ақыл үшін күлкі берер,
Жалқауға жұмыс үшін ұйқы берер.


Жаман үлесінен құр қалар.


Жаман өзі түйенің үстінде,
Келе жатып, жаяуға «бүк» дейді.


Жаман туған нағашысынан көреді,
Сөйлей білмеген атасынан көреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *