Жақсының жақсылығын айт тасысын,
Жаманның жамандығын айт — құты қашсын.
Жаман адам кетсе, дүние кеңіп қалғандай болады,
Жақсы адам кетсе, дүние кеміп қалғандай болады.
Жаманның берген асынан, жақсының берген кеңесі артық.
Жақсы жүрген жеріне кент салады,
Жаман жүрген жеріне өрт салады.
Жақсы аттан жығылса, жаман табылар.
Жақсылық қылсаң — өзіңе,
Жамандық қылсаң — өзіңе.
Жамандық аяқ астында.
Жаманның берген асынан,
Жақсының берген сөзі артық.
Жақсының сөзі жырмен тең.
Жаман өкпелеймін деп, сыбағасынан құр қалады.
Жақсының өзі өлгенмен, сөзі өлмейді.
Жақсылықтың ерте-кеші жоқ.
Жанбаса, отын жаман,
Жаға алмаса, қатын жаман.
Жаманды асқа тартсаң да, іске тартпа.
Жаманмен жанатта болғанша, жақсымен тозақта бол.
Жаманнан жарты қасық ас қалады.
Жапалақ құс мақтанса «жардан тышқан алдым» дер,
Жаман адам мақтанса «жақсыны жағасынан алдым» дер,
«Сол жерде бір теңесіп қалдым» дер.
Жақсыны бір нәрседен қысады.
Жақсының күнде бір үйі кеңиді,
Жаманның күнде бір үйі кемиді.
Жақсылық қылсаң — бүтін қыл,
Сый қылсаң — сыпыра қыл.
Жаман артық қылам деп, тыртық қылады.
Жаманға жатпайды.
Жаман өз сыбағасына құлдық үрады.
Жаманға ошақтың үш үш айлық жол.
Жаман өзі үйіне өзі қонақ.
Жаман адам асырасаң,
Аузы мұрныңды қан етер,
Жаман мал асырасаң,
Аузы мұрныңды май етер.
Жаман ырым етеді,
Ырымы қырын кетеді.