Кәрілік, қарттық, жас кезеңдері туралы мақал-мәтелдер

Үлкенді шақыр, асыңа келсін,
Кәріге күл, басыңа келсін.


Үлкеннің ауырлығы кішіге түседі.


Үлкенге құрмет — кішіге міндет.


Үлкенге жол бер,
Өзің де қартаясың.


Шал болғанмен, қария болмас,
Шалшық су жиналып, дария болмас.


Шалдың әні зармен тынады.


Шалдың көзі шалғыш.


Шалдың сөзі — бал.


Ілгері кеткен жасты,
Кері кеткен кәрі тоқтатады.


Ілгері басар жасты,
Кертартпа кәрі қайтарады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *