Сексен де сегіз байлық,
Сегіз жарлылық.
Сексен дегенше — жермен жексен де.
Сексен — жермен жексен.
Сақалға ақ түсті,
Көңілге дақ түсті.
Су ағар да, тас қалар,
Кәрі өтер де, жас қалар.
Қайрат кетсе: салың суға, малың қуға кетеді.
Түнде жүрген, күндіз қуанар,
Жасында үйленген, қартайғанда қуанар.
Тақиялы бас талайды көреді.
Түйе тайғақ келеді,
Табанынан мөр кетсе.
Кәрі тайғақ келеді,
Екі көзден нұр кетсе.
Төрінен көрі жуық.
Табақ асымен жарасты,
Кәрі жасымен жарасты.
Тек жүрсең — тоқ жүресің,
Домаланып көп жүресің.
Тісің барда бір ысқыр,
Мұрның барда бір пысқыр.
Ұлын ұяға, қызын қияға қондырды.
Ұят келсе, кәріге келеді,
Жастың несі кетеді?!
Ұйқы жастық талғамайды.
Үлкен бастар, кіші қостар.
Үйінде атасы бардың,
Берер батасы бар.