Үлкенді шақыр, асыңа келсін,
Кәріге күл, басыңа келсін.
Үлкеннің ауырлығы кішіге түседі.
Үлкенге құрмет — кішіге міндет.
Үлкенге жол бер,
Өзің де қартаясың.
Шал болғанмен, қария болмас,
Шалшық су жиналып, дария болмас.
Шалдың әні зармен тынады.
Шалдың көзі шалғыш.
Шалдың сөзі — бал.
Ілгері кеткен жасты,
Кері кеткен кәрі тоқтатады.
Ілгері басар жасты,
Кертартпа кәрі қайтарады.