СҰРАҒАН РАХМЕТ ӨЛЕҢДЕРІ

Құрлықтың самалды қырында
Күңгүрт нұр тасқа қонақтап.
Тірліктің табалдырығында
Бір мықты басқаға оқ атпақ.
Пендеуи терең теңізде
Түршігу басым келеді.
Жердегі көлеңкені үрлеп,
Күн сұлу қасын кереді.
Шулыққан сорпа — ғұмырмен
Мұңлықтың жасығын жемдеп.
Мың жұптың орталығында
Бір мықты асылып өлмек.
Еметін еменнің нəрін
Ербиген жапырақ сары.
Жеңетін кемелдің бəрін
Елімнің «ақымақтары»…
 
18.03.1993
 
 
 

СҰРАҒАН РАХМЕТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *