Арақ іштім, қара ұштым ар аттап,
Тарамыстың қара ұшығын сабақтап.
Жаздым жамап қаламұш пен жүректі
Қара суды жұтып жүріп қалақтап.
Қара ниет, мансұқ əлем адами
Қара желең жамылады қаралы үй.
Қара Дантес қара оғындай ышқынад,
Алъбертаның қобызынан қара күй.
Жаңа туған айдың жүзі ақ қара,
Тағатың да аман емес батқадан.
Таң атырдым табынғаным тағы түн
Қара түннің сілекейі қап-қара.
Қара сəуле, қара алау, қара іңір
Қара жанар, кара өмір, қара жыр.
Қара деген қағы темір сананың
Қара бастың қара шашы қара мұң.
Қасіреттің кара бауырын балақтап
Қара ажал қасында тұр жалақтап.
О,жаратқан қара құрттың ақырғы
Ақыреті ғана аппақ.
16.04.1992
СҰРАҒАН РАХМЕТ