Бұталардың кірпігінде ілулі тұр
Күміс жас,
Мұндай сəтте маңдай жазық,
дұрыс қас.
Бағалыңның бəрін алған, (зəрі қалған)
түнді ойлап,
Жанарыңның аясынан жат əлемге
мұң ұшпас.
* * *
«… Отаудың кілті аспанда
Орданың жұрты басқада…»
Д. Урианхай
Ширықпай жатыр жан əлі
Шықшыттың етін, талдырып,
Сөзінің асыл лəмі
Өзіңнен кетсе жаңғырық.
Сезінген болса сəл біреу
Көзіңнің жалқын шырағын.
(Қаперге жеткен зəрлі дем…)
Əкеңнің аузы кінəлі!
Бақытың – балық құйрығы
Балдырлы лай судағы.
Тағдырдың бұ да бұйрығы
Жақұттың бəрін жуды ағын.
Майда жал толқын уланып,
Майсалы тоғай шулады!
«Марқаның»етін турады
Маймыл мен иттің буданы.
Тірліктің мəнін «түсінген»
Жылтырақ жанды қастерлеп.
Жылы май акқан ішіңнен –
«Балақтың биті басқа өрлеп…»
Барқыннан басым, күшің кем,
Асқынған кеудең шарасыз…
Жалынсыз отқа пісірген
Дарынсыз елміз, панасыз.
Сабағын шықтан сақтаған
Залалдың бұлты шөкпеген.
Қабағын шытқан тасқа да
Даланың гүлі көктеген…
Өкірек өкпек қабады,
Өкініш толы өкпеден.
Жараның аузын жаладым
Жазылыңқырап кетпеген!
Қаймықпай жатыр қаралық
Айрықша мəн жоқ түйсікте
Ақ сүттен мəңгі нəр алып
Асыралған едік үйшікте…
Сандалып өттік қисықпен –
Сахара кезіп неге біз?
Сау басты қорғап келеміз
Сауырдан осқан бишіктен!
1993 жыл, 28-маусым.
* * *
Жадау бұлт жапсарынан
Ажарсыз ай терлейді, ағызып…
Ақ сары қан?
Қайтер…
Мейлі???
…Адымың аршын емес
алаштан құлашың кем.
Адалдың жан сыры елес
Арың бар күнə сіңген…
-?…
«Ақ қара рəсімдер»
Қиыннан тесіледі-ай
Биікте аласа мұң.
Бұйырған несібедей
Құйылған қара сағым.
-?…
«Сана – сабын»…
Кереңге тесік зерен, опынған
Соқырға нан.
Опырған омыртқаны, оу,
Тағдыр, осындама ең?
Сенделме сепелегім
Түнейді шекеде күн.
Делбені демегендей.
Кел мені..
Жетелегін…
Жадау бұлт жапсарынан
Ажарсыз ай терлейді, ағызып…
Ақ сары қан.-?…
20.08.1993 Өлгий
СҰРАҒАН РАХМЕТ