БАЛА САЛҒАН ƏН немесе əн салған бала /баллада/

Кіп-кішкентай баланың
Кеспіріне қарадым.
Кең етігі
Жемтір-жемтір балағы,
Таңсық Əлем саналы,
бұзылмаған ниеті
сызылмаған жаны əлі.
Сезінбеген өзін жейтін
тозақты
Жаңа, жаңа
Жаңа Діл.
Танауынан салбыраған
«боз атты»
Тіліменен жалады ұл.
Жер кіндігін жалғыз басып,
тұрғандай
Еркіндігі аламан.
Қызарақтап, қымқырылып
Ұрланбай,
«Еркін бе екен, есен бе екен, жан
анам..»
Ерен ұлдан жанарымды үзбедім,
Ғажап, ғажап оның бейжай кескіні.
Мұндай үннің, мұндай мұңның
тізбегін
қашан, қайда естідім?
Түн…Үміт… Сəтсіздік …
Маңқ-маңқ етіп,
майда үнімен жайлан
Көмейінде тау үреді
төбеттің…
Айдынына шомылады
Ай ғана
Көл дейтұғын Құдіретті
бөгеттің.
Бей пейіштей берекетті
түн бүгін
Күндегідей жылы Сай.
Лағыл көлге,
Лағыл көлге сүнгідім
Көзімізді арбап
Көлбей жүзген күміс Ай.
Судың беті ақ ұшық,
Күпірлікке жазбағайсың
бір Құдай.
Күлген көлдің езуіне
жабысып,
Толқындардың əжімінде
сырғыды Ай.
Табылмады мен іздеген
күміс Ай,
Лағыл көлге неге ғана
сүңгідім?
Тітіркенді жылы Сай.
Сəл қатылдау Түн бүгін
Мазақ етер жағалауда
Шалғын көл,
Бір ай көлде,
Бір ай көкте, Жетпеймін!
Құрсағыңа ай мен, мені
алғын деп,
Жусанына жалынамын
беткейдің.
 
28.10.1995
 
 
 

СҰРАҒАН РАХМЕТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *