ЖАЛҒЫЗДЫҚ

Уақытша мұңды ысырып
жүрген кезде
Сеніп ем:
Бір өткелім жақын деп.
Жүрек Перім жүр қысылып
Дір етпейді ақыл көп.
Құлын жаным осқырынар
Ұзамаймын желіден.
Шын ықылым
Пысқырады
Қандай құдай маған əкеп
теліген
Жыр «қартасы түскірді…»
Басталмаған басы шикі,
Еш белгісіз аяғы.
Алды бұлдыр,
Арты — тұздық,
Құбылыстың құбылысы
баяғы
Басымды жүр қарбыз ғып.
16.10.1995
Ертең болар күні бар
Тоңбас адам,
Бірақ, жер алыс жеткізбес
Жол қашаған.
Құйысқанда байланған
Құмақ – Жұлдыз.
Шырақ айды кідірткен
Оң босағам.
Оң босаға, тезектің қанарында Ай,
Жез ошақтың сипайды
балағын жай.
Ай, ай керемет мөлиген
Сағанақтан,
Ас дəметкен күшіктің
жанарындай.
Жер шарана жып-жылы
Мұйықтағы,
Жаңа ғана тыныстап
ұйықтады.
Ат тұмсығын қытықтап
оятады-ау,
Ақ байғыздың шырқаған
сүйікті əні.
Қора бейбіт, қой аман, қасқыр игі
Шық дымдаса жайлауда,
Тас жібіиді.
Қашан қымтар екенбіз
Біз осындай,
Масаң жерге тігілген
Хас жылы үйді.
16.10.1995
 
Римдіктер даладан ажырап, қалаға келгеннен кейін
еркін құлдырауға жетті…
Əлемдегі бір шимайды көзімізбен
Кермелеп,
Өзімізден жаңалықтар
Жазуға,
Сөз түбірін термелеп,
Ой қыстырдық азуға.
Жалған жүрек,
Ертегі
Өмір мəнін еркелетіп
санаға
Тілін аңдып кері айланбас
сағаттың
кезіп кеттік далаға.
Барлық болмыс əділетке
еретінін ұға алмай
Денелерді неге кері
тартамыз?
Жарлық жүгін
өрге тартып шыға алмай
Қызыл ала жауыр болды
арқамыз.
Басқа келер жақсылықтың
өзімізден кеткенін
Лаңы деп түсінеміз
Алланың.
Несіп етіп ұлы үлестің
жеткенін
Медет тұттық қалғанын.
 
Ұлық малдың басын мүжіп,
табанын
Ұяң бетке жапсырар:
кімдерміз біз
Баба — Ғұн.
Кімдерміз біз тақсыр Ар?
16.10.1995
 
 
 

СҰРАҒАН РАХМЕТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *