Тоқтап қалу себептерінің классификациясы
Электр жабдықтарының бұзылу себептері мен заңдылықтары жайлы жалпы мағлұмат алу үшін олардың әрбір тетігінің сенімділігіне талдау жасау керек.
Мысалы, асинхронды қозғалтқыш орамаларының бұзылу себептерін анықтап көрейік. Қозғалтқыш орамасының қосылуы дұрыс және беріктігі (механикалық, жылулық, электрлік) қажетті деңгейде болған кезде өзінің жұмыс қабілетін сақтайды. Ал осы параметрлердің біреуінің нашарлау орамы жұмыс қабілетінен айырады, яғни ол бұзылған болып саналады. Асинхронды қозғалтқыштың орамасы жобалағанда оқшауламасының класын негізсіз төмен қабылдау салдарынан, ораманы жасап қосылуы кезде бүліну салдарынан, эксплуатация кезінде жоғары кернеуге қосу салдарынан бұзылуы ықтимал. Осы айтылған факторлардың бәрі субъективті факторлар.
Сонымен қатар, қозғалтқыш орамасына эксплуатация кезінде көптеген нақтылы факторлар да әсер етеді. Олардың қатарына ылғал, шаң-тозаң, діріл т.б. жатады. Ораманың ескіруі мен тозуының салдарынан болатын бұзылудың себептері ішкі нақтылы факторлар деп, ал қалғандарын сыртқы нақтылы факторлар деп атайды.
Сөйтіп, электр жабдығының бұзылу себептерін субъективті және нақтылы деп екі топқа бөлуге болады. Субъективтік факторларды құрылымдық, өндірістік және эксплуатациялық деп үш топқа бөлуге болады. Ал нақты факторлар ішкі және сыртқы әсер ететін деп екі топқа бөлінеді.
Құрылымдық бұзылу – электр жабдығын жобалаған кездегі жіберілген қателіктердің салдарынан, яғни беріктік сапасының төмен қабылдануынан, мемлекеттік стандарттардың талаптарын орындамаудан, электр сұлбасы мен құрылым тетіктерін тиянақты ойланбағандықтан болуы ықтимал.
Өндірістік бұзылу – электр жабдығын өндіру технологиясын сақтамағандықтан, материалдардың сапасының төмендігінен, кешенді бақылаудың нашарлықынан болуы ықтимал.
Эксплуатациялық бұзылу – электр жабдығын эксплуатациялау талабының орындалуындағы ауытқуға жол берілгендіктен, қызмет көрсету мен күтімінің талапға сай еместігінен, электр-техникалық мамандардың кәсіби шеберлігінің төмендігінен, электр жабдығының табиғи ескіруі салдарынан болуы ықтимал.
Құрылымдық және өндірістік себептердің салдарынан электр жабдығының бұзылуы, көбінесе, электр жабдығын сынау кезінде немесе эксплуатация процесінің алғашқы кездерінде байқалады. Ал, эксплуатациялық себептер салдарынан бұзылу эксплуатацияның кез-келген сәтінде байқалуы ықтимал. Төмендегі 1.8 — суретте бұзылу себепттерінің топтамасы келтірілген.
Сурет-2.1. Электр жабдықтарының бұзылу себептері
Электр жабдығының сенімділігіне көрсетілген себептердің барлығының әсері бірдей емес. Электр жабдығының бұзылу себептері, оның түріне, эксплуатациялау жағдайына байланысты. Мысалы, асинхронды қозғалтқышлар негізінен нақтылы себептердің салдарынан бұзылады.
Нақты электр жетектердің бұзылу себептері келтірілген орташа деректерден басқаша болуы да мүмкін.
Бұзылу кенеттен немесе біртіндеп бұзылу болып екі топқа бөлінеді.
Кенеттен бұзылу – электр жабдығыныңішкі кемістіктерінің салдарынан сапасының күрт төмендеуі, пайдалану режиміндегі ауытқу немесе қызметкерлердің жіберген қатесі салдарынан пайда болады. Электр жабдығы кенеттен бұзыларда, оның эксплуатациялық қасиеттерінің күрт өзгеруін, электрлік немесе механикалық артық жүктелуін сезу өте қиын.
Біртіндеп бұзылу – электр жабдығы тетіктерінің немесе басқа сұлба элементтерінің эксплуатациялық қасиеттерінің біртіндеп төмендеуі, яғни тозуы мен ескірудің салдарынан болады. Диагностикалық аспаптардың көмегімен мұндай бұзылудың қай сәтте болатынын болжауға болады, яғни электр жабдығының сенімділігін жақсарту үшін қажетті шара қолдануға мүмкіншілік бар.
Кенеттен және біртіндеп бұзылу қарқыны, яғни жалпы бұзылу қарқыны, электр жабдығын эксплуатациялау мерзімінің ұзақтығына байланысты өзгереді (1.9-сурет).
Сурет-2.2. Кенеттен (а), біртіндеп (б), жалпы (в) бұзылудың өзгеруі
0-t_1 аралығы бейімделу кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде негізінен құрылымдығ және өндірістік себептердің салдарынан кенеттен бұзылу орын алған. Біртіндеп бұзылу сирек кездеседі. Кемістігі бар немесе сапасыз жасалған тетіктерді ауыстыру нәтижесінде, бұзылу қарқыны кезеңнің соңына қарай күрт азаяды (1.9, а — сурет).
t_1-t_2 аралығы эксплуатация кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде құрылымдығ және өндірістік себептердің салдарынан кенеттен бұзылу азая бергенмен (1.9, а — сурет), біртіндеп бұзылу орын ала бастайды (1.9, б — сурет). Жалпы барлық бұзылу қарқыны бұл кезеңде аз және бір деңгейде болады (1.9, в — сурет). Бұл кезең ұзақтығы жөнінен бірінші кезеңнен он шақты есе көп созылады. Бұл кезеңде техниканың сенімділік көрсеткіштері негізінен экспоненциалдық заңдылықпен сипатталады.
t_2-t_3 аралығы тозу кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде, негізінен, тозып ескіру салдарынан біртіндеп бұзылу көп кездеседі. Жалпы бұзылу қарқыны күрт көбейе бастайды. Бұл кезеңде сенімділік көрсеткіштері негізінен нормал шоғырлану заңдылығымен сипатталады.
Келтірілген бұзылу заңдылықтарына сүйеніп электр жабдықтарын тиімді эксплуатациялауды ұйымдастыру үшін, келесі шараларды жүзеге асыру қажет. Бейімделу кезеңінде электр жабдығының әр тетігін мұқият тексеріп, жұмыс режимінде ауытқуға жол бермеу қажет. Эксплуатациялау кезеңінде, техникалық қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеу жұмыстарын мезгілінде, толық көлемде жүргізіп тұру керек. Электр жабдығын эксплуатациялау тиімділігін күрт төмендетіп алмау үшін, дер кезінде, яғни үшінші кезеңнің бас кезінде күрделі жөндеуге жіберу қажет.