1. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының жұмысын үйлестiрудi уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының жұмысын үйлестiру:
төтенше жағдайларды жою үшiн қажеттi күштер мен құралдарды жедел тарту;
халық пен аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы, сондай-ақ құтқарушылар мен олардың отбасы мүшелерiн әлеуметтiк қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын жетiлдiру жөнiнде мемлекеттiк органдарға келiсiлген ұсыныстар жасау;
авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары жұмысының нормативтiк құқықтық базасын бiр iзге түсiру;
авариялық-құтқару құралдарын өндiру саласында және авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мәселелерiнде бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзу;
авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары және басқа күштер, соның iшiнде тиiстi аумақтарда құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу үшiн бөлiнген әскери бөлiмдер мен бөлiмшелер арасындағы өзара iс-қимылды пысықтау;
құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге қатысатын авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының құтқарушыларын, лауазымды адамдарын даярлау мәселелерiн шешу мақсатында жүзеге асырылады.
3. (алынып тасталды — Қазақстан Республикасының 2008.12.04 № 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен).
Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді — Қазақстан Республикасының 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.01.10 № 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2008.12.04 № 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.