14-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының орнын ауыстыру, оларды қайта бейiмдеу, тарату

      1. Мiндеттi түрде құрылуы қажеттiгi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын басқа жерге ауыстыруға, оларды құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстардың басқа түрiне қайта бейiмдеуге немесе таратуға олар қызмет көрсететiн ұйымдардың жұмыс iстеуiнiң тоқтатылуы немесе аталған қызметтер мен құрамалар алдын алу және жою үшiн құрылған төтенше жағдайлардың пайда болу қаупiнiң жойылуы негiз болып табылады.

      2. Мiндеттi түрде құрылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларының орындарын ауыстыру, оларды қайта бейiмдеу немесе тарату туралы шешiмдердi:

      1) республикалық және аумақтық кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларына қатысты — уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi;

      2) (алынып тасталды — Қазақстан Республикасының 2008.12.04 № 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен);

      3) объектiлiк кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларына қатысты — уәкілетті органның келiсiмi бойынша ұйымдардың басшылығы қабылдайды.

      3. Ұйымдар әкiмшiлiктерiнiң шешiмi бойынша құрылған ерiктi авариялық-құтқару құрамаларын тарату туралы шешiмдер қабылданған кезде, олар уәкілетті органға хабарлайды.

      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді — Қазақстан Республикасының 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2008.12.04 № 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *