12-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын аттестаттау

      1. Барлық авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртіппен аттестатталуға тиiс.

      2. Аттестаттаудан өткен авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларына — тиісті аттестаттау комиссияларының шешімі негізінде авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрлерін жүргізу құқығына белгіленген үлгідегі куәлік, ал құтқарушыларға құтқарушының куәлігі беріледі.

      3. Егер аталған ұйымдар құрған немесе оларға шарттар бойынша қызмет көрсететiн объектiлiк кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының дайындығы және жай-күйi авариялық-құтқару қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарға сай келмеген жағдайда, ондай ұйымдардың қызметi толық немесе iшiнара тоқтатыла тұрады. Аталған ұйымдардың қызметiн тоқтата тұру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді — Қазақстан Республикасының 2000.06.23 № 55, 2007.01.12 № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *