КВАНТТЫҚ САҒАТ, атомдық сағат – негізгі бөлігі жиіліктің кванттық стандарты болатын, уақытты дәл өлшеуге арналған құрылғы. Бұл сағаттың жүрісін атомдардың немесе молекулалардың кванттық бір энергетикалық күйден өзге күйге ауысулары кезінде шығаратын (тарататын) жиілігі реттейді.
Кванттық сағаттың дәлдігі кварцты генератордың жиілігі репер (белгі) арқылы бақыланады; ауық-ауық түзетулер енгізіледі, осының нәтижесінде кварцтік сағаттардың жүрісінің дәлдігі бірнеше мың жылда 1 секундқа ғана жаңылатын (яғни қателік жіберілетін) болған.
Алғашқы кванттық сағат 1957 жылы АҚШ-та жасалған. Ол сағатта аммиак молекулаларының шоғына негізделген кванттық генератор (молекулалық генератор) репер ретінде пайдаланылған. Қазіргі кездегі кванттық сағаттарда кейде цезийлі, рубидийлік репер пайдаланылған. Рубидийлік реперлі және оптикалық толтырулы кванттық сағаттар көп таралған. Бұл сағаттар 1 жылда салыстырмалы түрде ~10–11 қателік жібереді.